Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды ауылы
Қоянды орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
Нурсапа Мапиза
Тақырыбы: Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері
|
|
Мақсат:
|
|
|
Жаңа білім
|
• Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерімен танысып, егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болатынын үйрену.
|
|
Жаңа түсінік
|
• Бүйірлері тең үшбұрыштың төртінші теоремасының қасиеттеріне мән беріп алдыңғы теоремаларды пайдаланып, қалай бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болатынын түсіну.
|
|
|
Қолданым әрекеті
|
• Ертеде өткен теоремаларды пайдаланып, теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін солар арқылы талдап, түрлі есептерге пайдалану.
|
|
Талдау әрекеті
|
• Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерімен танысып, теоремаларын талдап, ерекшеліктеріне мән беру.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
•Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерімен танысып,теоремасын жеке дәлелдеп көруге тырысу.
|
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерімен танысып,өткен төртінші теореманы жете меңгеріп, бағамдап, қорытындылау.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І.Алғашқы бекіту
ІІ.Құзырлылық қалыптастыру
ІІІ.Шығармашылық қалыптастыру
ІV.Бағамдау - бағалау (5 мин.).
|
|
Сабақ типі: жұптық, топтық.
|
|
Оқыту әдісі: ізденушілік.
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• фигуралар теңдігі,кесінді, кесінділердің теңдігі, бұрыш, бұрыштардың теңдігі, үшбұрыш, үшбұрыштың элементтері, жарты жазықтықтар, үшбұрыштардың теңдік белгілері.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
1 Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері
|
2
-
Бұл тақырыпты оқу барысында теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін, үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісін білетін боласыңдар және оларды қолданып, есептер шығаруды үйренесіңдер.
|
3
-
4-теорема(үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі). Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
|
4 4 теореманы дәлелдеу
-
АВС және А’B’C’ үшбұрыштары берілсін.
-
АВ=A’B’, BC=B’C’, CA=C’A’.
-
∆ABC=∆A’B’C’ болатынын дәлелдеу керек.
|
5
-
Жазықтықтың A’B’ түзуімен бөлінген және С’ жатпайтын жартысында A’B’ сәулесінен бастап ∠ВАС=∠B’A’C’₁ болатын A’E сәулесі жүргізілсін.
|
6
-
Сонан кейін A’E сәулесінің бойына A’C₁=AC=A’C’ болатын етіп A’C₁ кесіндісі салынсын.
-
Сонда үшбұрыштар теңдігінен ∆ABC=∆A’B’C₁ (1) аламыз.
|
-
Бұдан ВС=B’C₁=B’C’ және ∆AСВ=∆A’C₁B’ шығады.
-
С’ пен С₁ нүктелері A’B’ түзуіне қатысты әртүрлі жарты жазықтықтарда жатады.
-
Сондықтан С’C₁ кесіндісі A’B’ түзуін қиып өтеді. (екінші аксиома)
|
-
Қиылысу нүктесі D болсын.
-
АВС үшбұрышының түріне байланысты D нүктесі A’B’ кесіндісіне немесе сол кесінді жатқан сәуленің бойында жатуы немесе B’ нүктесімен беттесуі мүмкін.
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 20,6 дм. табаны 6дм болғандағы бүйір қабырғаларын табыңдар, бүйір қабырғасы 53 см болғандағы табанын табыңдар. табыңдар.
______________________________________________________________________ 2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8см, табаны 10см, бүйір қабырғасы 5м, табаны 7м болғандағы болғандағы периметрін табыңдар.
______________________________________________________________________ 3. Теңқабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасына жүргізілген медиана оны 8дм және 8 дм бөліктерге бөледі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
______________________________________________________________________ 4. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 49˚. Төбесіндегі бұрышын табыңдар.
______________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 50˚. Бір бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік пен табанының арасындағы бұрышты табыңдар.
______________________________________________________________________ 2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштары 60˚-тан болатынын дәлелдеңдер.
______________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары
Теңқабырғалы үшбұрыштың барлық медианалары, биссектрисcалары, биіктіктері тең болатынын дәлелдеңдер.
_________________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
Ой шақыру.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |