Тақырыбы: Туған жердің ыстығы- ай



жүктеу 33.05 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі33.05 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Туған жердің ыстығы- ай
Мақсаты: 1. Оқушыларға Қали Сапарбаевтың өмірі және

шығармашылық жолын таныстыра отырып,әңгіменің мазмұны

мен идеясын түсіндіру.

2. Оқушылардың таным мүмкіншіліктерін, олардың сын

тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс

істеуге, өз ойларын ашық та айқын ,дәлелді сөйлеуге үйрету.

3. Туған жерді сүюге тәрбиелеу, еліміздің ертеңі- білімді

ұрпақ екеніне көз жеткізу.

Түрі: аралас сабақ
Әдісі:Сұрақ- жауап, талдау, түсіндіру, швғармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Проектор (слайдтар), кесте

Сабақ жүрісі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз- білім алу ,

Міндетіміз- еңбектену.

Еңбектену арқылы

«5»- ке қолды жеткізу!
Сабақтың ұраны:

Қазынаң сенің тіл деген,

Бабалар соны біл деген.

Ешкім де жақсы болмайды,

Өз тілін жақсы білмеген.

Оқысаң қанша ілімді,

Болсаң да қанша білімді.

Ұмытпау керек әрқашан.

Өзіңнің ана тіліңді!
Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасы: « Туған өлкем» Қ. Жұмағалиев.

1): « Біз білетін мағлұматтар»

2) Өлеңді мәнерлеп оқу

3) Сұрақ – жауап:

-Өлеңнің негізгі идеясы неде?

-Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді?

-Ақынның шығармашылық кешінің «Аяулы- атамекенім» деп аталу себебі неде?

-«Туған жер» деген ұғымды қалай түсінесіздер?
Жаңа сабақ.

«Туған жердің ыстығы- ай. Қали Сапарбаев.

1)Автордың өмірі, шығармашылық жолымен таныстыру:

2) Әңгіменің мазмұны бойынша мұғалімнің түсіндірме жұмысы.(8-28 слайд)

3)Сөздік жұмыс (ауызша 29 слайд)

Нар- жалғыз өркешті түйе.

Асау дария- қатты ағын су.
Жаңа сабақты пысықтау:

1)Оқулықпен жұмыс.Сұрақ жауаптарын оқулықтан тауып оқу (30 слайд)

-Жазушы қандай оқиғаға куә болды?

-Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?

-Соңынан ботасы ермеген нардың іс - әрекеті.

-Түйенің асау дариямен алысуы.

-Түйе иесінің ботаны құшақтап тұрып айтқан сөзі.

-Нар түйенің туған жеріне оралуы.

-Нардың ботасымен қауышуы.
Сергіту сәті: «Қарлығаш».

-Қарлығаш құсы да -адамға жақын жүретін ,сезімтал құс . Ол туған жерін сүйетінін талай ертегілер мен өлеңдерден естіп жүрміз.Олай болатын болса Б.Бисенова апамыздың «Қарлығаш» әнімен бір сергіп алайық.
Дәптермен жұмыс:

1.Туған елдей ел болмас.

.......... ........ .... ......... .

2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

....... ......... ......... ......... .

2) Ой қозғау

- Түйені Түрікменстанның Мары деген жерінен не үшін әкелді деп ойлайсыңдар?

Тренинг: «Өрмек»

1- қатар:Түйенің туған жерге кетер алдындағы әрекеті.

2- қатар: Түйенің аянышты халі.

3- қатар:Автордың айтайын деген негізгі ойы.
Шығармашылық жұмыс:»Мен автор болсам , әңгімені қалай аяқтаған

болар едім» («Туған жер» әнін тыңдай отырып орындау).
Қорытындылау:


Не білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?




















Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық:


1.Туған жердің ыстығы- ай (Мәнерлеп оқу, мазмұнын айту)

2.”Туған жерім” тақырыбына шығарма жазып келу
Бағалау

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет