Тақырып: Әдістемелік жұмыстың есептері мен мәні. Мақсаты



Дата29.04.2022
өлшемі17.49 Kb.
#173429
Байланысты:
1 тақырып
?ылыми зерттеулерді ?йымдастыру п?нінен тест, 2 дәріс, 7 до

Тақырып: Әдістемелік жұмыстың есептері мен мәні.

Мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Дәрістің мазмұны: Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен  практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп қарастырады [1].

Қоғамның қарқынды дамуы ғылым мен білім деңгейінің дамуына тәуелді. Президент Н.Ә.Назарбаев «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу, әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс. Біз... білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» - деп білім берудің сапасын арттыруда білім беретін мекемелердің инновациялық қызметке көшуін қалыптастыруға баса назар аударды [2].

Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiр дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.


2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.

I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі міндеттері
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.

  • Оқу құралдарының мазмұнын дайында мен оны жаңарту.

  • Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.

  • Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.

  • Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.

Еркін қол жетімді әдеби көздердің ұсынылатын тізімі

  • дәрістің өз мақсатына жетуі

  • негізгі тұжырымдар

  • мәселенің теориялық маңызы

  • мәселенің практикалық маңызы

  1. Қазақстан Республикасының «Білім» заңы.

  2. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам». //Егеменді Қазақстан. 10.07.2012.

  3. https://youtu.be/7-GR4P58sr0


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет