Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика


Тақырып 15 Көліктегі қылмыстарды тергеу



жүктеу 3.15 Mb.
бет14/14
Дата22.09.2017
өлшемі3.15 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырып 15 Көліктегі қылмыстарды тергеу

1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі

3. Тергеу әрекетінің тактикасы


1. Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұлардың қылмыстық-құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалысы ережелерін бұзу; ә) заңда көзделген зардаптардың болуы; б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.

Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынандай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс құралдарының соқтығысуы; велосипедшіні, көлік, арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктің аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен кұлауы (ұшып кетуі) және т.б.

Автокөлік қылмыстарына - жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлыкпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізушілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады. Олардың әрекеттерінен, атап айтқанда, көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен.

Көрсетілген ситуациялардын нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік қүраддарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.

Жол-көлік кауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сиякты криминалистикалық сипаттағы мұндай элементтерді қарау кезінде, бүл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298-299-баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындығын ескеру қажет.

Жол-көлік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуға — көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жүмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе катынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әрекеттер жатады.

Сонымен катар жол-көлік кауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізушілердің құкыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың шамадан артық болуы, озып өту, катар жүру мен жол ережелерін бұзудан; карама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылысқан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды керсетпеуден; темір жолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысына қауіп тендіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден.

Тұлғалардың келік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеулер адам ағзаларындағы елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның авто-көлік, мотоцикл, трактор және баска да механикалық көлік құралдарын жүргізу кабілеттілігін төмендететіндігін дәлелдейді.

Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байланысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көлік мекемелеріндегі өкілетті тұлғалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылған дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т.б.

Қылмыскерлер көбінде қылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ, қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып көміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілердегі зақымдану іздерін жоюға тырысады.

Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән.

Зардаптың өте ауыр түріне - адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады.

Жол-көлік қозғалыс ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасында түлғалардың жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бүзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен карау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысы кауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың өздері орындамауы, болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сақтауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т.б.

Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады:


  • жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы.

  • өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мелшердегі заттарды жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы).

Жол жағдайы объективті және субъективті жайттардан тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жүргізушімен көлік құралын жүргізу кезінде ескерілуі керек.

Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі.

Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де криминалистикалық мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталыктарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс колдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі.

Жол-көлік оқиғасы — себептер мен саддардың жиынтығын құрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудың ақиқатын анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен катар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс кауіпсіздігін камтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға мыналар жатады: көлік құралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік құралдарының, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті қозғалысты бақылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуесқой) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына катысушыларға кауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б.
2. Жол-көлік оқиғасының тергеу тәжірибесін талдап жалпылау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруға, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік оқиғасының тергеу жоспарын ұтымды түрде пайдалану үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашқы тергеу әрекеттерінің жиынтығы мен типтік тергеу болжауларын құруға мүмкіндіктер береді.

Берілген санаттағы іс бойынша типтік тергеу ситуациялары мен болжаулар катарына келесілер жатады:

1) жол-келік оқиғасын қалыптастыратын динамикалық өзгерістердің тоқтау сәтіндегі жағдай езгеріссіз оқиға болған жердегі барлык тиісті заттармен бекітілген. Бұл ерекше ситуациялық жағдайлардағы тергеу болжауларына: а) оқиғаның болу себебі - жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу салдарынан; ә) оқиға жол қозғалысы ережелерін жәбірленуші тұлғалардың (жаяу жүрген адамдардың немесе жолаушылардың) бұзуы нәтижесінде болған; б) оқиғаның болуы өкілетті тұлғалардың көлік құралдарын жолға заңсыз түрде шығаруынан немесе көлік құралдарының күтпеген жерден техникалық ақаулықтарға ұшырауынан;

2) оқиғаға қатысушылармен жол-келік оқиғасының нәтижесін нақты сипттайтын жағдайлардың өзгертілуі. Мұндай ситуацияларда жоғарыда көрсетілген болжаулармен қатар, осы немесе басқа да оқиғаларға қатысты түлғалардың кінәсін әшкерелеп көрсететіндей жекеленген іздердің көзін жою мақсатында жол қозғалысына, болмаса қозғалыс қауіпсіздігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін деген болжаулар кұрылуы қажет;

3) жол-көлік оқиғасының барлық фактілік белгілері сақталған, бірақ көлік жүргізуші окиға болған орыннан қашып кеткен ситуация. Мұндай ситуацияларда тергеуші алдымен болған оқиғаға накты қандай көлік құралдарының қатысқандығын және оны кім жүргізгендігі жөнінде болжаулар құруы керек. Сонымен қатар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген бірінші ситуациядағыдай болжаулар құрылуы қажет;

4) жол қозғалысы аймағынан қылмыстық фактілер көрініс табатын жағдайлар (мысалы, көшенің немесе жолдын бойынан, болмаса жиегінен, шетінен мәйіт табылған, бірақ жол-көлік оқиғасы болғандығын нақтылайтын белгілердің болмауы). Мұндай ситуацияларда келесідей болжаулар құрылуы тиіс: а) басқа қылмыстың ізін жасыру үшін жол-көлік оқиғасы болды деп инсценировка жасау; ә) накты оқиға болған жерді жасыру, бұл ситуацияларда жалпы тергеу болжауларымен қатар жол-көлік оқиғасының болған жері, оның сипаты мен нақты жағдайы, оны жасау орны мен жолдың бойы, жиегі, шеті және т.б. жерлерде мәйіттің пайда болу жағдайы туралы жеке болжаулар жасалуы тиіс;

5) жол қозғалыс ағымы шекарасынан тыс жерлерден (орманнан, парктен, сай-жыралардан) мәйіт табылған, бірақ оның денесі мен киімдеріндегі жарақат, зақымдардың көлік құралдарынан болғандығын сипаттайтын белгілер (дөңгелек протектрлерінің іздері; фар шыныларының, болмаса автокөліктің терезесінің үсақ үгінділері; мәйітті сүйрету іздері) болған жағдайлар.

Жол-көлік оқиғасын тергеуді дер кезінде жоспарлау қылмыс түрінің объективті әрі нәтижелі тергелуіне белгілі бір дәрежеде маңызды әсер етеді. Ол алғашқы алынған фактілік мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады. Жол-көлік оқиғасының жоспарын құру кезінде тергеуші ситуацияға байланысты және құрылған болжаулар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімді кезектілігін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалған көлік құралдары мен жүргізушілерді іздеп табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуді анықтауы қажет.

Жоспарда бірінші орынға окиғаны көзімен көрушілерді анықтау мәселелері койылады, содан кейін куәлардан, жәбірленушілерден жол-көлік оқиғасының болуына кінәлі көлік құралының жүргізушісінен жауап алу; сот-медициналық сараптама тағайындау; жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілер оқиға болған кезде алкогольдік мас күйінде болған немесе болмағандығын тексеру мақсатында куәландыру әрекеттерін жүргізу мәселелері қарастырылады. Жол-көлік оқиғасын тергеу жоспарында әсіресе автотехникалық-сараптама тағайындау мен жүргізу маңызды орын алады. Автотехникалық-сарапшы-ның қорытындысы көп жағдайларда қылмыстық істің кейінгі тағдырын анықтайды. Жол-көлік оқиғасының жоспарында, сонымен қатар белгіленген шараларды жүзеге асыру мерзімі мен олардың нақты орындаушылары қарастырылады.

Сонымен, тергеушінің құрған жоспарында төменгідей мәселелер қарастырылуы тиіс:


  • оқиғаны көзімен көруші-куәлардан, жәбірленушілерден, көлік құралын жүргізушіден жауап алу;

  • оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынудағы) жүргізушілерді іздестіру мен ұстауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсырмалар беру; оқиғаны кезімен көрушілер мен жолаушыларды аныктау;

  • сот-медициналық сараптамасын тағайындау, жүргізушінің мас күйінде болғандығын (немесе болмағандығын) тексеру мақсатында куәландыру әрекетін жүргізу;

  • сезіктіден жауап алу.

Тергеудің кейінгі кезеңінін жоспарында келесі мәселелер қарастырылады:

  • әр түрлі сараптама түрлерін тағайындау мен жүргізу (автотехникалық, криминалистикалық, химиялық, психиатриалық, психологиялық және т.б.);

  • айыпталушыдан және т.б. жауап алу;

  • қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізу;

  • оқиғаның болуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау.


3. Берілген категориядағы іс бойынша оқиға болған жерді карау әрекеті көлік апаты жайында хабар келіп түскеннен кейін дереу түрде жүргізілуі тиіс. Келіп түскен мәліметтерді қабылдағаннан кейін тергеуші оқиға болған жерге жылдамдатып жетуі қажет, ол оқиға болған жерге шықпай тұрып, мүмкіндігінше, оқиға қашан, қай жерде болғандығы туралы және кімдер зардап шеккендігі, нақты осы сәтте оқиға болған жерде не болып жатқандығы женіндегі мәліметтерді барынша нақты анықтап алғаны жөн. Бұл мәліметтер оқиға болған жерге шақырылатын қатысушы тұлғалардың қатарын анықтау мен қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтарды іріктеп алуға біршама көмегін тигізеді.

Оқиға болған жерді қарауға міндетті түрде: автотехник, криминалист, сот-медицина маманы, куәгерлер, қажет болған жағдайларда қылмыстық іздестіру қызметкерлері қатыстырылады. Мүмкіндігінше жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізушілерді де оқиғаны қарау әрекетіне қатыстырған дұрыс.

Оқиға болған жерге келгеннен кейін тергеуші төмендегідей әрекеттерді жүргізуі қажет:

а) жол-көлік апатының зардаптарын жоюға байланысты барлық қажетті шаралар қолданғандығына көз жеткізуі (жәбірленушіге қажетті көмек көрсету, жәрдем жасау, өрт сендіру т.б.) және кажетті әрекеттерді үйымдастыруы немесе жеке өзі жүргізуі тиіс;

ә) оқиға болған жердің шекарасын анықтауы және ол жерден артық адамдардың кетуін талап етуі, сондай-ақ оқиға болған жерге күзет қою шараларын жүргізуі керек;

б) апатгы кезімен көрушілер мен оқиғаға қатысты көлік құралының жүргізушісін анықтау, олардың құжаттарын (жүргізу куәлігін, көліктің техникалык паспортын, жолдама кағазын, жүк тасуға байланысты берілетін накладнойларды) алуы қажет;

в) мас күйінде болған-болмағандығын анықтау мақсатында жүргізушіні медициналық куәландыруға жіберуі тиіс;

г) көлік жүргізушісі оқиға болған орыннан жасырынып кетіп қалған жағдайларда, оны іздестіру мен үстау шараларын ұйым-дастыру қажет;

д) тергеуші оқиға болған жерге келгенше оқиғаның жағдайына қандай да бір өзгерістер енгізілгендігін немесе енгізілмегендігін анықтауы керек.

Жағдайдың жай-күйін өзгеріссіз сақтап қалу мүмкіндігі болмаған жағдайларда көлік құралдарының тұрған орны бекітіледі, жәбірленушінің орналасу жағдайы, қан іздері, жанар-жағармай материалдары, көлік құралының детальдары мен бөлініп қалған бөлшектері, жүктер және т.б. белгіленеді.

Қарау әр түрлі тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Мақсатты түрде алдымен жол учаскелері қаралып, содан кейін оқиға болған жер тексерілуі кажет. Себебі жол бойындағы немесе т.б. жерлердегі іске қажетгі іздер мен басқа да заттай дәлелдемелер жаяу жүрген адамдармен, болмаса көлік құралдарымен жойылып кетуі ықтимал. Содан кейін шьшы үгінділерінің, шашыраған балшықтар, жүктен қалған бөлшектер, жол бетіндегі іздердің орналасуы және т.б. бойынша апат болған жердің орталығы анықталады.

Барлық жағдайларда келік кұралының қозғалыс бағытын аныктап, оқиға болған сәттегі қозғалысқа қатысты жолдың (көшенің) жүретін бөлігін екі жақ бағытынан енін бекіту керек.

Мәйітті қарау әрекеті криминалистикамен қалыптастырылған жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

Қарау барысында іздеп табу мен бекітуге келесілер жатады: жолдың жүретін бөлігіне, қозғалмайтын объектілерге, көлік қүралына қатысты мәйіттің орналасуын; кдн іздерінің орналас-қан жерін, және оның формасы мен өлшемін; киімдері мен аяқ-киімдерінің, жарақаттарының жағдайына, көлік қүралы бөлшектері іздерінің бар-жоғына, топырақ, бояу, майлайтын материалдар, шыны үгіндері, металдағы шандармен басқада ластану іздерін, олардың формасы мен өлшемін; мәйіттегі жара-қаттар, жаралар, кднның үйып қалуы, олардын, мәйіт денесіне жайылып таралуын, формасы мен өлшемін; маңындағы жыл-жымайтын объектіден арақашықтығын; мәйіттің денесіндегі, киімдегі протектордың ізін, радиатор торынын, және көлік кұралының басқа да бөлшектерінің бейнеленіп түскен іздерін. Мәйітті сүйрету кезінде денесі мен киімінде қалған іздерді анықтау қажет.

Жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізуші көлігімен оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынған) кездерде көлік қүралдарының моделін, түрін анықтауға мүмкіндіктер беретіндей белгілерге аса назар аудару қажет.

Көрсетілген объектілерді алдын ала зерттеу көлік құралдары бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер беретіндей бағдарламалық мәліметтер алуға көмегін тигізеді.

Оқиға болған жер мен көлік қүралдарын қарау барысында микробелшектерді бекіту, алу және зерттеулер жүргізуге аса көңіл бөлінеді. Адамды (жануарларды) қағып кету кезінде киімдердің, адам терісінің, шаштарының, қандарының, мый құрамынын, микробөлшектері автокөліктің адамға соққы берген бөлігінен, ал басып өткен жағдайларда жүріп өткен бөліктерінен табылады. Басып өту механизмі жөнінде қандай да бір мәліметтер болған жағдайларда ең алдымен келік қүралы жәбірленушімен байланыс жасады-ау деген бөлшектерін қарау керек. Қарау барысында қажет болған жағдайларда күшейтілген жарықтандыру қолданылады.

Жауап алу. Жауап алынушы тұлғаның нақты жол-көлік оқиғасына каншалықты қатыстылығы мен болған оқиғаның жағдайын кабылдауына байланысты оларды келесідей топқа бөліп қарастыруға болады:

а) апатқа түскен көлік қүралының ішінде болған жүргізушілер, жолаушылар;

ә) көлік қүралдарының техникалык жағдайы мен көлік құралдарын пайдалануға шығарған жауапты тұлғалар (гараждың меңгерушісі, механик, диспетчер және т.б.) немесе ТЖКО-да жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар;

б) оқиға болған жердің маңында кездейсоқ кетіп бара жатқан немесе жүрген түлғалар, оны тікелей бақылаған сол жердің түрғындары, жол, күзет полиция қызметкерлері;

в) оқиғаны тікелей көрмеген, бірақ ол жайындағы мәліметтерді басқа қайнар көздер арқылы алған тұлғалар (медицина, көлік мекемелерінің қызметкерлері және т.б.).

Жауап алу әрекетін шартты түрде мынандай екі кезеңге бөліп жүргізуге болады: 1) кейінге қалдырмай, яғни жүргізуші, жолаушы, жәбірленуші, оқиғаны көзімен керуші тұлғалардан дереу жауап алу; 2) кейінгі тергеу барысында куәлардан, сезіктілерден, айыпкерлерден жауап алу.

Жауап алу барысында жүргізуші тұлғаларға шамамен қойылатын сұрақтар: қозғалыс жылдамдығы қандай болды; көлік қүралы қалай қозғалды (тіке, ауытқып); оқиға болғанға дейін көлік күралы жарамды болды ма; көлік қүралында жүргізушінің өзінен басқа адамдар мен жүк немесе баскд да заттар болды ма, жүргізуші жоддан әтіп бара жатқан адамды, болмаса кедергіні, бөгетті аңғарды ма; оларды басып, қағып кетпес үшін аддын ала қандай да бір шаралар қолданды ма; жолдың жүретін бөлігінің көріну мүмкіндігі мен ауа райы жағдайы қандай болды; жол-көлік оқиғасы процесі калай өтті, жол жағдайын ол қалай қабылдады, оқиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі оның және баскд да түлғалардың тікелей әрекеттері қандай болды.

Мәйітке байланысты тағайындалатын сот-медициналық сараптама келесідей сұрақтарды шешеді: а) мәйіттен табылған жарақатгар көлік күралдарынан түскен жоқ па, егер көлік кұрал-дарынан түссе, қандай көлік құралы түрінен жөне оның қандай бөлшегі арқылы түсті; ә) өлімнің болу себебі неден; б) жарақаттың сипаты мен таралып жайылуы қандай; в) жарақаттың пайда болу мерзімі қандай (тірі кезіндегі, әлгеннен кейінгі); г) соғып кету немесе денесін толығымен дөңгелекпен басып өту қозғалысы болды ма; д) жарақаттардың пайда болу механизмі қандай (бұл сүрақ көзделген мақсатқа сәйкес сот-медицина мен сарапшы-трасологтің қатысумен кешенді сараптама арқылы шешіледі); е) мәйіттегі жарақаттар жүріп бара жатқан көлік құралдарынан жәбірленушінің құлауы салдарынан болған жоқ па; ж) мәйіттің денесі мен киімдерінде сүйретілу іздері жоқ па; з) келтірілген жарақаттардың зардабы кандай?

Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу барысында келтірілген дене жарақаттарының себептері мен оның ауырлық дәрежелерінің сипатына байланысты сұрақтар анықталады.

Автотехникалық сараптама шешіміне төмендегідей сүрақтар қойылады:



  • оқиғаның болуының тікелей себебі неде;

  • оқиғаның болу себебі көлік қүралының белгілі бір бөлшегінің жарамсыздығынан болған жоқ па;

  • оқиға үшін оның мәні қандай болды;

  • жылдамдықты жоғарылатудың мәнісі қандай болды;

  • көлік құралының техникалық жағдайы қандай;

  • тежеу алдындағы жылдамдық қандай болды;

  • нақты жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық жағынан жәбірленуші қандай әрекеттер жасауы қажет еді т.б

Жол-көлік оқиғасына байланысты автотехникалық және криминалистикалық сараптамаларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот-сараптама орталығында немесе сәйкес мамандандырылған органдар жүргізеді.

Жоғарыда аталған сараптама түрлері бойынша ғана барлық сот-сараптама зерттеулерін жүргізу мүмкін емес. Қажет болған жағдайларда: сот-психиатриялық, сот-психологиялық, психо-физиологиялық және басқа да сараптамалар тағайындалады.



Өзге де тергеу әрекеттері: белгілі бір жағдайларға байланысты тергеу эксперименті мен көрсетпені оқиға болған жерде тексеру әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындайды
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет