Тақырыбы: Тарихты білу-өз өлкеңнен басталады. Өлкетану курсы бойынша мұражайдағы кіріктірілген сабақ



Дата23.04.2019
өлшемі45 Kb.
#113018
түріСабақ

Тақырыбы: Тарихты білу-өз өлкеңнен басталады.

Өлкетану курсы бойынша мұражайдағы кіріктірілген сабақ.

Өткізген мұғалім: Р.О.Аугонбаева

Жетекші мұғалім:

-Балалар, білесіңдер ме? Көшпелі мұражай келіпті ғой! Жүріңдер барып тамашалайық!



(Есік ашылып, балалар залға кіреді) (-музыка ойнап тұрады)

Мұражай қызметкері:

-Қош келдіңдер балалар! Бүгін біз ауданның мұражайынан жәдігерлер алып, сендердің мектептеріңе келдік.



Оқушылар:

-Сәлеметсіздер ме?



Мұражай қызметкері:

Бұл мұражай 2010 жылы құрылған. Орналасқан орны, Абылайхан көшесі , 5үйі. Мұражай 4 бөлімнен тұрады.

Соның ішінен бүгін сендерге, осыдан 10-даған мың жыл бұрын тіршілік еткен, мамонтың тісінің табылған қаңқасын әкеліп отырмын. Бұл, осы біздің өңірден табылды. Осы арқылы, осыдан 10-даған мың жыл бұрын жер беті қазіргі тарих сияқты болғанын біліп отырмыз.

(Осы кезде жет. Мұғалім қолындағы сағатты жерге түсіріп алады)

Жетекші мұғалім:

-Ой, балалар, мына сағат жай сағат емес еді; Бүлініп қалмаса игі еді?



(барлық бала үңіліп қарайды)

1-ші бала:

-Апай, сағат қазіргі уақытты көрсете алмай тұр!

Сағат беті құбылып барады!

Қалғаны:

-Кәне, кәне көрейікші



(балалар шетке барып отырады)

(Осы кезде, музыка «Машина времени- свет - өшіп, мамонт оған жан-жақтан свет түсіріледі фанарикпен)

(Музыка тоқтады, свет жанады)

Осы кезеде қиқулап алғашқы, жабайы адамдар шығып, аңмен алысады. Соңынан мамонт ? жығылады, өледі.Осының бәрі музыкамен болады. Жеңіске жеткен адамдар, қуаныш биін билейді.

-Қайта свет өшіп, кетіп қалады; қайта свет жанады!)

Балалар:

-О, ғажап!

-О, керемет!

-Неткен дәу жануар!



Жетекші мұғалім:

-Балалар бұл қай жануар?

-Бұл қай кез? Білгілерің келе ме?

Балалар:

-Ия!


Жетекші мұғалім:

-Балалар, сағатқа қарайық! Не көрдіңдер!



2-ші бала

-Ия,көрдік. Столды, Гидтерді нұсқап тұр ғой!



Жетекші мұғалім:

-Олай, болса, Гидтерден сұралық!

(Гидтің столы жанына келеді)

3-ші бала

-Бізге, осыдан 10 мың жыл бұрынғы өмір туралы айтып беріңдерші!



1-ші Гид оқушы

-Кайнозой заманының палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең, алғашқы қауымдық қоғам заманы басталды. Ежелгі адамдар суық ауа райына көндігуге тура келді. Осы кезде алғашқы қауым қоғам басталды.Онда адам саны аз болды.

Жаңағы қандай жануар, сол туралы айтып беріңдерші!

2-ші Гид

-Балалар, жаңа сендер барып қайтқан кезеңдерің осы тас дәуірі болып отыр.Сол кездегі мамонтты адамдар қалай аулағанына куә болдыңдар. Мамонт пілдер отрядына жататын ірі сүтқоректі. Мамонттар осыдан 10 мың жыл бұрын жойылып кеткен. Мамонттар биіктігі

2,5-4,5м, салмағы 7т болған. Денесін қалың жүн басқан. Қорегі –шөп, бұта. Бедерлі тісі қорегін майдалап жеуіне бейімделген.Тас дәуіріндегі қазбада мамонтсүйегі, сол кездегі адамдар салған суреттері кездеседі. Солтүстік Сібір, Аляскіде 40 тан астам мамонт сүйегі табылды. Қазақстанда, соның ішінде Шығыс Ұазақстан өңірінде табылуда. Соның бірі бүгінгі көріп отырғандай мамон тісі қалдығы. Ұзындығы см. Осы мамонт тістерінен әсемдік бұйымдар жасалады.

Жетекші мұғалім

-Рахмет! Көшпелі мұражай тағы не әкеліп, бізді таң қалдырмақ екен! Кәне, барып көргілерің келе ме?



Бәрі:

-Ия, барамыз!

(Музыка (жайлы)-келесі столға қарай айналып жылжиды)

Гид оқушылар хорм:

-Балалар, аудандық мұражайдың «Алтай -сақтар мекені»-бөліміне қош келдіңдер! (тағы сағатты түсіріп алады)



Жетекші мұғ.

-Балалар, сағатты тағы құлатып алдым, бүгінгі уақыт бар ма, қараңдаршы!



Бәрі:

-Жоқ, жоқ!



Оқушы:

-Апай, сағат тағы басқа уақытты көрсетіп тұр!



Бәрі:

-Кәне, кәне!

(свет өшеді! Осы кезде, музыка «Машина времени» -ойнайды. Сақ тайпа өкілдері шығады, тұрады! Төбеден күн түсіріледі. Күн жарқылдап, найзағай ойнап, дыбыстар!)

Сақ адамдары:

-О, тәңірім, бұл не деген керемет! (Табыну рәсімі өтеді)

-Өзің сақта жаратушы! (Күн жарқ еткенде, жерге жатады, тынышталса-жалынады)

-Көк тәңірі бізді сақтай гөр!

-От-Ана өзің сақта!

-Су-Ана өзің сақта!

-Жер-Ана өзің сақта!

(свет жанады; бәрі жерде жатады; Абыз ортада тұрады; музыка тоқтайды)

Абыз (жүріп2):

-О, жер бетін мекен еткен пенделерім! Сендердің ақ ниетті тілектерің менің де құлағыма жетті! Мына жұмақ жерді өздеріңнің игіліктеріңе тапсырдым. Мұны гүлдендіріп, мәңгілік мекен ету үшін бірлік пен берекелі ғұмыр кешіңдер! Әркім өзінің Атамекенін қорғауға әзір болсын!

-Жерді еміп, қорек табу үшін кетпенді шаруаларға ұстаттым!

-Жасыл желекті құлпырған жасыл киім киіңдер! Жерді көгертіп, өз ұрпақтарыңды өсіріп, көркейтіңдер!



(осы кезде «Шаруалар» атып тұрады; қара жамылғы жерде қалады, жасыл киім де, қолдарында кетпен, 1-2 қимыл жасайды)

Шаруалар:

-Рахмет Абыз! Жерімізді гүлге ораймыз!



Абыз:

-Жат жұртқа жерін таптатпай сақтау үшін жауынгерлерге садақ пен жебені тапсырдым. Жаныңды беріп, қаныңды ел қорғау үшін төгесің. Ендеше қызыл түсті сендер киіңдер!

(музыка: жануарлар атып тұрады, қара жамылғы жерде қалады. Қызыл киімде, қолдарында найза, қалқан ұстау1-2 қимыл жасайды)

Жауынгерлер:

-Рахмет Абыз! Жерді, елді қорғауға әзірміз!



Абыз:

-Мен көк тәңір елшісімін! Адамзат, саған саналы өмір сыйлау үшін жер бетін аралауға кетіп барамын. Сырыңды аш дүние!

(муз: Абыз кетеді; сақтар биге басады) ( би бітіп кетіп қалады) («Машина времени»-музыкасы)

Балалар:

-О, ғажап!

-О, керемет!

1 бала:

-Апай, сақтар деген кімдер? Неткен керемет көрініс!



Жетекші мұғ:

-Егер, сақтар туралы білгілерің келсе, Гидтерден сұралық. Жүріңдер!



«музыка, бәрі столға Гидтерге жақындайды)

1 бала:

-Бізге сақтар туралы айтып беріңіздерші!

1-ші Гид:

-Б.з.б. 4-3 ғасырда Қазақстан аумағында бақташы тайпалардың мемлекеттік бірлестігі қалыптаса бастады. Бұл қоғамда ерлер мен әйелдер тең құқылы болды. Б.з.б. 6 ғасырда сақтарды Тамирис басқарды. Сақтар 3 топқа: 1) әскери көсемдер; 2)рубасылар;3) малшылар болып бөлінді. Көсемдер: ел басқарумен қатар, бас қолбасшы, сот билігі, Абыздың да міндетін қатар атқарды. Қазір сақ көсемдерінің жерлерінен алғашқы мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасқаннан білдік. Шығыс Қазақстанда мекендеген сақтарды «алып қорушы самурың тайпалары» деп есептеген.



2-ші Гид:

Берелден табылған көсемдердің алып қорғандарын салушылар табиғат жағдайын ескерген. Біріншіден, алып обалар теңіз деңгейінен 1100 метрден кем емес биікте орналасқан.

Екіншіден, бұл биіктік тоң жүретін қабатта болғандықтан, қабірде мұз қатып, суық температура сақталған. Тайпа көсемі қайтыс болған соң ру ақсақалдары жедел кеңес шақырған. Сонда жерлеу рәсімін ақылдасып шешетін Көсем жерленетін асық тәрізді саркофог 2-і бөліктен тұрады. Біріне мәйіт салынса, 2-іне туыстар: қыш, ағаш, металлдан жасалған . Еңбек құралдары қаз-қатар қойылған, алтын, күміс әшекей бұйымдар да бірге көмілген. Өлген иесіне қызмет көрсету үшін бірге көмілген.

№ 11 обадан табылған саркофаг қақпағында 4 құстың қоладан құйылған шағын мүсіні бейнеленген. ? Мүсіндері марқұмның денесін жаман рухтардан қорғайды деп сенген.



1-ші бала:

  • Рахмет сіздерге! Алтайды мекен еткен сақтар жайлы білдік!

2-ші бала:

  • Апай, сағатқа қараңызшы, өзіміздің уақытты көрсетіп тұр.

Жетекші мұғ:

  • Иә, балалар, уақыт нені көрсетіп тұр?

3-ші бала:

  • Столды; Гидтерді!

Жетекші мұғ:

  • Онда, солай бет алдық!

(музыка! Катонқарағай әні орындалады)

Гид оқушылар:

  • Аудандық мұражайдың «Катонқарағай-жер жәннаты» бөліміне қош келдіңдер!

Балалар:

  • Сәлеметсіңдер ме! Бізге, катонқарағай өңіріндегі ақ құстар жайлы айтсаңыздар!

1-ші Гид:

  • Катонқарағай өңірінде 2001 ж 17 шілдеде «Катоқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» құрылған. Ұлттық парктің жалпы ауданы 643. 477гектарды құрады. Ұлттық парктін флорасының құрамы өте бай, онда жоғары саты өсімдігінің 2000 астам түрі бар. Мұның 30 астам түрі жоғалу шегінде тұрғандықтан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді. Бұлар: Алтай, Сібір қандығы, Ала күлтелі қызғалдақ, Ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, Алтай суық шөбі, Таңдамалы плаун, Алтай торсылдағы, Қызғылт семізот, Марал түбірі, Алтай қасқыржидегі тағы басқалар.

2-ші Гид:

  • Ұлттық парк фаунасының да әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда сүтқоректілердің -68түрі, құстардың -277түрі, қосмекенділердің- 3түрі, бауырмен жорғалаушылардың- 6түрі, сүйекті балықтың- 9 түрі, омыртқасыздардың -10 мың түрі кездеседі. Парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жан-жануарлардың көптеген түрі мекен етеді. Сүтқоректілердің 4 түрі: қар барысы, Алтай арқары, тас сусары және Икопников жарқанаты. Құстардың 30 түрі, дөңестұмсық турпан, ителгі,лашын, Алтай ұлары, балықшы тұйғын, үкі тағы басқалар. Балықтың 1-түрі – таймень (қызыл балық), омыртқасыздардың 2- түрі, былқылдақденелілердің 2-түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Бүгінгі күні мұражайдың осы бөліміне өз өлкемізде кездесетін аң-құстар тумбасын қалтыру.

(музыка: Қызыл кітап есігі ашылып, ішінен аңдар шығып билейді. Мылтық ұстап аңшы шығады, аңдар кітап ішіне кіріп кетеді)

Нуртаева Мөлдір: (Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап»)

  • Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,

  • Менің мазам кетеді күдікті ойдан.

  • Жұртпен бірге мәз болып,

  • Ду-ду етіп

  • Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.

  • Аяймын мен Анасыз,

  • Атасызды.

  • Аяймын мен құлынсыз,

  • Ботасызды.

  • Хайуанатқа жасаған қиянатын –

  • Бауырына жасаған опасыздық!

  • Біздің сайда болатын мия қалың

  • Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.

  • Мия сиреп

  • Ұядан құстар безіп,

  • Біреу үшін мен енді ұяламын.

  • Ұяламын қорғауға қарлығашқа.

  • Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!

  • Жалтаңдайсың әр Болат,

  • Әр Қайратқа,

  • Жаутаңдайсың әр Баян,

  • Әр Күләшқа.

  • Тәрбиен де жақсы еді

  • Тәлімін де...

  • Аян бірақ өмірдің мәні кімге?!

  • Торғай аттың бір кезде

  • Соның үшін

  • Ұяламын, бауырым, әлі күнге.

  • Ұяламын қорғауға қоңыр қазға.

  • Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.

  • Балапаны шұбыртқан қасқалдақтың

  • Оқтан көрген қорлығы,

  • Зәбірі аз ба?!

  • Ұяламын қарауға шүрегейге.

  • Құстың бірі туған да,

  • Бірі өгей ме?!

  • Бүгін кептер атқандар

  • Ертен ердің

  • Кеудесіне тапанша тіремей ме?!

Мұратқанқызы Алтынай :

  • Мынау қыры қазақтың,

  • Ана қыры

  • Қызыл қырман бүгінде ,

  • Қала бірі.

  • Қайда кетті,

  • Кім маған айтады енді

  • Атыраудың құланы-

  • Онагры?!

  • Жер айтады осылай

  • Күн айтады.

  • Күн айтады,

  • Көңілді мұңайтады.

  • Ақтөбеде бір кезде піл болғанын

  • Кім біледі бүгінде?

  • Бүгінде кім айтады?

  • Айла көп-ті адамда,

  • Айла көп-ті.

  • Айласына талайды айғақ етті.

  • Қылыш тісті жолбарыс –

  • Жерлес біздің

  • Айтыңдаршы, ағайын,

  • Қайда кетті?!

  • Іздеймін мен әр бұта,

  • Әр талымды.

  • Момынымды,

  • Тентегім,

  • Арқалымды.

  • Кім қайырып береді құланымды?

  • Кім қайырып береді тарпаңымды?!

  • Жарқырап-ақ тұрғанда көктем нұры,

  • Қасірет пен қайғының жеткен бірі

  • Хайуанаттар ғана ма зәбір көрген,

  • Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!

  • Одан көріп,

  • Ақырын бұдан көріп,

  • Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!

2-уі бірге:

  • Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,

  • Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі.

(музыка; 2 экскурсовод оқушылар ортаға шығады)

Бәрі:

  • Катонқарағай жер жәннаты!

1-оқушы:

Өз өлкеміздегі аң-құстарға қамқор болайық!



Бәрі:

  • Катонқарағай- ғажап өлке!

2- оқушы:

  • Өз өлкеміздің тарихын оқып-үйреніп, білейік!

Бәрі:

  • Катонқарағай- құпиясы мол өлке!

3- оқушы:

  • Қойнауынан небір байлықты, тарихты жасырып, зерттеуді қажет етіп отырған өлкемізді мақтан етейік!

Бәрі:

  • Катонқарағай-сұлу өлке!

4- оқушы:

Бәрі:

  • Катонқарағай –ІІ-ші Швейцария атанған өлке!

5- оқушы:

  • Орман-тоғайды, жасыл желекті, көк майса шалғынды қорғай білейік.

Бәрі:

-Катонқарағай –жыр өлке! Ән өлке!



6- оқушы:

-Катонды жырлаған-Қалиқан Асқақ, Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімхан, Әлібек Асқар, Ақтан Нұрбаев, Тілеукен Рақымжанов, Ләззат Баженқызы, Бақытжан Райысова есімді ағаларымыз бен апайларымызды мақтан етейік!



Бәрі:

-Катонқарағай-туризмді дамытатын өлке!

7- оқушы:-Туристерді-әсем табиғатымызбен тамсандырайық!

8- оқушы:

-Туристерді-табиғи өнімдермен, ұлттық өнермен таңқалдырайық!



9- оқушы:

-Туристерді-шипалы емдеу, сауықтыру орындарымен қызықтырайық!



Бәрі:-Міне, осылай Катонқарағай өңірін әлемге танытайық! Ән: «Қатонқарағай»
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет