Көршілес елдің депутаттары аталмыш заңды бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен желтоқсан айында Қазақстанда дәл осындай заңды қабылдауды ұсынған еді. 

Артур ван Дизеннің айтуынша, бұл заңды әлемнің 65 елінде бекітілген. Ал жақын арада аталған заңды тағы 27 мемлекет қабылдамақ.

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда ұрып-соғушылар 50 тәулікке дейін қамауға алынатыны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.