Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Орындаған



жүктеу 321.83 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі321.83 Kb.

Бәйдібек ауданы «Бөген»

жалпы орта мектебі

Бүкіләлемдік Жер-Ана күні

1сәуір –Құстар күні

7-cынып
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Орындаған: Биология пәнінің мұғалімі

Қарлығаш Ділдабаева

Мыңбұлақ ауылы 2013жыл

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Құстарды қорғау.
Әдістемесі:
Табиғат қорғау-мемлекеттік маңызы зор іс.Сондықтан мектеп оқушылардың табиғатты сүйіп,оны қорғай білуге тәрбиелеуісіне баса назар аудару керек.Ал табиғатты қорғау жұмысының бір маңызды түрі- «Құстар күнін »өткізу.

«Құстар күніне» байланысты мынадай жұмыстар жүргізіледі.

1.Көрме ұйымдастырып, оған ауыл шаруашылығының зиянкес құстары мен олардың зиянын көрсететін экспонаттарды, түрлі құстардың тұлыптарын ілу.

2.Ауыл шаруашылығына пайдалы құстар олардың пайдасы туралы плакаттар.

3. Құстар туралы кітап көрмесін ұйымдастыру.

4.Көктем көріністерін бейнелейтін суреттер, маскалар.

5.Ұшып бара жатқан құстардың суреттерін ілу.

6. «Қош келдңіздер, қанатты достар» деген ұранды маңдайшаға жазып ілу.

7.Барлық сыныптарда оқушыларға құстардың пайдасы оларады қорғау, үйір ету туралы әңгіме өткізу.

8. «Құс күні» мерекесіне қабырға газетін шығару.


«Құстар біздің досымыз» арнап кеш өткізіледі.

Кештің жоспары:

1. Баяндама «Құстар біздің досымыз»

2. «Пайдалы құстар» деген тақырыпта музыкалы монтаж

3. Викторина және құстар туралы қызықты жұмбақ, сұрақтар.

4. Құстар туралы кинофильмдер көрсету.

5. Соңынан концерт беру.

Кеш бастаушының сөзімен ашылады.



Бастаушы:

Құрметті достар біздің қанатты достарымыз-Құстар егістіктерді, бау бақшаны, орман-тоғайларды,орман алқаптарын зиянкес жәндіктерден қорғайды. Көптеген жыртқыш құстар қауіпті індет ауруларын тарататын тышқандарды және басқа кемірушілерді құртады. Құстардың ішінде адамның досы көп. Сондықтан да құстардың әсем сазды үні, көркем сұлулығы адам баласының назарын ертеден- ақ аударып келеді. Тіпті атадан балаға мұра болып келе жатқан халық творчествосында небір жақсыларды құстарға теңеу орын алады. Атап айтсақ, халық өз ортасынан шыққын саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, адамның жан дүниесін тебірентетін әсем әнші қыздарын бұлбұлға, ел қорғаны болған батырын қыран бүркітке, елден асқан сулуын кербез аққуға теңеді. Сондай-ақ адам баласы кейбір құстарды азық ретінде пайдаланса, аң аулау кәсібінде бүріт пен қаршыға салуды машыққа айналдырды. Халық астына мінген жүйрігіне қанат бітіріп,ұшырып қиялдаса, ал ғалымдар құстардың ұшу тәсілдерін зерттеп, бұл күнде темір қанатты құс самолеттің талай түрлерін жасады.

Құрметті достар! Осы салтанатты күнді біз де өтізгелі отырмыз. Сондықтан сіздерді мектебіміздің жас натуралистері атынан «Құс күні»

Мерекесімен шын жүретен құттықтаймын. Құс күніне арналған бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын (Осы кезде сахнаның екі шетінен жас натуралистер шығып бастаушыны қоршай тұрады)



Бастаушы: Достар, мұндай күнді осы кезде барлық оқушылар атап өтуде. Биылғы «Құс күні» мерекесіне мектебіміздің жас натуралитері де көптеген дайындықпен келді.

1-оқушы:

Біз үйірменің құстар дүниесіне арналған кезекті қабырға газетін шығардық.



2-оқушы:

Құстардың пайдасы мен зияны туралы көрме ұйымдастырдық.



3-оқушы:

Қолдан әр түрлі ұялар жасадық



4-оқушы:

Құстар ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында ең сенімді көмекшіміз.

Барлығы бір дауыспен:

Құстар біздің досымыз,

Шырқап әнге қосамыз.

Құстар біздің досымыз

Көктем сайын тосамыз.
(«Сайра, бұлбұл» әнін хормен орындайды) ол бітісімен 1-оқушы шығады.
1- оқушы:

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар,

Ауылымды арала.

Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді.

Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел,балалар, әнменен

Қарсы алайық көктемді

(«Көктем әні хормен орындалады)



2-оқушы:

Көктем келді,құс келді

Ойнаймыз біз саз илеп

Біздің көлге түстенді

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Көк көйлегін киді жер

Шешіп ақ қар ішігін

Еміріне сүйді жел

Жас теректің бүршігін.

Алақай-ау балалар

Қангдай жақсы көктемгі ай.

Гүлге оранды далалар

Келді ауылға көп торғай.

3-оқушы:

Аппақ керуен тәрізді

Торғын көкте жоғары

Келеді, міне, жыл құсы

Көктемнің тұңғыш қонағы

Құс кербезі аққу, қаз

Қоныс ет көлдің алабын

Табиғат бізге бағынып

Жадырап жазды қабағын

Аппақ еруен тарізді

Торғын көкте жоғары

Қиқулайды жыл құсы

Көктемнің тұңғыш қонағы.

4-оқушы:

Қар су болып жөнелді

Қалды дала жалаңаш.

Қүн нұрына кенелді

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары

Бау-бақшадаән салды.

Оларды жас достары

Ұя салып қарсы алды.

(Құстардың 3-4 ұясы көтеріледі)



5-оқушы:

Күн нұрын төкті енді

Сүңгілер түсті еріп.

Жырлады көктемді

Тоғайға құс келіп.

(«Ақ көгершін» әні хормен орындалады)


Енді түрлі құстардың маскаларын киген оқушылар құс болып сөйлейді.

Қара торғай:

Құр-құр


Екі жүздей шегіртке

Жейтін асым күндегі.

Бұл сезімнен тек үрікпе

Ал ұшқанда тобымыз

Бір тоннасы құртамыз,

Елге пайда онымыз

Құлпырады қырқамыз

Қарлығаш:

Адам жейтін барлық ас

Таза болу керек қой.

Ал шыбындар таң атып,

Күн батса да тынбайды.

Түрлі ауруды таратып

Тағамдарды былғайды.

Сол үшін де мен өзім

Сақ болуды құптаймын.

Қарастырып ел жайын

Үй маңынан шықпаймын.

Наныңыздар мұныма

Айтсам егер шынымды.

Бір миллион жылына

Жеймін шіркей шыбынды

Теңбіл торғай:

Шыбынның жауы екенімді

Тұр ғой атым- ақ әйгілеп

Біледі алыс жақында

Қаруыма сай білек.

Шыбын десе шырылдап

Таба ма жан тыным.

Күніне ұстап, қырып

Мен де жеймін алты мың.

Боз торғай:

Ерте көктемде наурыздың бас кезінде

Бозторғайлар келе бастаймыз

Арам шөптердің тұқымдары мен

зиянды жәндіктерді қорек етіп.

Көп пайда келтіреді



Қаратамақ:

Мені көлдер мен өзендердің жағалауларынан кездестіруге болады.Мендей көркем құсты басқа құстардан ажырату оңай-ақ.мен жүгіргенде құйрығым селтеңдейді.Жәндіктерді олардың жұлдызқұрттарын қырып көп пайда келтіремін.



Құстар:

Уа ,достар!Үлкен –кіші бәріміз

Қосылыпты, міне басымыз

Ойласайық осы тойда

Шыбын-шіркейдің қаншасын құртамыз.

Адам жауы-құрт, шыбын-шірей

Ежелден біздің асымыз.

Олай болса осы отырған бәріміз

Табиғат сақшысы, адамзат досымыз.

Келіңдер, тамаша етісіп

Ішіп-жеп тояйық,

Шыбын-шіркей болмасын

Аямай оларды жояйық.
1-оқушы:

«Бозторғай» әнін жеке орындайды.



2-оқушы:

Көктем шығысымен табиғатқа сән беріп құйқылжыта ән салатын құстарымыз да бар



(«Бұлбұл»әні хормен орындалады)
4-оқушы:

Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап

Біз де оларды қорғаймыз

5-оқушы:

Құс ұясын бұзу және құстарды ату өте ұнамсыз қылық, ондай әдеттен аулақ болыңдар!



(«Құстар» әні хормен орындалады)
Кештің келесі бөлімінде викториналық сұрақтар және қызықты жұмбақтар беріледі.

1Қандай құстар қар астында түнейді?(құр,шіл)

2Қылқан жапырақты орманда жүретін ең кішкене құсты ата?(шырша торғай)

3Дүниежүзіндегі ең ірі құсты ата?(африка түйе құсы)

4Ең шапшаң ұшатын қай құс? (қарлығаш сағ170 км)

Т.б.


Бастаушы:

Қорыта келгенде құстарды аялайық ,достар!


Бәйдібек ауданы «Бөген»

жалпы орта мектебі

Бүкіләлемдік Жер-Ана күні



Тақырыбы: Жануарларды қорғау.

Орындаған: «Бөген» жалпы орта мектебінің мұғалімі

Қарлығаш Ділдабаева




Мыңбұлақ ауылы 2013жыл

Тақырыбы: Жануарларды қорғау

Мақсаты: Жан-жануарларды қорғау, қамқорлық жасау.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің әдіс- тәсілдері: Көркем сөз, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.

Көрнекіліктер: Тордағы қасқыр, аю, түлкі, жұмсақ ойыншық, жолбарыс, арыстан, ертегідегі магнитті жабайы аңдар суреті, хайуанаттар бағының безендірілуі, бетперделер.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің типі: Саяхаттау, жаңа білімді беру.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика, ән - әуез.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: Ертегілер айту, жұмбақтар жасыру, аңдар туралы тақпақтар жаттату.



Сөздік жұмыс: Хайуанаттар бағы, тік құлақ, қауіпті, жыртқыш.

Сөздік қор: Овчарка, түлкі тымақ, үлпілдек, икемсіз.

- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.

- Балалар, мына өлеңді тыңдайықшы

Табиғатты қолдай біл

Аң құсын да қорғай жүр

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз

Табиғат бөлек демеңіз

Сол үшін жауап береміз.

Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен?

- Табиғат туралы

- Қане барлығымыз қайтадан қайталап жіберейікші.

Балалар, табиғат дегеніміз не екен?

Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Олай болса бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс - әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.

Нелермен танысамыз?

- Жабайы аңдар қайда болады?

- Орманда

- Балалар, адамдар жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен. Сол хайуанаттар бағына барғыларың келе ме?

- Иә

- Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен?



Ол- үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз оның барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде естіп жүрген, теледидардан көріп жүрген жабайы аңдарды ғана көріп тамашалаймыз. Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады?

- Оларды неге торларда ұстайды?

Өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар.

Қандай аңдар екен?

- Жыртқыш аңдар

(Хайуанаттар бағындағы балалардың қауіпсіздігін айтып ескерту.)

Қане, балалар, хайуанаттар бағына баруға жиналайық.

Балалар, қайда бара жатырмыз?

- Хайуанаттар бағына

- Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?

- Қасқыр

(Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады)

- Балалар, қасқыр неге ұқсайды?

- Итке


- Тамаша!

Тік құлақ, қара ауыз овчарка итіне ұқсас екен.

Қандай итке ұқсайды екен?

- Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар?

- үшбұрыш

- Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң.

- Ал аяқтары ұзын болады екен?

Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.

Ал мынау қандай аң екен?

- аю


- Түсі қандай екен?

- Сұр


- Бұл қоңыр аю деп аталады.

Қасқырға қарағанда аю үлкен бе кіші ме?

- Үлкен

- Аю икемсіз жыртқыш аң.



- Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.

Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі?!

Бұл қандай аң екен?

- Түлкі


- Түлкінің түсі қандай?

- Қызыл


Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба қысқа ма?

- Ұзын және сүйріктеу(қайталау)

Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.

Ал мынау қандай аң екен?

- Жолбарыс

- Жолбарыс неге ұқсайды екен?

- Мысыққа

- Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Түсі қандай екен?

- Сұры және қара жолақтары бар. Ал жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?

- Ұзын


- Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді.

Ал енді, балалар, мынау қандай аң екен?

- Арыстан

- Арыстан неге ұқсас?

- Мысыққа

- Бұл да мысық тұқымдас, ең ірі әрі күшті жыртқыш аң.

Арыстанның басы денесіне қарағанда қандай екен?

- Үлкен


- Арыстанды ертегілерде, аңыздарда не деп атайды?

- Аң патшасы

«Аң патшасы» ол - аңдардың үлкені, мықтысы дегенді білдіреді. Ол да жан - жануардың етімен қоректенеді.

Ал ,балалар, осы торда тұрған кезде бұл аңдар немен қоректенеді?

Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдарында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады.

(Балалар топқа келеді)

Балалар сендер қайда бардыңдар?

- Хайуанаттар бағына

- Онда қандай аңдарды көрдіңдер?
Жұмбақ жасыру:

Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу.

(Ертегілердегі түлкі суретін тауып, тақтаға іледі)

Балалар түлкі туралы не білесіңдер?

- Түлкіні қандай ертегілерде кездестірдіңдер?

- Түлкі жайында қандай тақпақ білеміз?

Келесі жұмбақ:

Сұр түсті

Ақсиған көп тісті.


Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады.


Тарғыл түсті

Ерен күшті.


Қанжардай тісі бар

Суық үрейлі түсі бар.

(Балалар жұмбақты шешіп, суретін тақтаға іледі)

Өте тамаша!

Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бірақ бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар.

Қандай аңдар екен?

- бірақ жыртқыш аңдар екен деп бұларды көп аулауға болмайды, азайып кетеді.

Ойын:


«Әуеніне сәйкес қимылын тап»

Ойын шарты: аю, түлкі, қасқыр, бетперделерін киген балалар әрқайсысы өздерінің әуендеріне сәйкес қимылын салады.

Қорытындылау :

Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс- әрекеті болды?

- Айналамен таныстыру

- Біз қайда болдық?

- Хайуанаттар бағында

- Онда нелермен таныстық?

- Жабайы аңдармен

- Сендерге оқу іс- әрекеті ұнады ма?

- Иә

- Балалар, сендерге көп - көп рахмет!



Күтілетін нәтиже:

Білуі : Аңдарды бір - бірінен ажырата білу.

Меңгеруі: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгерту.

Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс- әрекет жасай алу

Бәйдібек ауданы «Бөген»

жалпы орта мектебі

Бүкіләлемдік Жер-Ана күні

1сәуір –Құстар күні



Тақырыбы: Бұлақ корсең көзін аш.

Орындаған: «Бөген» жалпы орта мектебінің мұғалімі

Қарлығаш Ділдабаева




Мыңбұлақ ауылы 2013ж

Тақырыбы: Бұлақ көрсең көзін аш

Сабақты мақсаты: Өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың өмірінде судың атқаратын рөлі туралы білімдерін кеңейту, қалыптастыру. Судың қасиеттерін меңгерту. Суды тиімді пайдалану үнемдеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

жеке тұлғаның бейімі биік, дағды жүйесімен қаруландыру;

оқушылардың салыстыру қабілетін және жобалау, қорғау, іздену ерекшеліктерін қалыптастыру;

Дамытушылық:

Танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, қиял қабылдауын дамыту. Судың қасиетіне тәжірибе жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы жеке тұлғаның танымын молайту;



Тәрбиелік :

Ғылыми дүниетанымын, тұлғалық адамгершілік қасиеттерін, сенімін қалыптастыру. Табиғатты, суды қорғауға баулу. Экологиялық білімін кеңейту;



Проблемалық сұрақ :

а) Судың да сұрауы бар дегенді қалай түсінесің?

ә) Су – тіршілік көзі деген не?

б) Судың ластану себептері неден?

в) Су өмірлік қажеттілік деп білсек, оны қалай қорғаймыз?

Сабақтың типі: білімін тереңдету, оза оқыту.

Сабақтың түрі: білімділік жоба қорғау

Оқыту формалары:

жалпы шығармашылық

эксперименттік жұмыстар

топтық жұмыс

жеке жұмыстар

Көрнекілік :

Тәжірибелік, зертханалық жұмыстар жабдықтары

тірек сызбалар

Әдістер:


миға шабуыл

эвристикалық әңгіме

эмпатия

болжау


салыстыру

ізденіс


білімділік жоба қорғау
Сабақтың өту жоспары:

Сабақтың кезеңдері Уақыты

1) Ұйымдастыру сәті. Тақырыпқа ену 2 мин

2) Білімділік «қиналыс» тудыру. Оқытылатын объектіге байланысты белгілі шешімі жоқ проблема құрастыру.

3) Білімділік объектіні құбылыс, ұғым ретінде белгілеу. Қажеттік білімділік орта құру, оны кеңейту 3 мин

4) Оқу тапсырмасын әр оқушы жағдаятты өзі шешетіндей формада құрастыру.

Топпен жұмыс

І топ. «Ізденушілер». Су туралы өлең шумақтарын мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастырады, кейбірі іздеп табады.

ІІ топ. «Зерттеушілер». Судың маңызы, ластану себептері, оны үнемдеу, қорғау т.б. жөнінде зерттеу жобаларын ұсынады.

ІІІ топ. «Тәжірибе жасаушылар». Судың физикалық қасиеттеріне зертханалық жұмыстарын көрсетеді.

Жалпы нақтылау, түйіндеу. 15минут

5) Жағдаятты шешу.

Оқушыларды білімділік өнім шығару процесінде мұғалімнің қадағалау, ілесу қатысында болуы.

Өнімді басқа оқушылар түсіне алатындай деңгейге жеткізуге көмектесу.

Оқушылардың қызметі. 5 минут

6) Білімділік өнім шеруі, көрсетілімі. Судың ластану себептері неден? Су тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің? Суды қалай қорғаймыз?

Топпен жұмыс

Мұғалім хабарламасы

Эвристикалық тапсырмалар

а) судың түсі неге мөлдір?

ә) лай сулар қайда кездеседі?

б) ақ жаңбыр деген не? 5 минут

7) Танымдық тапсырмаларды орындау. Ойтолғаулар, пікірталастар. Өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар көрсетілімі. Өткенді қорытындылай отырып, жаңа міндеттер алу. 5 минут

8) Танымдық тапсырмаларды шешу.

а) су неге түссіз?

ә) қар неге ақ?

б) кезбе мұздар. Олар қайдан келеді?

9) Эксперименттік жұмыс.

а) «Егер де» су әлемде жойылып кетсе табиғатта не болар еді?

ә) Үшбұрышты, төртбұрышты жаңбыр бола ма?

Зерттеу жұмыстарын мұғалім көмегімен ұжым болып талдау. 5 мин

10) Эвристикалық рефлексия. Эмпатия әдісі. Сен өзіңді өзен болып сезін. Сен- сусың.

сабақты бекіту

өткенді қорытындылау. Не білдім? Не ұнады? Не қызықтырды? 3 минут

11)Үйге тапсырма.

а) эссе жазу «Мен суды қорғауға атсалысамын»

ә) «Арал қасіреті» мәнжазба

б) тақырыптарға байланысты суреттер салу. 2 мин


Сабақтың картасы:

Кезеңнің атауы Уақыт (мин) Жеке қасиеттері мен психологиялық процесстердің дамуы

Қызметтің репродуктивті деңгейі Қызметтің эвристикалық деңгейі

1) Ұйымдастыру сәті. Тақырыпқа ену 2 мин Зейін

2) Білімділік «қиналыс» тудыру. Оқытылатын объектіге байланысты белгілі шешімі жоқ проблема құрастыру.

3)Білімділік объектіні құбылыс, ұғым ретінде белгілеу. Қажеттік білімділік орта құру, оны кеңейту 3 мин Зейін

Ес

Дәлдік , тіл мәнерлігі Белсенділік



Ойлау тереңдігі

Тыңдай және ести білу

Қорыта алу

Талдау


4) Оқу тапсырмасын әр оқушы жағдаятты өзі шешетіндей формада құрастыру.

Топпен жұмыс

І топ. «Ізденушілер». Су туралы өлең шумақтарын мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастырады, кейбірі іздеп табады.

ІІ топ. «Зерттеушілер». Судың маңызы, ластану себептері, оны үнемдеу, қорғау т.б. жөнінде зерттеу жобаларын ұсынады.

ІІІ топ. «Тәжірибе жасаушылар». Судың физикалық қасиеттеріне зертханалық жұмыстарын көрсетеді.

Жалпы нақтылау, түйіндеу. 15 мин Дәлдік, тіл мәнерлігі

Белсенділік

Жаңаны қабылдауға бейімділік

Ой толғау тереңдігі

Қарым –қатынас мәдениеті

Өз бетінше жұмыс жасау

Мақсатқа жетушілік

Қорытындылай алу

Ізденушілік, зерттеушілік, жобалау

Тәжірибе жасау, нақтылау, білімін тереңдету

5) Жағдаятты шешу. РМІ әдісі

Оқушыларды білімділік өнім шығару процесінде мұғалімнің қадағалау, ілесу қатысында болуы.

Өнімді басқа оқушылар түсіне

алатындай деңгейге жеткізуге көмектесу.

Оқушылардың қызметі. 5 мин Белсенділік

Ойлау тереңдігі

Тыңдай және ести білу

Қорыта алу

Талдау


6) Білімділік өнім шеруі, көрсетілімі. Судың ластану себептері неден? Су тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің? Суды қалай қорғаймыз?

Топпен жұмыс

Мұғалім хабарламасы

Эвристикалық тапсырмалар

а) судың түсі неге мөлдір?

ә) лай сулар қайда кездеседі?

б) ақ жаңбыр деген не? 5 мин Ес

Дәлдік, тіл мәнерлілігі

Белсенділік

Жаңаны қабылдауға бейімділік

Ой толғау тереңдігі

Қарым –қатынас мәдениет

Өз бетінше жұмыс жасау

Мақсатқа жетушілік

Қорытындай алу

7) Танымдық тапсырмаларды орындау. Ойтолғаулар, пікірталастар. Өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар көрсетілімі. Өткенді қорытындылай отырып, жаңа міндеттер алу.

5 мин Зейін

Ес

Дәлдік, тіл мәнерлігі Белсенділік



Жаңаны қабылдауға бейімділік

Ой толғау тереңдігі

Қарым –қатынас мәдениеті

Өз бетінше жұмыс жасау

Мақсатқа жетушілік

Жүйелілік

Себеп пен салдар байланысын анықтай алу

8) Танымдық тапсырмаларды шешу.

а) су неге түссіз?

ә) қар неге ақ?

б) кезбе мұздар. Олар қайдан келеді?

9) Эксперименттік жұмыс.

а) «Егер де» су әлемде жойылып кетсе табиғатта не болар еді?

ә) Үшбұрышты, төртбұрышты жаңбыр бола ма?

Зерттеу жұмыстарын мұғалім көмегімен ұжым болып талдау. 5 мин Зейін

Ес

Дәлдік, тіл мәнерлігі Белсенділік



Жаңаны қабылдауға бейімділік

Ой толғау тереңдігі

Қарым –қатынас мәдениеті

Өз бетінше жұмыс жасау

Мақсатқа жетушілік

Жүйелілік

Себеп пен салдар байланысын анықтай алу

10) Эвристикалық рефлексия. Эмпатия әдісі. Сен өзіңді өзен болып сезін. Сен өзіңді сумын деп сезін.

сабақты бекіту

өткенді қорытындылау. Не білдім? Не ұнады? Не қызықтырды? 3 мин Ес

Зейін Белсенділік

Белсенді тыңдау

Себеп пен салдар байланысын анықтай алу

Рефлексияға бейімділік

11)Үйге тапсырма.

а) эссе жазу «Мен суды қорғауға атсалысамын»

ә) «Арал қасіреті» мәнжазба

б) тақырыптарға байланысты суреттер салу 2 мин Зейін Білімін толықтыру, өздік жұмыстар

Ой түйіндеу Венн диаграммасы
Сабақты барысы :

Ұйымдастырушылық кезең

Армысың, алтын күн!

Көгілдір көк аспан!

Бармысың, құстарым!

Қанатты достарым!

Суларым таза ма?

Талдарым аман ба?


Психологиялық дайындық.

Тұман да мен, бұлт та мен.

Өзен де мен, мұхит та

Сыңғырлаймын, күлемін,

Жүзім айдай жалтырап.
Білімділік қиналыс тудыру

Суды қалай, қайда пайдаланамыз.

Су қалай ластанады?

Суға неден зиян келеді?

Судың тірі табиғатқа әсері.

Судың өнеркәсіпке (құрлыстарға, кен орындарына, мұнай өнеркәсібіне) ауылшаруашылығына, малшаруашылығына пайдасы қандай? (№1 Слайд)
Қажеттік білімділік орта құру

Мұғалім: Оқушылар сіздер «Су» туралы көп мәлімет алдыңыздар. Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жүргіземіз.

Оқу тапсырмасын әр оқушы жағдаятты өзі шешетіндей формада құрастыру

Топпен жұмыс

І топ «Ізденушілер»

Оқушылар су туралы өлең шумақтарын, мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастырады, кейбірі іздеп табады.

ІІ топ «Зерттеушілер». Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, ластану себептері, оны үнемдеу, қорғау т.б. жөнінде зерттеу жобаларын ұсынады.

ІІІ топ «Тәжірибе жасаушылар». Судың физикалық қасиеттеріне зертханалық жұмыстарын көрсетеді. (су-ерткіш, ағады, түссіз, дәмі, иісі жоқ т.б.)

Жалпы нақтылау, түйіндеу

«Менің жерім» ойыны (сызба арқылы сәйкестендіреді)


Есіл Семей

Қызылорда Қостанай

Іле Ақтөбе

Жайық Сырдария

Елек Астана

Тобыл Алматы

Ертіс Орал
Жағдаятты шешу

Оқушыларды білімділік өнім шығару процесінде мұғалімнің қадағалау, ілесу қатынасында болуы.

«PMІ» әдісі көмегімен Танымдық тапсырма «Су»

Топтарда жұмыс : кестені толтыру және талқылау .

Мұғалімнің басшылығымен эксперттік бағалау .( №9 – 10 Слайд )

ПЛЮС МИНУС Қызғылықты

Өмірлік қажеттілік

Өнеркәсіпте ауылшаруашылығында

малшаруашылығында

тіршілік көзі Шайынады

Лас суға айналады

Ауру тарайды

Ауаны ластайды Ең суы таза Байкал
Судың 3 күйге айналуы
Білімділік өнім шеруі, көрсетілімі

Ой толғаулар, пікірталастар.

Судың ластану себептері неден?

Су – тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің?

Суды қалай қорғаймыз?

Топпен жұмыс жүргізіледі.

Эвристикалық тапсырмалар орындалады.

Су неге мөлдір?

Лай сулар қайда кездеседі?

Ақ жаңбыр деген не?

Өткенді қорытындылай отырып, жаңа міндеттер алу.

Бүгін сабақта өзіміз үшін қандай жаалық алдық?


Плюс Минус Қызғылықты

-

- -
Эксперименттік жұмыс.



«Егер де» су әлемде жойылып кетсе табиғатта не болар еді?

Үшбұрышты, төртбұрышты жаңбыр бола ма?

Зерттеу жұмыстарын мұғалім көмегімен ұжым болып талдау.

Эвристикалық рефлексия

Эмпатия әдісі. Сен өзіңді өзен болып сезін. Сен өзіңді сумын деп сезін.

Сабақты бекіту

Өткенді қорытындылау. Не білдім? Не ұнады? Не қызықтырды?

Ой түйіндеу. Венн диаграммасы.

Үйге тапсырма. (таңдауы бойынша)

Эссе жазу «Мен суды қорғауға атсалысамын»

«Арал қасіреті» мәнжазба

Тақырыптарға байланысты суреттер салу.


Бәйдібек ауданы «Бөген»

жалпы орта мектебі

Бүкіләлемдік Жер-Ана күні
Тақырыбы: Жер-Ананы аялайық.

Орындаған: «Бөген» жалпы орта мектебінің мұғалімі

Қарлығаш Ділдабаева



Мыңбұлақ ауылы 2013жыл


Тақырыбы: Жер-Ананы аялайық
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттілігі туралы ой туғызу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру
Дамытушылық:

Жеке адамның санасына табиғатқа деген ізгілік

қатынастарды қалыптастыра отырып «адам-қоғам-табиғат» арасындағы

толық үйлесімділіктігін дамыту, үйрету.


Тәрбиелік:

Оқушыларға жасыл даланың әсемдігін сақтауға, сүюге, баба

өсиетін қастерлеп, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Әдістемесі:

Құстар биі.


Мұғалім:
Ей, адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Оныменен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһанда аялап алақанда.

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күнде ұлы сәулесін төгеді жадырап.

Бар тіршілік тұрады бұл жерден жалына,

Дүниеге жер ана қара шаңырақ.-деп ақын Ә. Нәлібаев

жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты

қонысы мен мекені-табиғат. Бүгінгі біздің тақырыбымыз да сол табиғат

жайында болмақ. «22сәуір- Жер күні» тақырыбында болатын кешімізді

бастауға рұқсат етіңіздер.


Бастаушы:
Табиғат әсемдіктің көркісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай тынысың.

Қазына «қара жер де»-дейді халық

Күн көрген, жерден алып,

Жер анадан үзіліп кете алмаған.

Кемеңгер небір дана, небір алып.


Бастаушы:
Ақын жырлағандай біз өмір сүріп отырғандай табиғат

байлық, қазына, өмір, денсаулық ұйытқысы. Олай болса атамыз қазақ

табиғатқа бас иіп, қадірлей білген. Бүгінгі күндері адамзат бар байлықты

табиғаттан алып, оны аялауды, қорғауды естен шығарып алғандай.


Бастаушы:
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей

байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп,

оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Өздерін табиғаттың бөлінбес

бөлшегі іспеттес көрді.

Экологиялық түсінік.
Бастаушы:
Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына

көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән

берілуде. 1997 ж. 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 ж. 6

тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды

және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізуде.
Бастаушы:
Табиғаттың көркі, келбеті бар тамаша туындыларының бірі-

хайуанаттар болса, бірі әсем әнге бөлейтін-құстар.

Аң да адамды жағалайды

Санап тұрған бауырлас

Ұя салып паналайды

Үйді дала қарлығаш,

Әрқашанда зәру аң-құс,

Адамдардың мейіріне

Айтатындай іштей алғыс

Адал аппақ пейіліне-

(көрініс «Ақ қайың»)

Сахнада ағаштың түбіртектері қойылған. Сахна ортасына ақ қайың

бейнесіне енген қыз, қолында жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка

ойналады.

Ақ қайың сөзі:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аң мен құстың әсем әні сайраған.

Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен,

Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.

Жалғыздықтың мұңы көп...

Соны айтуға, адамзатқа тілім жоқ.

( Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді.)

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып алдық қой.

Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, соны қырқып алайық.

Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні

ғой.


Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны

ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның

арғы басын.

(Ақ қайыңды қырқып жатқанда, құс ұшып келеді.)

Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы.

Қырықпаңдаршы.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.

Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жү ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ

қояйықшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сен де, нәзік жүрек. Мә, саған,-деп

әкесі құсты таспен атып ұрады.

( Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл келтіреді.

Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Мұңлы музыка ойналады.)

Құс ақырын басын көтеріп:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,

Не қалады? Не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?


Бастаушы:

Адам өзіне қажетті тағамды, заттарды табиғаттан алады. Ас

атасы-наннан жердің иісі шығады. Адамға қажетті көкөністер табиғаттың

желісі. Табиғатпен етене өскен халқымыз сол ортаға байланысты ғасырлар

бойы қалыптасып, жазылмаған заңға айналған дәстүрлері сан тарау. Біз

ұрпағымызды табиғаттың көз тойғысыз көрінісін, сұлулығын тыныштығын

бұзбай, аялап қамқор бола білуіміз қажет.
Бастаушы:

Халқымыз байқампаз тұрақтылықты, мейірімділікті

қастерлеп ақ ниет, аппақ сезімді «Аққу сезім» деп атаған, әсемдік символына

балаған. Сондықтан, халайық орманды кесіп, құстарды және жануарларды

атып табиғаттың сұлулығына қауіп төндіруден сақтанайық. Және құрып,

экологияға ұшыраған жерлерімізді сақтауға көңіл бөлейік.


Әдеби монтаж.



Бастаушы:

Табиғат байлығының бірі-жер бетінің сәулеті, еліміздің

дәулеті-Жасыл Әлем. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан

қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз соның

айғағы.

Бастаушы:

«Саған айтам, болашақтар бүр жарған,

Шыбық-талың, шыршаларың ұрланған.

Сендер қалап, айналғанда орманға

Не қалады, не қалады бұл маңнан»,-деп М.Мақатаев атамыз

жырлағандай жасыл орманды орынсыз отау, орны толмас өкінішке апарары

сөзсіз.

Осындай қайғыға душар болған жерлерімізді әнге салып көрсек артық



болмас деген оймен келесі кезекті әсем әнге берелік.
Ән. «Атамекен»
Бастаушы:

Ш. Уалиханов «Қазақтар киеге үлкен мән берген.

Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстар киелі деп қастерленген»,-дейді.

Қасиетті сөз бар еді-«Кие» деген,

Жерін, Елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен,

Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген,

Көкті жұлма, болады обал деген

Ата-анамыз жыланға үйге келген

Ақ сүт құйып басына «Жоғал» деген.

Осындай жыр жолдарын төге отырып, қазақ қыздарының ұлттық

өнерімізді жоғалтпаған бейнесімен биші қыздарымызды сахна төріне

шақырамыз.

(Сахнаға бір топ биші қыздарымызды шақырамыз.)



Би.


Жаттау. Пай-пай, киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал сері кеткен жер.

Оқушы: Бұл күнде мазасы кеткен жер,

Мейірімі тастай боп қатқан жер,

Адамға өкпесі қарс айырылып,

Тілім-тілім боп тозған жер.

Тіріге қызмет ете алмай,

Жүйкесі үзіліп құнары қашқан жер.
Бастаушы:

Қасиетті Жер-Ана өз шерін осылау төгуде. Олай болса

барлығымыз бір кісідей ат салысып, Жер-Ананы қадірлеп, қорғай білейік.

Табиғат біздің байлығымыз. Табиғатымызды аялайық, көркейтейік,

гүлдендірейік. Ол баршамыздың міндетіміз.
Оқушылардың барлығы:

Біздің ұран!!!

Білместік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан!

Топтасайық! Достасайық, бәріміз,

Осыменен бағаланар біздің ұят арымыз!


Бастаушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Жер күніне»арналған кешімізді аяқтаймыз. Отбасыларыңызға береке-бірлік,

қуаныш, шаттық тілейміз. Тәуелсіз еліміздің туын биік көтеретін азаматтар

болуларыңызға тілектеспіз.__

Бәйдібек ауданы «Бөген»

жалпы орта мектебі

Бүкіләлемдік Жер-Ана күні

1сәуір –Құстар күні

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау.

Орындаған: «Бөген» жалпы орта мектебінің мұғалімі

Қарлығаш Ділдабаева



Мыңбұлақ ауылы 2013жыл

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау
Мақсаты: Адам мен табиғат арасындағы байланысты толық ашу.
Дамытушылық:Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүйе білуге ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық,экологиялық тәрбие беру.
Әдістемесі:
Бастаушы: Ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен

қорғап қалған жері үш нәубетті басынан кешті.

1) 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының қырғыны.

2) 1930-1933 жылдардағы ашаршылық осы заманғы экологиялық нәубет. Бүкіл жер шары, оның ішінде қазақ жері де экологиялық зардап шегіп отыр.


Бастаушы:

Ия, біз осындай зардаптарды әлі де көріп келеміз. Оларды

айтар болсақ полигон жарылыстары Семейдегі, ал қазіргі кезде Арал бізге

қосымша экологиялық жағдайды бастан кешірудеміз. (көрініс «Мүгедек

бала»)

Мұғалім:

Жазғанымды дәрменсіз боп бас жағыма жастаймын,

Сөзімді мен кезі келді енді неден бастаймын?

Жан ұшырған үнін естіп тірінің,

Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.

(Ортаға дене мүшесі кем бір оқушы шығады, оның аузында қалам,

ақсаңдап келіп аузындағы қаламмен сурет салып отырады. Оқушының

жүрегіндегі толғауды бастаушы тебіреніп айтады.)



Мұғалім:

О, Құдайым. Кінәсі не мына отырған баланың?

Кім кетірді берекесін даланың?

Қайдан іздеп кем-кетігін табамын.

Мына отырған, мына отырған баланың.

Жас нәресте не берсе де алады

Көз, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны табады?

Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған

О, дүниеге не көрдім деп барады?

Мүгедек бала:

Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,

Денемдегі мүшелердің қызметін көрмедім.

Бекер екен сұм жалғанда мына бір,

Өмір сүріп адам болып жүргенім.

Қырдың қызыл қызғалдағын термедім,

Бұл өмірге пенде болып келген соң,

Шіркін дүние-ай,

Қызығын да ажыратып көрмедім.

(Сахнада мұңлы музыка ойналады. Ортаға мұңын шерткен ана шығады.

Баласының басынан сипап көзіне жас алып баланы сахнадан алып кетуге

әрекет жасайды.)

Ана: Қайтейін сорлы балам. Сенің де, менің де мына дүние жалғанда

көрер азабымыз көп екен. Шіркін, сен апалап алдымнан жүгіріп шықсаң ғой.

Мына жалғанда сол арманыма жете алам ба, жоқ па?


Бастаушы:

Тұншығып ана, тұншығып ана жылайды,

Көзінің жасын неге сонша бұлайды.

Нәлет атқан, ауа менен су зардабы,

Екенін біліп, екенін біліп жылайды.
Бейне көрініс.
Оқушы: Пай-пай, киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал сері кеткен жер.

Оқушы: Бұл күнде мазасы кеткен жер,

Мейірімі тастай боп қатқан жер,

Адамға өкпесі қарс айырылып,

Тілім-тілім боп тозған жер.

Тіріге қызмет ете алмай,

Жүйкесі үзіліп құнары қашқан жер.

Бастаушы:

Қасиетті Жер-Ана өз шерін осылай төгуде. Олай болса

барлығымыз бір кісідей ат салысып, Жер-Ананы қадірлеп, қорғай білейік.

Табиғат біздің байлығымыз. Табиғатымызды аялайық, көркейтейік,

гүлдендірейік. Ол баршамыздың міндетіміз.

Ән.

Бастаушы:

Табиғатты қорғау саяси, экономикалық және педагогикалық маңызы бар қазіргі кездегі актуальді проблемалардың қатарына жатады. Біздің елімізде табиғатты қорғау ісі мемлекеттік, бүкіл халықтық маңызы бар міндеттердің қатарында.


Оқушылардың барлығы:

Біздің ұран!!!



Табиғатты аялайық,қорғайық!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет