Тақырып: Цистит



жүктеу 38.29 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі38.29 Kb.

Тақырып:Цистит


Жоспар:


  • 1 Аурудың қоздырушылары

  • 2 Этиология

  • 3 Eмделу

  • 4 Ciлтемелер :

Цистит —  қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.

Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы түрге өтіп кетеді. Циститтің алдын алу үшін жыныс  ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті түрде  емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі тиіс, сонымен қатар ежелгі халық емшілігінде қолданылған мынадай кеңестерді де ескеру керек.

1. Науқастың дене қызуы көтерілгенде оны төсекке жатқызуға, аяғын бұлауға (32-35°С) түсіру керек, қарынның төменгі жағына ыстық кебек не болмаса қайнатылған дәннің қауызы мен езілген картоп басу қажет. Емдәм — сүт және өсімдік тағамдары.

Сұйықтықты жылы күйінде көбірек ішкен жөн. Тәтті тағамдар  мен  спиртті ішімдіктерді қолданбау керек. Күн сайын жарты қасық ас содасын суға қосып   ішкен  пайдалы.

2. Іш қату жағдайында касторка сияқты күшті  іш жүргізуші дәрі беруге болмайды, мұндайда қарапайым әдістерді: қара өрік, шикі сүт, сәбіз шырынын, қышқылт қырыққабат жегізу арқылы ішті жүргізу қажет.

3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған. Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де отқа мұқият қыздырады, екеуін де бос шелекке  салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен қымтап, үстіне дене тигізбей  кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін жылы киініп, көрпе жамылып  жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен жазылып  кетеді. Мұндай  халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.

Аурудың қоздырушылары


Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасыпротейстафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

Этиология


Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене темп-расы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцитэротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігіпростатитуретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.

Eмделу


Емі: режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылға

Пайдаланылған әдебиеттер


http://inter-plus.ucoz.ru/

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет