Тақырыбы: «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді» Мақсаты



жүктеу 22.49 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі22.49 Kb.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Мұғалім: Өз жеріме өзім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,

Тарихыма өшпес белгі салған күн.

Қадірлі ұстаздар, балалар! Бүгінгі Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Мансұр: Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі – бақи шырқалады,

Респблика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Адема: Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16 – желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Әлімжан: Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстаным.

Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасы біздің сүйікті де ортақ Отанымыз. Бас ұранымыз, көгілдір туымыз, біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Зайнаб: Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт келер мұхит келер шыңы,

Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.

Ән: «Ақ көгершін»

Зейін: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы,

Ардақты ата мекенім,

Отаным – Қазақстан.

Аружан: Жерің самал, ескен майда,

Тасқындаған егін – жайда,

Далам менің, анам менің.

Туған елім – Қазақстан.

Мұғалім: Балалар, біз егеменді еліміздің болашағымыз. Сондықтан балалар біз тәртіпті тәрбиемізбен, сыпайы болып өсіп келеміз.
Махаббат: Тәуелсіздік жолында,

Талай – талай тер тамған,

Билігін өз қолымда,

Еркімдігім – Елтаңбам.

Шамиль: Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Ән: «Домбыра сазы»
Хадиджа: Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі Ту, ары.



Тәрбиеші:

  1. Бас қаламыз қай қала?

  2. ҚР президенті кім?

  3. ҚР рәміздеріне не жатады?

  4. Тәуелсіздігімізді қашан алдық?

Зейін: Т – білдіреді теңдікті,

Адема: Ә - әдептілік елдікті,

Шамиль: У – уайымсыз уақытты,

Махаббат: Е – егемен елдікті,

Мансұр: Л – дейді лағып, лепірді,

Зайнаб: С – сенімділік секілді ең,

Әлімжан: І – ілтипат пен ізет қой,

Хадиджа: З – зиялылық, тілек қой,

Адема: Д – шақырады достыққа,

Мансұр: І – ілкімді боп сақтыққа,

Зайнаб: К – дейді күн боп көктегі,



Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

Мұғалім: Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді» атты ертеңгілігімізді «Атамекен» әнімен аяқтаймыз.

Хор: «Атамекен».
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет