Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы


Тақырып: Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар. Мақсаты



жүктеу 3.38 Mb.
бет9/21
Дата19.09.2017
өлшемі3.38 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Тақырып: Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар.

Мақсаты: Студенттерді топырақ жамылғысының жер бетінде таралу заңдылықтарымен таныстыру. «Топырақтың көлденең — ендік зоналылығы» ұғымын түсіндіру. Тундра зонасының топырақ жамылғысына тоқталу.

1. Арктикалық ландшафттар мен тундра зонасының топырақтары.

2. Арктикалық топырақтар – таралуы, географиялық түзілу жағдайлары.

3. Тундралық-глейлі, тундралық-батпақты және т.б. топырақтар.


Жоғарыда сипатталған топырақ түзуші негізгі факторлар — климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі т. б. өздері мекен еткен астрономиялық жағдайда, Жер шарының айналу жардайларының әр жерде әр түрлі болуларына қарай өздеріне тән өзгерістер болып тұра-ды. Әсіресе, бұл өзгерістер терістіктен онтүстікке қарай жылжыранда межелері анық байкалып, әр түрлі зоналарға бөлінеді. Бұл топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке барынып, ретімен таралғандықтан, әр жерде әр түрлі зоналык топырақтар кездеседі. Сонымен, жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай жыл-жыран сайын табиғат жардайларынын біртіндеп өзгер-уіне байланысты топырақтын да өзгеріп, әр түрлі зона-ларра бөлінуін «топырақтың көлденең — ендік зоналыры» дейді.

Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазык. алқаптарға қарағанда өзгеше. Онда ауа райы да, өсім-діктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық көзге түседі. Географиялық жағынан алып қараранда, таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен, жоғары қарай өрлеген сайын табиғаты, климаты өзгере береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. То-пырақтың бұлай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырактын «тік — белдеулік зоналығы» деп атайды.

Топырақтың мүндай тәртіппен таралып орналасуын, яғни ендік және тік, белдеулік зоналарға бөлінуін алғашрет зерттеп, дәлелдеген топырак зерттеу рылымы-ның негізін салушы орыс ралымы Б\ В. Докучаев еді. Жер бетінде, негізінен, топырақтың көлденен зоналык таралуы басым келеді, ол биік таулы алқаптардын, аз-дырына байланысты.

Ал енді Қазақстан топырақтарының толық сипатта-масына арнайы кіріспей тұрып, әлемнің алтыдан бір бө-лігін алып жаткан кең-байтақ (кұрамына Қазакстан территориясы да енетін) ТМД елдерінің мысалында не-гізгі зоналық (ендік) топырақтардын қысқаша сипатта-масына токталамыз. Бұл жардай Қазақстан окырман-дары үшін көрші Достастык мемлскеттер топырағынан мәліметтер алумен қатар, табираттың. ерекше сыйы —топырақтың әлемде таралу заңдылыктарын түсінуге, өздерінің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүны солтүстіктен оңтүстікке карай баяндаған дүрыс.



Тундра зонасы. Бұл зона, негізінен, Ресейдін солтүс-тік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мүхиттағы кейбір аралдар, Қиыр Шығыстағы Камчатка түбегі де кіреді. Зонанын келемі 688 мын шаршы км не-месе ТМД елдерінің барлык жер көлемінің 7,6%-тін алып жатыр. Геологиялык жасы жағынан алып карағанда, бұл аймак — мүз дәуірінен кейін босаран жас аймак. Бұл зона — әлемдегі ен суык зонаның бірі. Қысы 7—8 айра созылады, жазы өте қыска әрі салқын болады. Зонадағы вегетациялык кезеңнін үзактығы небәрі 2—3 ай ғана. Ылрал аз түседі, жылына 150—300 мм әрі күні суык, булану аз болады және топырақтын астын мыңда-ран жылдан мәнгі тоң басып жаткандықтан ылғалдың жерге сіңуі де жоқтың. қасы. Ылғалдын жер бетіне сін-уінің мардымсыздырынан аз түскен ылғалдың өзі бүл жерде керекті мөлшерден артык.

Бұл аймакта калыпты өмір сүру үшін күн сәулесінің жетіспеушілігі, ауа райынын суықтылыры тіршіліктің дамуына колайсыз. Күннің суықтырынан топырак кабат-тары үзак жылдар бойы тон болып жатады. Тек жаздың 2—3 айында рана топырактьщ беткі кабаты еріп, мұздан арылады. Осындай табират жағдайына қарай мұнда өсе-тін өсімдіктер шамалы. Негізінен, қына мен мүк, қыш-қыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп-өседі, ал онтүстікке таман жылжыған сайын, шілік және баска ағаштар өсетін орманды тундра басталады. Дегенмен бұл жерлердін араштары мардымсыз.

Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшек-ке бөлінетін ыдырамалы батпакты, кей жерлерде шым-ды-шалрынды, батпакты-күлгін болып келеді.

Бұл зонада, негізінен, бүғы шаруашылығы жаксы дамыран. Егіншілік жоктың қасы. Қейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайт-қыштар енгізіп, көн төгіп, аздаран мелшерде тез пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады.

В.В. Докучаев тундра топырақтарының генетикалық типтерін ажыратып жазған болатын. Н.М. Сибирцев 1900 жылғы классификасында тундра топырақтары зоналық топырақтар деп көрсетілген. Д.А. Драницина (1914) , А.А. Григорева (1925 ж), М.И. Сумгина(1927), Б.И. Городкова (1932) , Е.Н. Иванова(1936) және т.б . ғалымдар еңбектерімен байланысты.

Тундралық глейлі топырақтарда оргогенді және әртүрлі дәрежеде глейленген минералды қабат болады. Тундралық глейлі топырақтардың төрт тип тармағына бөлуге болады:



  • тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар

  • тундралық глейлі гумусты топырақтар

  • тундралық глейлі торфты топырақтар

  • тундралық глейлі күлгіндеген топырақтар

Тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар негізінен Солтүстік-сібір провинциясы жерлерінде таралған. Топырақтың қабатты беткі жұқа торфты төсеніштен (2-3 см), гумусты қабаттан А1 (3-5 см) және татты дақтары бар минералды қабаттан түрады. Топырақ қабатының қалыңдығы 40 – 60 см, ал жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері , ол В қабатында 1,5 – 3,5 %. Негіздерге жақсы қаныққан.

Тундралық глейлі топырақтар арктикалық тундраның европалық бөлігінде және Солтүстік-сібір провинциясының өте ылғалды жерлерінде кездеседі.Торфты төсеніш қабатының қалыңдығы А0 – 2 -3 см. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60- 80 см. Топырақ ортасы қышқыл, негіздерге қанығуы 20-50%.

Тундралық глейлі торфты топырақтарына Оңтүстік және орманды тундра топырақтары тән. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60- 100 см. Беткі торфты төсеніш қабатты

А0- 5 -7 см Глейлі горизонтты гумус мөлшері 1,5 – 6 % дейін.

Тундралық глейлі күлгіндеген топырақтар . Бұл да негізінен топырақтарына Оңтүстік және орманды тундрадағы ылғалды европалық және Чукот - Анадырь провинциясыларының топырақтары тән. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 1 м-ден астам.

А0 – жұқа торфты (3 -5 см ) қабат.

А1 - гумусты горзионтты ( 5 – 10 см )

G – глейлі горизонтты ( 20 – 40 см )

Тундра топырақтары негізінен қышқыл немесе өте қышқыл топырақтарға жатады.

Бақылау сұрақтары:


  1. «Топырақтың көлденең — ендік зоналылығы» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тундра зонасында қандай топырақтар таралған?

  3. Тундра зонасының топырағын зерттеген ғалымдарды атаңыз?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
11 дәріс

Тақырып: Тайга-орман ландшафттарының топырақтары.

Мақсаты: Тайга-орман зонасының табиғат жағдайына және онда тралған топырақ жамылғысына тоқталу. Күлгін, шымды, батпақ топырақтарының морфологиялық белгілеріне тоқталып өту.

1. Тайга зонасының күлгінді, шымды-күлгінді топырақтары.

2. Шымды-күлгін топырақтар. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі.

3. Күлгін, шымды, батпақ топырақтарының морфологиялық белгілері.


Тундранын онтустігіне қарай өте кен алкапты орман­ды тайга зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД территориясынын 52%-не жуық 11520 мын км2, негізінен, ор манды-тайга. Зонанын 20%-тей жері батпакты аймақ. Бұл аймақта да өткен дәуірлерде түгелдей мұз жаткан. Сондыктан мүз әсерінін калдықтары әлі сақталған.

Бұл зонанын да ауа райы салқын. Қысы ұзак әрі суык, катты болса, жазы — кыска. Жылына жерге 400— 700 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болған-дыктан, түскен осы ылғалдын өзі мөлшерден асып, то­пырак кабаттарындағы суға ерігіш заттарды топырақ аетына шайып әкетеді. Ал біраз жерлерде батпақты ай-мактардын пайда болуына әкеп соғады.

Тайга жерін негізінен орман алып жатыр. Онын солтүстігінде кылкан жапырақты ағаштар өссе, онтүс-тігіне карай жапырақты ормандарға ұласады. Шырша, сәмбі тал, қарағай, кей жерлерде емен, жөке, итжүзім, шетен және қайын, көктерек өседі. Шөбі жайқалған ша-бындыкты жерлер мен батпакты аймақтар да үшыраса-ды. Жауын-шашын мол, вегетациялық уақыт жеткілікті болғандыктан, мүнда органикалық қалдыктар көп жи-налып калмай, тез шіріп кетеді. Топырак бетінде ағаш жапырағы көп түседі де, 'онын өзі аяк. астындағы төсе-ніштей болып, калындай береді, сөйтіп біртіндеп мине-ралдык затка айналады. Топырак ортасынын реакциясы қышқыл, яғни топырақтын сініру-алмасу комплексі, негізінен, сутегі катионымен, аздаған алюминий катионына каныкқан. Мұндай ортада микроорганизмдерден санырауқүлақтар көп тараған. Қышқылды ортада карашірік те жылжымалы болып, шайылып кетеді. Жауын-шашынның әсерінен сілтілер, әкті косындылар топырақ-тын төменгі қабаттарына жуылып кеткен. Сондықтан бұл зоналык топырактардың жоғарғы морфологиялык көрінісі суға аз еритін ақ-күлгін кварцка бай келеді. уБұл топырактарды осы себептен күлгін топырақтар деп атайды. Топырактың жоғарғы кабаттарынан шайылып, сінген заттар топырак астында 50—60 см терендікте не-месе одан да төменде жиналады. Бұл аймақтың топырағы, негізінен, төмендегідей үш зонашаға бөлінеді: күлгінді, шымды-күлгінді, шымды-шалғынды топырақтар.

Қүлгін топырақтар. Топырактын күлгін кабаты орман төсенішіне жакын жатады. Орман төсенішінін калыцдығы 7—8 см (А). Бұл кабаттан айрыкша бөлініп (А2), күлгін, ағарган үнға ұксаған шайылған (элювиалды) кабат жатады. Күлгін кабаттын қалындығы 30—35 см-ге жетеді. Бұл қабаттан негізгі суға еритін жылжы­малы заттардын барлығы шайылып кеткенімен, суға аз еритін кремний кышкылына бай. Күлгін кабаттан ксііін топырақтыц (иллювиалды) жинамалы (В) кабаты бас-талады. Бұл қабаттың тереңдігі 80—90 см дейін жетсді.3 Түсі кызрылт-коныр, тығыздығы қатты. Топырактыц бүл қабатына жоғарыда жаткан (А2) қабатынан темір мен алюминийдің тотыктары жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл кабаттан төменгі қабаттарға дейін өтеді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тайга-орман зонасының климаты және өсімдік жамылғысы қандай?

  2. Тайга-орман зонасында қандай топырақ типтері таралған?

  3. Күлгін топырақтардың қандай ерекшеліктері бар?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
12 дәріс

Тақырып: Аралас және жапырақты орман топырақтары

Мақсаты: Ар алас және жапырақты орман топырақтарының ТМД мен шетелде таралуына, ауа райы жағдайына, жер бедеріне, топырақ түзуші жыныстарға және топырақ типтеріне тоқталып өту.

1. ТМД мен шетелде таралуы.Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар.

2. Сұр орман топырақтары.ТМД-да таралуы.Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақ түзуші жыныстар.

3. Кұба орман топырақтары.


Тайга зонасының оңтүстігінде аралас қылқан жапырақты орман зонасы орналасқан. Бұл ормандар әсіресе Шығыс - Европа жазығы территорясында кеңінен таралған. Бұл ланшафт топырақтары Ресейдің европалық бөлігіне тән. Аралас орман зонасының киматы тайга орманды зонасының климатына қарағанда ауа райы жылы, жазы ұзақ. Жылдық атмосфералық жауын шашын мөлшері 500-600 мм . Батысқа қарай Ресейдің азиялық бөлігінде климат қатаңдай бастайды, булану мөлшері көп. Өсімдіктер дүниесінен шырша , қайың, пихта кең таралған. Био массасы 2000 - 3000 ц \ га.

Шығыс - Европа жазығына көбіне шымды күлгін топырақтар тән. Олар саздақты топырақ түзуші жыныстар негізінде түзіледі.

А - орман төсеніш қабаты , қылқан жапырақты ағаштардан түскен түсімнен тұрады. Қабат қалыңдығы 2 – 5 см.

А1 - гумусты горизонт. Жоғарғы бөлігінде шөптесін өсімдіктердің тамырлары көптеп таралған. Түсі сұр түсті. Құрлымы тамыр көп таралған жерлері кесекті. Қабат қалыңдығы 5 – 20 см.

А2 - күлгін қабат . Ашық сұр түсті. Бұл горизонтқа жапырақты - пластинкалы құрылым тән. Қабаттан сондай - ақ қара және құба түсті марганецті және темір конкрецияларын байқауға болады. Қабат қалыңдығы 20 -25 см.

В - иллювиалды горизонт. Түсі қара - қоңыр құба түсті. Өте тығыз. Құрлымы жаңғақ тәрізді. Үстіңгі бөлігінде құрлым ұсақ жаңғақты, төменге қарай құрылым көлемі ұлғая береді. Қабат қалыңдығы 1 м, кейде одан да көп.

Аралас орман зонасында өзендер аралығында топырақтың беткі батпақтануы пайда болуы мүмкін.Анаэробты процестердің дамуына жағдай туады, шөпті алқаптар орнына сфагнум мүктері дами бастайды. Беткі ланшафты батпақты аймақтарда торфты - күлгін -иейлі топырақтар түзіледі. Негізгі ерекшелігі иейлі горизонттың болуы. Бұл топтың құрлысы төмендегідей:

А - торфты қабат, мүкті жамылғы мен мүк және қылқан жапырақтың жартылай ыдыраған қалдықтарының астында жатады. Түсі негізінен қара құба.

Қабат қалыдығы 10 – 20 см.

А1- гумусты қабат , қара түсті, қабат қалыңдығы 10 см шамасында.

А2 - күлгін қабат , сұр түсті, қабат қалыңдығы тұрақсыз.

В - иллювиалды горизонт. Түсі дақ тәріздес.

Жоғарыда аталған топырақ қабаттарының шымды - карбонатты топырақ қабатты немесе рендзиннен ерекшелігі көп. Бұл топырақтың кальций карбанатына байланысты топырақ жынысы түзілген. Бұл топырақ Ленинград обылысы, Латвия,Эстония жерлеріне тән.

Шымды - карбонатты топырақ құрлысы ынандай :

А қабатты - түсі қара , құрлысы дән тәріздес, қалыңдығы ге дейін.

В қабаты - өтпелі , қара құба түсті, қалыңдығы 15 – 18 см.

Шымды-күлгін топырақтардын күлгің топырақтардан айырмашылығы сол, мүнда орман төсеніші жөнді емес, калындығы 2—3 см ғана. Төсеніштін өзі тек сынып түскен, шіріген ағаштар мен кураған шөптердіц қалдыкта-рынан түрады. Бұл төсеніштен кейін шымды кабат басталады. Онын түсі — коныр-сұр, қалыңдығы 10—20 см. Бұл кабатта, негізінен, шөптердің тамырлары таралган. Ал одан кейін аса дамымаған күлгін кабат жатыр. Тек қана шалғын шеп өсетін ормансыз жерлерде шымды-шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бүл зонада олар көп емес. Онын біразын шалғыпды-батпакты топырақ-тар алып жатыр.

Өсімдіктер үшін коректі заттарға бүл зонаның топырактары кедей, оныц қарашірігі де өте аз 0,5—1,5%, то-пырак. ортасыиың реакциясы кышқыл РН—4,5—5,5%. Бұл зонада Ресейдін негізгі ор.ман шаруашылығы дамы-ған. Егін, бау-бакша егуге зонанын, тек 4,5—5%-і ғана игерілген. Оның өзі де зонанын батыс жак белігінде.

Бүл топырактарды егістік жерге айналдыру үиіін міндетті түрде органикалық және минералды тыңайткыштар ендіріп, топырактың қышкыл реакциясын төмендететін известь (әк) колдану кажет. Соңғы жылдары кара топыракты емес алкапты ауыл шаруашылығына кең көлемде игеру жүмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымды-күлгін топырақтардан сілтілер, известер шайылып кеткен. Оның сіңіргіштік комшіексінің құра-мында кальций және магниймен бірге топыраққа қышқыл реакция беретін қышқылдар мен судьщ бір бөлігі — сутегі және алюминий болады.

Топырақтың жоғарғы 5—10—20 см тереңдігінде жатқан қабаттары әсіресе күшті шайылады. Мұндай тереқдіктерде топырақтың бөлшектерін 'біріктіріп, желімдеп тұратын қара шірік өте аз болуына, сондықтан су мен қышқылдардыц еріткіштік әрекеттерінің ерекше күшеюі-не байланысты. Тек кварц минералы және структурасы «ұнға» ұқсас кремний тотығы ғана аз ериді, олар топырақтың жоғарғы қабаттарында, әсіресе, қышқылдар мен суға басқалардан көрі күштірек шайылатын қабаттарын-да жинақталады. Мұнда топырақтың 100 бөлігіне кварц пен кремнийдің ұн (аморфты) тәрізді тотығының 80— 85 бөлігі келеді. Бүл қабат қышқылдарға жуылған кварц түйіршіктері мен кремнийдің «ұн» тотығы көп болган-дықтан ақшыл түсті келіп, күлге үқсас болады. Сондық-тан оны күлгіндеу қабат, ал мұндай қабаты бар топы-раіқтарды халыіқ күлгін топъірақ деп атайды.

Топырақтын, жоғаргы қабаттарынан шайылған уақ, коллоидтық бөлшектер: қарашірік, темір, алюминий және марганецтің су тотығы, известь және басқа заттар сумей бірге топырақтың төменгі қабаттарына өтіп, 50 см шамасындағы тереңдіктерде шөгеді, ал бірқатар бөлігі ыза суларына да қосылады.

Климат, өсімдік және аналық жыныстардың әртүрлі болуына байланысты тайга аймағының түрлі жерлерінде күлгіндену процесінің даму дәрежесі мен күлгіндеу топы-рақтардың қүрылысы бірдей емес. Бұл аймақты күлгін-деу топырақтардың,өзгешеліктеріне қарай үш бөлімге белуге болады.

Бұл аймақтың тундраға шектес жатқан солтүстік бөлімінде климат суығырак келеді. Мұнда ағаштар нашар өседі. Ормандардың көпшілігі кылқан жапырақты орман-дар, олар да жақсы өспейді. Олардың астында мүктер мен' бұталар ғана өседі, ал шөп жоқ есебінде. Өсімдік-тердің тамыр жүйесі нашар, жұқа шым горизонты ғана құрылады.

Климат бірқатар суық болғандықтан топырақ суы нашар буланады, сондықтан топырақтар жылдың көпшілік уақытында өте дымқыл болып, желге жеткіліксіз қа-ғылады. Ауаның, оның негізгі бөлімі — оттегінің жеткіліксіздігі топырақтағы түрлі минералдардың шала тотығуына соқтырады. Мысалы, оттегі жеткілікті болған жағдайларда темір өзінің әрбір екі бөліміне (екі молекулаға) үш бөлім (үш молекула) оттегін қосып алады, демек темірдің бір молекуласьша бір жарым молекула оттегі қосылады: бұл «темір тоты», не қызыл-коңыр түсті темір тотығы. Оттегі жеткіліксіз болса темірдің әрбір бө-лімі бір жарым емес, оттегінің бір бөлімін ғана қосып алады. Мәдени өсімдіктер мен бактериялардың көпшілі-гі үшін улы, жеткілікті тотықпаган шала тотык, пайда болады. Темірдің шала тотығының фосформен косындысы жасылдау, көкшілдеу болады. Оның мелшері көп бол­са топырақтың түсі де жасылдау, көкшілдеу болады. Мүндай топырақтарды глейленген топырақ деп атайды. Тундрамен көршілес солтүстіктегі күлгіндеу топырақтар әдетте глейленген болады, сондықтан оларды глейлі-күлгін топырақтар деп атайды. Бүл күлгін топырактардың ішіндегі ең қышқыл және ен, құнарсыз топырақ.

Глейлі-күлгіндеу топырақтардан оңтүстікке қарай климат жылырақ болады, сондықтан қылқанды орман-дар (оның астындагы мүкті-бұталы- қабатымен) жақсырақ өседі. Топырақтық үстінде бұтак, кылқан және жапырақтан құралған төсеніш анагұрлым көп жиналады. Ол мүкпен бірге калыңдығы 5— 6 сантиметрлік қалың төсеніш құрайды. Төсеніштің ас­тында жұқа (1—5 см) шым горизонты, одан темен струк­турасы ұн не жапырақ тәрізді ақшыл, анағұрлым қалың күлгіндеу горизонт, ал оның астында қырлыжаңғак (рудяк) структуралы горизонт жатады. Баурайларда артық ылғал болмағандықтан бұл топырақ глейленбеген, бірақ жоғарғы горизонттарының реакциясы кышқыл болады. Бұл топырақтарды күлгіндеу топырактар деп атайды.



Орманды-дала зонасындағы сұр топырақтары. Күл-гін топыракты зона мен кара топыракты зоналардың арасында жіцішке болып ирелендеп, батыстан шығыска карай созылып, етпелі зона — орманды-далада, орманнын, сур топырактары жатыр. Бүл, негізінен, ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алкаптардың топы-рағы. Бүл екі алкаптардың орманды жерлері басым. Орманды алкаптардың көлемі 716 мың шаршы кило­метр, ал ормансыз алкаптардың көлемі 477 мың шаршы километр.

Орманды территорияларда орманның сүр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды кара топырак таралған.

Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық касиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орман-нын сұр топырағынын кұрамындағы қарашіріктің мөл-шері 2—6 проценттей болса, ал шалғынды кара толы-рақтарда қара шірік 10 проценттей болады.

Бул зона егіске жақсы игерілген. Игерілу жөнінен қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зона-ның 40%-тен астамы жыртылған жерлер. Негізінен, би-дай егіледі. Зонаның 25%-тей жерін орман алып жатыр. Негізгі көлемі Ресей мен Украина үлесіне тиеді. Қазак-станның ең шеткі терістігінде бұл зонаның біраз көлемі орын алған.

Сұр орман топырақтары белгілі бір зона түзбейді. Сұр орман топырақтары Белоруссияның батыс бөлігінен Байкал көлі маңына дейінгі зонада созылып жатыр. Сұр орман топырақтары континентальды климат жағдайында дамиды. Климаттың суықтығы мен қатаңдығы батыстан шығысқа қарай арта бастайды. Орташа жылдық температура батысынды +70С, ал қаңтардың температурасы – 60С , ал шығысында жылдық орташа температурасы - 4,50С, қаңтардың орташа температурасы -280С. Батысында жылдық жауын-шашын 500-600 мм, ал шығысында байкал маңында 300 мм шамасында. Өсімдік жамылғысы жапырақты-шөптесінді ормандар. Жапырақты орман түсім массасы тайга ормандарының түсіміне қарағанда көп, 70-90 ц/га. Топырақ түзуші лесс тәрізді саздақты жыныстар. Бұл шөгінділер карбонатты. Сұр орман топырағының құрылысы төмендегідей.

А0 – орман төсеніші, ағаштар мен шөптесінді өсімдіктердің түсімінен тұрады. Қабат қалыңдығы 1-2 см.

А1 – гумусты қабат. Түсі сұр немесе қою сұр түсті, шөптесін өсімдіктердің тамырлары көптеп таралған. Ұсақ немесе орташа кесекті құрылымды. Қабаттардың төменгі бөлігінде кремнеземдық присыпка (ұнтақ) таралған. Гумусты горизонт қалыңдығы 20-30 см шамасында.

А2 – түсі сұр және құрылымы жапырақты –пластинкалы. Жоғарғы бөлігінде кей жерлерде анық көзге байқалмайтын кесекті құрылым, ал төменгі бөлігінде ұсақ жаңғақты құрылым кездеседі. Қабат қалыңдығы 20 см шамасында. Ұсақ темір-марганецті конкрециялар кездеседі.

В – түсі қоңыр-құба және жақсы байқалатын жаңғақты құрылым тән. Жоғарғы бөлігінде құрылымы ұсақ жаңғақты, төменгі бөлігіне қарай ірілеу келеді де призмалы құрылымға ауысады. Қабат қалыңдығы 80-100 см шамасында.

С – лесс тәрізді саздақты жамылғы қабат. Сары-құба түстес, құрылымы призмалы. Бұл қабатта карбонатты жаңа заттар кездеседі:



  • Ашық-сұр

  • Сұр

  • Қою сұр

Бұл тип тармақтарының атаулары гумусты горизонттың боялу қарқындылығына байланысты. Сұр орман топырақтарында гумус мөлері әдетте 3-8% аралығында. Оның негізгі көзі орман және шөптесін өсімдіктердің түсімі. Қолайлы климаттық жағдай топырақ фаунасы мен микроағзаларының тіршілігіне қолайлы келеді. Бұлардың іс-әрекеті нәтижесінде шымды-күлгін топырақтарғы қарағанда бұл топырақтарда өсімдік қалдықтарының өзгеріске түсуі қарқынды жүреді. Түскен түсімнің бір бөлігі ыдырамай орман төсеніші күйінде қалады.

Сұр орман топырақтарының түзілуі биоклиматтық жағдайларға байланысты. Сондықтан ашық-сұр орман топырақтары сұр орман топырақтары жолақтарының солтүстік бөлігінде, сұр топырақтар ортаңғы бөлігінде, қою-сұр топырақтар оңтүстік бөлігінде таралған. Қазіргі кезде сұр орман топырақтарының Украина, Батыс Сібір, Алтай маңы т.б. провинцияларын атап көрсетуге болады.

Сұр орман топырақтары шымды-күлгін топырақтарға қарағанда біршама құнарлы келеді. Олар дәнді-дақыл, бақша дақылдарын, техникалық дақылдарды егуге қолайлы. Бұл топырақтардың негізгі кемшілігі – көп ғасырлар бойы қолдану нәтижесінде құнарлығы төмендеп, эрозияға көп ұшыраған. Құнарлығын арттыру үшін органикалық және минералды тыңайтқыштар қосу қажет. Қышқыл ашық-сұр топырақтарға әк қосу қажет.

Құба орман топырақтары.

Құба орман топырақтары сұр орман топырақтары сияқты жапырақты ормандар астында, бірақ ылғалды және жылы климатты аймақта түзіледі. Бұл топырақтар Батыс Еуропада кең таралған. Бұл топырақтарды алғаш зерттеген неміс ғалымы Э. Раманн. Құба орман топырақтары Карпатта, Таулы Қырымда, Кавказдың жылы және ылғалды аудандарында, Ресейдің Приморье жағында жақсы дамыған. Солтүстік Америкада жалпақ жапырақты ормандардың құба отпырақтары құрықтың Атлант мұхиты жағында таралған. Ол солтүстігінде шымды күлгін топырақтар мен оңтүстігінде қызыл-құба орман топырақтары мен қызыл топырақтармен шектеседі. Топырақ қабатының құрылысы төмендегідей:

А – гумусты горизонт, сұр құба түсті, құрылымы кесекті. Қабат қалыңдығы 20-25 см

В – жоғарғы бөлігінің түсі ашық қоңыр құба, сазды, құрылымы кесекті-жаңғақты. Төменгі бөлігінде құрылымы ірілене түседі. Қабат қалыңдығы 50-60 см.

С – топырақ түзуші қабат. Лесс тәрізді саздақты жыныстар. Карбонатты жаңа заттар кездеседі.

Құба орман топырақтарында гумус мөлшері 4-6%. Батыс Еуропада тыңайтқыштарды көп енгізсе бұл топырақтардан ауыл шаруашылық дақылдарынан көп өнім алуға болады. Германияның оңтүстік бөлігінде және Францияда құба орман топырақтарын жүзім егуге пайдаланады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Аралас орманды зонаның климаты мен өсімдік жамылғысы қандай?

  2. Аралас орманды зонада қандай топырақтар таралған?

  3. Сұр орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

  4. Құба орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
13 дәріс


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет