Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы топ» атты математикалық сайыс Сыныбы: 5 «а» Мақсатымыз



бет1/3
Дата24.01.2023
өлшемі53.67 Kb.
#181883
  1   2   3
Байланысты:
матем сайыс


Бекітемін» Д.Байрахтарова

Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы топ» атты математикалық сайыс
Сыныбы: 5 «а»
Мақсатымыз:
Математика пәніне қызығушылығымызды арттыра отырып, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрену.
Ойлау қабілетімізді, математикалық сөздік қорымызды дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерімізді жетілдіру.
Көрнекілігі: интертақта, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Математикалық сайыстың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Ұшқыр ойлы топ» атты 5 cыныптар арасында өткізілгелі отырған математикалық сайысымызға қош келдіңіздер! 
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен 5- сынып оқушыларының арасындағы ұшқыр ойлыларынан құралған 3 топты ортаға шақырып, құрмет — қошемет көрсетіп қояйық.
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді — дей келе, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын таныстыра кетейік. 
1-кезең. «Таныстыру»
2-кезең. «Қас қағым сәт» (Бұл кезеңде топ басшылары қатысады)
3-кезең. «Жорға» —Математикалық жұмбақтар шешу.
4-кезең. «Математика және.»
5-кезең. «Көкпар»
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар-деген. Ал қазір әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерімен таныстырып өтсін.
І-кезең. Таныстыру . әр топ эмблемасын топ атын,ұранын таныстырады
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, Сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет