Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы


Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері



жүктеу 3.38 Mb.
бет6/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.

Мақсаты: Студенттерді топырақтың сыртқы, көзге көрінетін морфологиялық белгілерімен таныстыру. Топырақ қабаттарына, түсіне, механикалық құрамына, жаңа заттар мен кірме заттарға, топырақтың «қайнауына» толықтай тоқталу.

  1. Топырақтың морфологиялық белгілері.

  2. Түсі, қалындығы, құрылымы, бөлшектік құрамы , тұтқырлығы, жаңа заттар, кірме заттар, қайнауы, ауысуы, ылғалдылығы және т.б.

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән белгілі бір морфологиялык құрылым, пішін түзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ак бір-бірінен жақсы ажыратылады.

Далалық жағдайда топырақтың морфологиялык құрамын зерттеген кезде тік қазылған шұнқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырактану ғылымының негізін салушы Докучаев қолданды, ол қазірге дейін іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеудің негізгі әдісі болып келеді. Докучаев топырақты негізгі үш кабатка бөлген. Бірінші кабат А — негізгі қарашірікке боялған, топырақтын, құнарлы қабаты; екінші өтпелі қабат В—түсі ашығырақ, бірте-бірте тау жынысына ауысады; үшінші қабат С — топырак түзуші аналық жыныс қабаты. Топырақ қабаттарын бөлудің, бұл жүйесі осы күнге дейін сакталып келеді, оларды А12, В1, В2, С12 т. б. етіп белгілейді.

Т - торфты горизонт; А - орман төсеніші қабаты; G - глейлі горизонт; D - төсеніш қабат; С - қабаттардың астында жататын, одан қасиеттері ерекше келетін тау жынысы қабаты; L - өте қатты, темір қосылыстары көп қабат.

Топырақтың морфологиялык көріністерінің ішінде оның түсі негізгі орын алады, өйткені оның аттары осы түсіне қарай қойылған. Топырақтың түсіне катты әсер ететін нәрсе — оның құрамындағы қарашіріктің мөлшері. Бұлардан басқа топырақтың морфологиясына оның, құрылымы, кеуектілігі, құрамындағы әр түрлі тұздар, механикалық құрамы, өсімдік тамырларының таралуы т. б. енеді. Темір оксидтері топыраққа қызыл түс береді. Топырақтың құрамынды кварц, каолинит, әк, гипс көп мөлшерде болса, онда түсі ақ немесе ақшыл келеді. Темір гидрооксидтері көптігінен топырақсары түстес болады. Марганец оксидтері күлгін және қою көк түс береді. Ылғал топырақтарда темір (ІІ) қосылыстары көп болса, көкшіл, жасылдау түс беріп тұрады.



Топырақтың механикалық кұрамы. Топырактын катты минералдық бөлігі, негізінен әр турлі өзгерістерге ушыраған топырак қурушы аналық жыныстардан турады

Топырактың механикалык кұрамы деп, әр турлі деңгейдегік бөлшектерден туратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктер көлемінің әр турліділігіне карай топырактың механикалык кұрамы да әр түрлі болып келеді.

Топырак туйіршіктері неғурлым майда болса, топы­рактар да солғурлым ауыр, балшыкты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырактар женілдеу, кумдакты, кумды болады. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу туйіршіктер аралас кездессе, мұндай топырактар кұм-балшықты топырактар деп саналады. Әдетте, топырақ майда ұнтакталған туйіршіктерден туратындыктан, туйіршік көлемі оның диаметрінің қалындығымен өлшенеді, ал диаметр ұзындығы миллиметрмен есептеледі. Топырактану саласындағы ірі ғалым. профессор Н. А. Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырак курамындағы туйіршікіср келеміне қарай бы-лаіниа бөлінелі: диаметр/ 3 мм-ден /іріректер/ — тастар, 1 м.м-ден 3 мм-ге дейіні — ірі кұм, 0,15-тен I мм-re дейіні орташа кум, 0,25-тен 0,05 мм-ге дейіні — ұсак кұм, 0,01 -лі-н 0,05 мм-ге дейіні — ірілсу шаң, 0,001-ден 0,005 мм-п дейіні — майда шан, ал днаметрі 0,001 мм-ден кішіс\і — тозак .

Топырактың механикалык курамы топырак тузуде, оны ауыл шаруашылығы мен баска да мақсаттарға пайдаланғанда зор маңыз атқарады. Топырактьщ кеуек-тілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды буландыруы, қоректі заттарды жинау мумкіндігі, ауа мен жылу устау режимдері оның механикалық курамы-мен тығыз байланысты.

Қумды және кұмдақ топырактардың кұрылымы (структурасы) әр түрлі ірі бөлшектерден тұрады. Ылғалды жаксы өткізеді, ауа мен жылу режимдері қолайлы ке-леді, оны өңдеу өте оңай. Бірақ мұндай топырактар коректік заттарға, карашірікке кедей болады, себебі олар ылғалмен жуылып кетеді. Ал балшыкты топырактар, керісінше, ылгалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ауа режимі нашар болады. Оны жырту да тым қиын. Дегенмен мұндай топырақтар қоректік заттарға бай, кұнарлы келеді.

Жаңа заттар дегеніміз - топырақ түзілу барысында көзге көрінетін морфологиялық жағынан қалыптасқан топырақ массасынан бөлінетін минералдар жиынтығы. Құрамы, түсі, пішіні бойынша жаңа заттар сол жердегі топырақ массасынан ерекшеленеді. Жаңа заттар шығу тегі жағынан химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Химиялық жаңа заттарға жататындар: гипс, әкті қосылыстар, темір гидроксиді мен марганец тотықтары түзетін жаңа заттар. Сондай-ақ кремнеземдық ұнтақ та жаңа заттарға жатады. Ол қышқыл орман топырақтарына тән. Биологиялық жаңа заттарға жататындар: капролиттер - бір бөлігі топырақтан тұратын, құрттардың ас қорыту жүйесі арқылы өткен олардың экскрименттері, топырақта тіршілік ететін жануарлардың жолдары т.б.

Кірме заттар - бұл топырақ түзу процесімен қатысы жоқ, бірақ топырақ құрамында кездесетін органикалық және минералды заттар. Шығу тегі бойынша төрт топқа жіктеледі:


  1. Литоморфтар - тас қалдықтары

  2. Криоморфтар - топырақтағы мұз тәрізді формалар

  3. Антропоморфтар - адам қызметімен байланысты заттар: кірпіш сынықтары, әйнек, құрылыс қалдықтары.

  4. Биоморфтар - топыраққа көмілген жануарлардың сүйектері, тамыр сабақтардың шіріген қалдыұтары, өсімдіктердің тастанған қалдықтары.

Кұмды және балшықты туйіршіктер аралас келетін топырақтар ауыл шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы болып табылады. Бұл топырақтарда кұмды және балшыкты түйіршіктердің пайдалы қасиеттері үйлесімді келіп, топырақтың ылғал, ауа режимдерін жақсартып, кұнарлылығын арттырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың морфологиялық белгілеріне қандай белгілер жатады?

  2. Топырақтың түсі неге байланысты?

  3. Топырақтың механикалық құрамы бойынша жіктелуін атаңыз?

  4. Жаңа заттар дегеніміз не?

  5. Кірме заттарға қандай заттар жатады?

  6. Топырақтың «қайнауы» немен байланысты?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
3 дәріс

Тақырыбы: Топырақ құраушы факторлар. Үгілу құбылысы. Топырақ құраушы жыныстар.

Мақсаты: Студенттерді топырақ түзілу процестерімен таныстыру. Тірі ағзалардың топырақ түзу процесіндегі орны мен маңызын ұғындыру. Топырақтың тірі бөлігімен таныстыру.

1. Топырақтың пайда болу теориялары. Топырақ құраушы жыныстар. Гипергенез. Бұзылу процесс өнімдері.

2. Антропогенді және табиғи факторлардың топырақ құрау процесіне әсері. Топырақ құраушы факторлар.
Табиғатта топырақтың түзілуі — өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарынын ұзақ геологиялық мерзім ішінде әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзуші жыныстар ілкі әуелде қатайған тау жыныстары болғанмен, онын үстіңгі қабаты табиғат күштерінің көп жылғы үздіксіз әсер етуінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналады. Бүл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Үгілудін негізгі үш түрі бар: олар физикалық, химиялық және биологиялық үгілулер. Тау жыныстарыыын физикалық жолмен үгілуі деп жыныстардың химиялык құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге әсер ететін негізгі күштер: температура, жел, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Химиялык, үгілу процесі — тау жыныстарынын құрамындағы ор түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышкыл мен сілтіде еруінен жэне ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыстар. Мұның нәтижесінде химиялық қүрамы жағынан жаңадан минералдық заттар құралады. Бүл заттар суда еру касиетіне, өзіндік салмағына және жер бедерінің құрылысына қарай ор жерлерде шөгеді. Физикалық үгілу мен химиялык үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүріп отырады.

Сонымен, физикалык және химиялык үгілулердің салдарынан таулар бұзылып, тастар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің зорайып, азайып, басылуына, жер бедерінің ыңғайына карай шөгіндіге айналады. Желмен ауаға ұшады, тозанданады. Бүл процестер расырлар бойы толастамайды. Жаңбыр күшейсе немесе жел катты соқса, жер беті өзгеріп тұрады. Ескі дәуірде жәндіктер мен өсімдіктердің жоқтығы-нан майда, ұнтақталған жыныстарды біріктіретін ештеңе болмай, қарашірік құралмайды, сондыктан топырақ түзілмеді. Шын мәнінде, топырақтың түзілуі биологиялық үгілумен байланысты. Физикалык немесе химиялық үгілу өзінше топырақ түзе алмайды, өйткені топырқк түзу процесі — биологиялық құбылыс.

Үгілу кезінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал жұтқызып, су өткізгіш жыныстар пайда болады.

Әдетте, физикалык және химиялык үгілу кезінде босанып суда ерігіш, өсімдіктерді коректендіретің минералды заттар үлкен геологиялық айналымға түседі. Қопсыған. үнтакталған жыныстарға тірі организмдер қоныстангаи уакыттан бастап өсімдіктер мен микроорганизмдсрдіи сіңіруі нәтижсінде коректік заттар үлкен айналымға түседі, яғни үлкен, геологиялық айналымнан кіші биологиялык. айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бүл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді Қүрамында коректік заттарга кедей тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кеиің қоректік минералды және органнкалық азотты заттар мен байиды, былайша айтканда, кұнарсыз тау жынысының орнына кұнарлы топырақ пайда болады.

Топырактың паида болуына негізгі алты фактор әсер етеді. Олар: ауа райы, топырак түзуші тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер. ;жер бедері, аймактың геологиялык дәуірі және коғамның өндіргіш күші.

АЛҒАШКЫ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ТҮЗУГЕ ӘСЕРІ

Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Шынында да, климатқа. яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне,температураның ыстык-суығына карай, үсіксіз мезгілдің кыска немесе ұзақтығына т. б. жағдайларға байланысты әр жерде ә р түрлі өсімдік, жәндіктер мен микроағзалар тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде әртүрлі топырактар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада тундраға сәйкес қүнары аз жас топырактар түзіледі, ал ауа райы жаксы, ауадан тусетін ылгал мен күн сәулесі жеткілікті аймактарда қунары мол кара топырактар түзіледі. Себебі ауа райына қарай аналық тау жыныстарының үгілуі мен мүжіліне топырактың түзілу процесі, оның кұнары тікелей байланысты.

Топырак түзуші тау жыныстарының түзілген топыраққа ететін әсері де аз емес. Әдетте, түзілген топырақтардың химиялық кұрамы өзін түзген тау жыныстарынын кұрамына өте үксас келеді. Тіпті кейбір аймактар­да топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық кұрамы бүл аймактарға тән емес, кұрамы басқа топырактардың түзілуіне алып келеді. Мысалы. бұрынғы КСРО-ныц кең алкапты, күлгін топыракты аймарындағы кездесетін кара шірікті, әктасты топырақтарды алайык. Бүл жерлерде топырак. түзуші тау жыныстарының әкті заттарға бай болуы терістік аймакка тән емес карашірігі, әкті заттары мол топырақ түзуге әсер етеді. Тау жыныстарының өзі тузген топыраққа әсері, әсіресе, шөлді аймактарда айкын көрінеді. Себебі бүл аймактарда ауадан түсетін ылғалдың аздығына карай, тау жынысына әсері аз болады да, оның кұрамына күрделі өзгерістер енгізе коймайды.

Топырак түзуге, оның құнарлылырына жер бедерінің тигізетін әсері өте үлкен. Жер бедерінің әр түрлілігіне карай, ылғал мен қоректік заттар түрліше болып келеді. Тегіс жерлерге ауадан түскен ылғал жаксы сінеді, ал жер беті тегіс емес беткейлі, денесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, ойпатты жерлерге су жиналады. Жер бедерінің топырақ түзудегі тағы бір әсері—әр түрлі беткейлерге күн сәулесінің әр түрлі мөлшерде түсуі. Мы­салы, таулы алқаптарда терістік беткейлерге күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерге мол түседі. Бұл жағдайлар әр қилы жер бедерлерінде әр түрлі топырактардың түзілуіне эсер етеді.

Топырақ түзуге аймақтык-геологиялық дәуір көп эсер етеді. Геологиялық жас аймақта топырақтар жас, жаңа түзіле бастаған топырақтар, ал геологиялық ескі аймакта топырақтар ескі болады. Осы тұрғыдан алған-да, кек-байтак ТМД елдерінің солтүстік жағында жаңа топырактар түзіліп жатса, оңтүстік жағында көне дәуір-ден келе жаткан топырактар дамиды. Себебі оның теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған, ал онтүстікте бұған бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік аймактың көп жерлерін мұз баспаған, сондықтан бұл алкаптарда топырақтын даму процестері ертеде басталған.

Топырақ түзу процестеріне адамзат қоғамының тигізетін әсері орасан зор. Адамзат қоғамы өзінік саналы әрекеттерінін нотижесінде топыракты колдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, онын табиғи даму процестеріне көп өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістердің көбі — топырақтың пайдалы касиеттерін жаксартуға, құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесі.

Жер жыртылып, топырак өцделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың топыракка ететін осері табиғн өсімдіктерге карағанда, әрине, өзгеше.

Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайткыштар енгізген кезде, олардың бүрынгы табиғи касиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа, «мәдениеттенген» сапалы топы-рақтарға айналады. Мысалы, мұндай топырактар катарына Орта Азиядағы көп жылдар бойы суарылып келе жаткан жазиранын топырақтарын жатқызуға болады. Адамзаттың саналы әрекетінін арқасында табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтардың (сорланған, сортаңданран) мелиорациялаудың нәтижесінде кұнары артып, сапалы топырактарга айналады. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа еткен әрекеттерінің барлығы то­пырақ құнарын арттыра бермейді.

Суармалы алкаптарда жерді суару мен мелиорациялауда жіберілген кателіктердің нәтижесінде күрамында тұзы көп емес топырактын екінші рет сорлану процес-тері басталыи немесе батпактанып, егістікке жарамай. істен шығып калатын жағдайлар аз емес. Ал кейбір жерлерде пайдалануға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл топырақтар жыртылып, кейін жел эрозиясына ұшырап, пайдаға аспай калады. Мәселен, мұндай жағ-дайлар Қазақстанда 1950 жылдардағы тың игеру кезін-де кездесті. Павлодар облысында мыкдаған гектар жа­рамсыз жеңіл топырактар, Актөбе, Қостанай, Көкшетау, Акмола облыстарында кебірленген топырақтар жырты­лып, көптеген зиян келтірілді.

Негізінде топырақты өңдеу, мелиорациялау, химияландыру жұмыстары бұл сиякты зиянды жағдайларға жол бермей, жердің құнарын арттыруға бағытталуы тиіс. Ол үшін әрбір аймақтағы топырақтың касиеттері мен құрамын, экологиясын, ерекшелігін жеке білу кажет. Қазіргі ғылыми-техникалык. үдеу мен өркениет нәтижесінде адамзат топырақ түзу процесін, оңың құңарың арттыру жолын түгелдей өз қолына ала бастады. Бүган өндірістік күштіц дамуын және бүлінгеп жерлерді қаита қалпына келтіру (рекультивация) жұмыстарың жүргізуді жаткызүға болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық, химиялық және биологиялық үгілу процестері қандай процестер?

  2. Топырақ түзуші факторларды атаңыз?

  3. Топырақтың тірі бөлігіне не жатады?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
4 дәріс

Тақырыбы: Топырақтың минерологиялық құрамы

Мақсаты: Топырақ құрамындағы минералды заттарға, метаморфты, магматикалық және шөгінді жыныстарға толық тоқталып, кең көлемде түсінік беру.

1. Топырақ құрамындағы минералды заттар

2. Метаморфты, магматикалық және шөгінді жыныстар

3. Негізгі топырақ түзуші жыныстар. Топырақ түзуші жыныстардың минерологиялық және химиялық құрамы


Топыраққұраушы жыныстар мен топырақ кұрамына біріншілік және екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минералдар магмалық жыныстарды құрайтын болса, борпьл жыныстар мен топыраққа олар бастапқы магмалық жыныстар бұзылуынан қалған материал сапасында кіреді. Екіншілік минералдар биоклиматтық жағдайлар әсерінен біріншілік минералдардан қайта құралады. Біріншілік минералдар көбінесе 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар — 0,001 мм-ден майда түйірлерден тұрады.

Магмалық жыныстардағы біріншілік минералдардың торындағы мөлшері мынадай /Ф.Кларк/: кварц-12,0, далалық шпаттар-59,5,амфиболдар /мүйіз жалатпасы мен пироксен/ - 16,8, слюда-3,8 процентке жетеді. Біріншілік минералдардың бұзылуға тұрақтылығы бірдей болмағандықтан, топырақ құраушы жыныстар мен топырақтағы салыстырмалы үлесі, магмалық жыныстарға қарағанда, өзгеше болады. Борпыл жыныстардың бұзылуға тұрақтылығы берік болғандықтан құрамында кварц / SіО2/ мөлшері басым келеді /40-60/, екінші орынды дала-шпаттары алады /20 процентке дейін/; кең тараған бұл минералдың механикалык беріктігі жоғары болғанымен химиялық бұзылуға тұрақтылығы төмен. Дала шпаттары арасында ең тараған біріншілік минерал — ортоклаз /КАІ8і3О8/, сирек кездесетіні — натрий-калийі дала шпаттары немесе плагаоклаздар. Кварц пен дала шпаттары бұзылуға төзімді болғандықган әр дәнді келеді-де, көбінесе құм және шанды түйірлер тобын құрайды. Амфиболдар, пироксендер және слюдалар бұзылуға тұрақсыз болған-дықтан, борпыл жыныстар мен топырақ құрамында аз мөлшерде майда кристал күйінде кездеседі. Минералдарды бұзылуға тұрақтылығы, олардың табиғаты, химиялық құрамының айырмашылығы және кристалдық құрылымына байланысты.

Біріншілік минералдар мағнасы:

- Оларға топырақтың агрофизикалык қасиеттері байланысты;

- Олар - күлді элементтер көзі;

- Олардан екіншілік минералдар жаралады.

Екіншілік минералдар құрамы /біріншілік тердегідей/ көп емес. Олар арасында карапайым тұздар, су тотықты және тотықты минералдар мен балшықтық минералдар айырылады.

Қарапайым тұзды минералдар біріншілік минералдар бұзылуы және топыраққұрылу процесі нәтижесіңце жаралады. Оларға калцидит — СаСО3, магнезит - Мg СО3 , доломит — Са,Мg/ СО3/2, сода-Cа2СО3 • 10Н20, ғаныш - СаSО4 • 2Н2О, мирабилит – Nа2SО4 • 10Н2О, галит — NаСІ, фосфатгар, нитраттар, т.б. жатады. Бұл минералдар құрғақ климат жағдайында топырақта көп мөлшерде шоғырлануға ықтимал. Олардың санды және сапалы құрамы топырақтың сортандану деңгейі мен бағыттын анықтайды.

Сулы тотықты және тотықты минералдар — кремний, алюминий, темірдің және маргансаның сулы тотықтары, аморфты - қоймалжың құрылым күйінде, біріншілік минералдар бұзылуынан жаралады. Жоғарғы температурада олар қатты кристал күйіне көшеді: мыс сулы кремний тотығы көнеленіп қатты гельге /шөгінді/ - опалға /SіО2 • n Н2О/, одан әрі суын жоғалтып /2-30%/ кристалды халцедон мен кварцке / SіО2 / көшеді.

Басқада сулы тотықтар көшу сапы мынадай:




А1203 • ЗН2О немесе А1/ОН/3
• n Н2О, Ғе2О • n Н2О/ => бемит А12О3 * Н2О, гиббсит Ғе2О3 • Н2О

гематит Ғе2О3, гетит гидрогетит Ғе2О3 • ЗН2О.


Бұл минералдар аз мөлшерде барлық топырақтарда тараған, ал гетит пен гибсит тропикалық фералитгерде көп кездеседі. Балшықты минералдарға екіншілік алюмасиликаттар жатады, жалпы формуласы n SіО2 А12О3 * Н2О, Sі мен А1 тотықтар арақатынасы 2 - 5-ке тең. Балшықтық минералдар біріншілік минералдар бүзылғанда шыққан қарапайым азықтары — сулы тотықтар, тұздар синтезінен, олардың бұзылуынан топырак құралу процестері жолымен бірте-бірте өзгеруінен жаралады; олар өсімдік қалдықтары ыдырағандағы /минералданған/ азықтарынан да /биотекті жолмен/ жаралуы мүмкін.

Көп тараған балшықтык минералдарға монтмориллонит тобындағылар, каолинит, сулы слюда, хлориттер және аралас қабыршақты минералдар жатады. Борпыл жыныстар мен топырақтарда /ферралитсіз/ көбінесе монтмориллонит тобындағы / монтмориллонит, нонтранит, бейделит/ минералдар тараған. Химиялық формуласы - 4 SіО2 А12О3 • n Н2О; SіО2,: А12О2 = 4. Бұл топтағы минералдарға тым майда /дисперсті/ түйірлер шоғыры тән, олардың 60%-ті коллоидты түйірлер және 80%-ке дейінгі мөлшері 0,001 мм-ден майда түйірлеріне келеді. Дисперстілігі мен ерекше кұрылымы оларға жоғары катиондар тұту қабілетін береді. Монтмориллониттің жұту сыйымы 100 г. Т-та 80-120 мг.-экв-ке тең. Аталған минералдар тобының су-физикалық қасиеті нашар-олар өсімдікке тиімсіз ылғалды көп ұстап тұрады- монтмориллониттің максималды гигроскопиялығы 30%-ке жетеді. Шыланған күйінде жабысқақ, күшті ісінеді де, топырақ кепкенде қатайып жарылған масса түзеді. Қарашіріндінің гумин қышқылы мен бірігіп суға тұрақты түйіртпектер /агрегаттар/ құрады. Сондықтан қарашірінділі, монтмориллонит тобындағы минералдары бар, топырақтың су-физикалық қасиеті едәуір жақсарады.

Каолинит тобындағы минералдардың /каолинит, галлуазит / SіО2 : А12О3 екіден төмен, формуласы - 2SіО2 А12О3 • Н2О. Борпыл жыныстар мен топырақтағы мөлшері аз, ол ферралиттердегі — негізгі минерал.

1а. Балшыктық минералдардың химиялық құрамы, % /В.Ковда деректері/



Минерал

SіО2

А12О3

Ғе203


МgО


СаО


Ка2О


К20


Монтаориллонит

51,1


19,8


0,83


3,20


1,62


0,04


0,11

Каолинит


45,4


38,5


0,80


0,08


0,08


-


0,14


Иллит


49,2


29,0


2,27


1,32


0,67


0,66


7,47


Хлорит


26,7


25,2


8,70


27,0


0,28


-


-

Каолинитте сілтілі негіздер /Nа,К/ аз /1а-кесте/, бытырандылығы /дисперетілігі/ төмен, жұту сыйымы 20 мг. экв-тен аспайды. Каолиниті басым топырақтар негіздерге тапшы болады /әсіресе Са-ға/.

Сулы слюдалар — калийдің қайнар көзі, олар қүрамында / иллитге/ К2О 6-7%-ке жетеді. Хдориттер құрамында темір, магний көп. Аралас қабатты минералдар да топырақта кең тараған. Олардын кристалдық торында бірнеше минералдар кабаттасып орналаскан: монтмориллонит пен иллит, вермикулит / А12О3 11%-ке жетеді, SіО2 аз - 36%/ пен хлорит. Аталған минералдарды топырақ жыныстан мұралайды.

Топырақ құралу процесі барысында осы минералдар бұзылуға, қозғалысқа және синтезге шалдығады, бірақ топырақтың минералдар құрамы өзгермейді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ құраушы тау жыныстарын қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Метаморфоздық тау жыныстарына қандай минералдар жатады?

  3. Магматикалық тау жыныстарына қандай минералдар жатады?

  4. Шөгінді тау жыныстарына қандай минералдар жатады?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
5 дәріс


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет