Тақырып: Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары Кіріспе


I Бөлім Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері



жүктеу 0.59 Mb.
бет2/6
Дата19.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

I Бөлім

Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері




1.1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны


Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. [3-69б] Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен, өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері ұғымымен бірге бүкіл әлемді таңдандыра келген, ал қазір актив лексикаға қосылған жай сөздер. Тіпті бүгінгі таңда қазақ тіліне енген болған веб сайт, интернет, сөздері де күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Мысалы, құранды жем, пішендеме сияқты сөздер қолданысқа түскеніне көп уақыт болса да, көпшілікке түсінікті болатындай дәрежеге жете алған жоқ. Себебі олар мал шаруашылығымен шүғылданатын адамдардың ғана қажетін өтеуде. Пассив лексика қатарындағы неологизмдер мен көнерген сөздерді өзара салыстырсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі көнерген сөздердің ұмытылу процесі мен неологизмдердің актив лексика қатарына өту процесі бірдей емес.

Сонымен неологизмдер дегеніміз - актив лексика қатарына енбеген жаңа сөздер. [2-88б]

Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де әбден мүмкін. Мысалы, С. Сейфуллиннің

"Негізін сап, қызыл сарай

Жүрміз міне қаласып", - деген өлең қатарындағът жаңа. қоғамды көтеріңкі стильде образды айту үшін кызыл сарай сөзі қолданған. Бірақ ол актив лексикаға кірмейді.

Мұхтар Әуезов шығармаларында да қарсыласу, миландыру сияқты жаңа сөздер кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып табылады.

Сонымен неологизм түсінігінің дәлме-дәл анықтамасы мен белгілі бір сөздік бірліктердің неологизмге, қағидаларына қатысты мәселелер қазіргі күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып табылады.

«Неологизм» түсінігін тереңірек қарастырған А.З.Қазанбаева болып табылады. «Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады. Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді. Мысалы, reactor - ядролық реактор, biocide- биологиялық соғыс және т.с.с. [3-56б]

Сондай-ақ неологизмдердің өздері де тілде белгілі бір мағынаны белгілейтін жаңа синонимдерді қалыптастырады. Бірақ бұл синонимдерге коннотативті бояулар тән, яғни сөздерге жаңадан мән, сипат, маңыздылық беретін семантикалық және стилистикалық сөз бояуларына ықпал етеді. Мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын синоним болғанымен, басқа семантикалық бояуға ие.

Осы лексикалық инновациялардың пайда болуына, тіл тұрақтылығына, қолдану жиілігіне байланысты біртектілік байқалмайды. Біреулері тілге енсе, екінші біреулері қысқаша уақыт ішінде қолданудан шығып кетуі мүмкін. Көбіне жаңа сөздердің пайда болуы жаңа ассоциациялардың қалыптасуымен байланысты болғанымен осы кезде сөз түсінігі сақталады, өйткені тіл және жалпы лексика қарым-қатынас құралы ретінде өз қызметін атқарады, сөздерге қатысты жаңа түсініктерді бекітіп, қайта өңдейді. Тілдік жүйеде жаңадан пайда болған неологизмдер біраз уақытқа дейін таралмай, тілдің құрылымдық талаптарына жауап беретін сөздер ғана кейіннен бірте-бірте тілдік жүйенің орталығына негізгі сөздік қорға ауысады. [3-65б]

Жаңадан қалыптасқан сөздер тез арада орталыққа еніп, қажетті және белсенді түрде сөздік құрамға кіреді. Негізінен жаңадан қалыптасқан сөздер ғылым, техника, мәдениет, саясат салаларында пайда болса, ал неологизмдер сөйлесу барысында қалыптасады.

Жаңа қалыптасқан сөздер мен неологизмдерді уақытша критерийлер объективті анықтай алмағандықтан, субъективті критерийлерді қолданудың мәні зор.

Енді ыңғайлы болу үшін «неологизм» термині ретінде лексикалық жаңа қалыптасқан сөздерді де, жеке неологизмдерді де сипаттайтын сөздерді белгілейтін боламыз.



1.2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері

Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико- семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес. Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұрылым сияқты тәсілдер жаңа сөзқұраудың негізгісі болып табылады. [6-82б]

Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұраудың көмегімен 88% жаңа сөздер құрылады (3000 зерттелген сздердің ішінде).

Мысалы, басқалар конверсия, лексико-сементикалық тәсіл, жаңа сөздерді аз көлемде құрайды, және сөзқұраудың тарихи тәсілдерінің қатарына өткендігімен, үшіншіге жатқызуға болатын тәсілдер, сөздерде дыбыстардың кездесуі мен екпіннің ауыстырылуы, аз өнімді және қазіргі кезде дерлік қолданылмайды. Осыған байланысты бөліп көрсету керек:

- аз өнімді аффикстер;

- «абсолюттік өнімділік» бұл өнімді аффикс, сөзқұру тәсілінің сөзқұру элементі ретінде, осы ортада өзінің қолданылуында минималды шектеулі.

Өнімділік, әртүрлі тілдік бірліктің басты сипаттамаларының бірі болып табылады. Өнімділік сөзқұру моделінің салмағы басым болады. Өнімділік жаңа сөзқұрұлуында орталық механизмнің жұмысын атқарады, сөзқұру моделінің сипатында басым салмаққа ие. Сөзқұруды өнімділік мағынасы, моделдерден басқа, аффикстерге де, сөзқұру элементтерінің негізіне және де сөзқұру тәсілдеріне де таралады, «өнімділік» сөзінің өзінің семантикасы өте кең көлемде. [7-104б]

Мүмкін, осы факт, зерттеушілердің арасында, осы мағынаның жекеленген аспектілері мен оның негізгі сипаты жайлы бірдей пікір жоқ екендігінің себебі шығар.

Сөзқұру негізіндегі «өнімділік» синонимдік термин екенін атап өту маңызды - «сөзқұрулық белсенділік», ол сөздердің құрылулық қабілеті, мысалы, сөзқұру элементі мен жаңа сөзжасаудың. Модель, аффикс жаңа сөздер құруда белсенді негізі болуы мүмкін және керісінше пассивті, бұлардың көмегімен жаңа сөздер аз көлемде құрұлады немесе тіптен құрұлмайды.

Л.Гилберт сөзқұрау тәсілінің өнімділігі ретінде неологизмдер жіктеуін түбегейлі ұсынды.

Ол сөзқұрау тәсілі бойынша неологизмнің мына топтарын бөліп көрсетуді ұсынады:

1. Жеке дыбыстардан немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан құрылатын, фонологиялық неологизм. Бұл неолоизмде жаңашылдық, жасандылық байқалады. Дыбыстардың мұндай үйлесімділігі, грек немесе латын тілдерінің морфемімен сыйысады. [8-102б]

Мұндай сөздердің мысалы, соңғы онжылдықта жасалған талшықтар полимері сөздері болады: polysterol, nylon, ets. Немесе, физика, химия, оптикада және т.б. қолданылып жүрген терминдер.

Polychromatic – көптүсті.

Monochromatic – біртүсті.

Мұндай неологизмдер, фонологиялық неологизм деп аталады.

Бұл топқа одағайда туындаған сөздер кіреді.

zizz (қысқа түс) – ұйықтап жатқанда шығатын дыбыс имитациясы;

to buzz (телефон соғу) – телефон тетігінің жұмысының дыбыс иммитациясы.

Көріп тұрғанымыздай, керіодағайлық неологизмнің негізі – дыбыстардың және дыбысқа еліктеудің имплекациясы.

Сонымен қатар, осы топқа жаңа одағай түрлері шартты түрде кіреді:

Ytch немесе yuck – қатты жиіркенішті білдіретін одағай;

Wow – таң қалу, масаттану;

Ouch бір жерінің қатты ауырғанынан кенет айқайлап жіберу;

Oops – адам бір нәрсені түсіріп алғанда айқайлап жібері.

2. Шеттен алып пайдаланылған неолоизмдер [16-99б]

Бұл топтың неологизмі, күшті неологизмге жатады. Олардың жалпы тенденциясы болып, ағылшын тіліне ұқсамайтын фонетикалық дистрибуция жатады. Оларда салдар болмайды, олар ағылшын тіліне жанаспайтын морфологиялық мүшені иемденеді. Шеттен аып пайдалануды төрт топқа бөлуге боады:

а) Өз еркімен шеттен алу. Бұл неологизм бұлағының – негізгі тілі – француз тілі. Ауысып алу өсуінің жаңа тенденциясы, ол африка және азия елдері тілдері, әсіресе жапон тілдерінен ауысып алудың өсуі болып табылады. Бұл категориядағы неологизмдер көбінесе мәдениет аумағында кездеседі:

discothegue, cinemathegue.

Қоғамдық – саяси өмір:

the Duma - Дума

Күнделікті тұрмыс:

petit dejeuner – азғантай таңғы ас.

ryokan – риокан (дәстүрлі жапон стиліедегі қонақ үиі).

Ғылым және техника және т.б.

б) Бұл топқа варварлық тәсіл жатады – олар жаңашылдықпен ерекшеленетін аз ғана ассимиляцияланған неологизмдер, мысалы: dolue vita , perestroika, glasnost [17-132б]

в) Үшінші топқа – ксенизмдер жатады. Бұлар шындықты, елдің тұрмыс ерекшелігін бейнелейтін тілдің өзіне тән емес неологизмдер, мысалы:

Kung – fu (кунг –фу)

Ninjia – ниндзя,

Guro- бутерброд түрі.

Ксенизм, барлық ауысып алынған сөздердің 14% құрайды және варварыққа қарағанда жаңа сөздер көп.

4. Төртінші топты – калька құрайды (басқа тілдің үлгісінен сөз жасау). Соңғы 25 жылда, ағылшын тілінде кальканың мөлшері бірден азайып кетті. Заботкина қолданылып жүрген неологизм калькасының үш түрін көрсетті: [21-142б]

Dialogue jf the death ( фр.тілінің dialogue des sourds ) – сөз таластыру, мұнда қатысушылар бір–бірінің дәлеліне назар аудармайды.

Gliding time ( неміс сөзінен glietzeit) – жылжымалы график;

Photonovel (исп.тілінен Photonovela) – фотороман, роман, фотосуреттерден тұратын диалог қоспасы бар комикс стилінде.

II . Тілдік жүйедегі үлгілерден, және осы жүйедегі морфемадан құралған морфологиялық неологизм. Мұнда бірнеше топты бөліп көрсетуге болады: [18-93б]

Аффикстік нелогизм. Аффикстік бірлік, Кэнонның мәліметтері бойынша барлық жаңа құралған сөздердің 24% құрайды және болар болмас дәрежеде күрделі сөздерге жол береді. Жаңа сөздер құруда қолданылып жүрген аффикстердің саны, және олардың дистрибуциясы қазіргі уақытта өте бай әрі әртүрлі. Жаңа сөздер құрудағы, соңғы 25 жылда 103 жұрнақ, 127 осымша (префикс) және жартылай қосымшалар қолданылады. Әрине, жаңа аффикстер мен жартылай аффикстердің көмегімен құрылған бірліктер, жаңа сөздерде аздаған ғана мөлшерде болады.Олар көп емес: -on, -ase, -nik, mansship, eco-, mini-, maxi-, mega-, cine-, - oholic, -gate, -natcher, dtal-a-, flexi-, apses-.

Қазіргі кездегі аффикстердің өзіндік сипаты, олар қатаң түрде терминделгендігі және нақты ғылыми–техникалық ортаға бекітілген (мысалы, muson– қарапайым бөлшек, histosol–ылғал топырақ, nudnik–жазушылық стиль, ecological –экологиялық, mini - bikini ).

Көптеген сөзқұру моделдері, неологизмнен сөзқұру элементтерін алып тастаудың нәтижесі, сонымен, аффикстер өздерінің мәнін кеңейтеді немесе оны өзгертеді, мысалы: aholic, неологизмнен алынып тасталған norkoholic кең таралған alckoholic сөзінен), өзінің мағынасын кеңейтіп және бірнәрсені білдіретіндігін көрсетеді: bookaholik, chocoholic, coffeholik, осы принциппен келесі сөзқұру бірліктері кеңейтіліп және өзгертілді -super-, counter-, anti-, - ism.

Сөзқұрау. Соңғы онжылда қосымша сөз ролі айтарлықтай өсті. Ал, моделдің мөлшері, сол күйінде қалды. Анағұрлым кең тараған моделдер: N + N ->N немесе A+N->N, болып табылады. Мысалы:

High – rise – көпқабатты үй.

Cloth – cap – жұмысшы.

Ratflink – сатқын.

Hard – line – ымырасыз көзқарас.

Earthday – жер тәуліктері.

Сөздердің көлемі көбеюде, оның бірінші компоненті – өзіндік аты.

Reaganomics– рейганомика, Рейганның саясаты, оның басқару стилін ұстану. Келесі модель жоғары дәрежелі өнімділіктің иесі болып табылады. [22-74б]

Part II + А

Laid – back - әлсірегендік.

Бұл моделдің сөздері, көбінесе неформалды жағдайларда кездеседі. Қанша жерден өзекті модель болғанымен, ол жаңа болып есептелмейді, олардың күрделі сөздерге қатыстылығ және герундиалдық формасы ертедегі ағылшын кезеңіне шығады.

Моделде буындық етістіктің көмегімен құрылатын сансыз көп таптарды сөздер құрайды.

V+PP


Осы моделмен құрұлған сөздердің қолданлуы, неформалдық қатынас жағдайының шеңберімен шектелген.

Warm –up - дене жаттығулары арқылы бұлшық еттерді қыздыру;

Be –in – достық кездесу;

a write - off – қолданыстан шыққан;

lie –in – қарсылық демонстрациясының жатын түрі;

a pay out - төлеу.

Компонентті комбинациялық құрылымның тенденциясы күшеюде. 500 дей бірлік (Заботкинаның мәліметі бойынша күрделі сөздің 12%) үш компоненттен тұрады:

Middle – of- the –read – орташа,

Head – to –head – қоян–қолтық күресу,

Easy – to –use – жайлы, қолданыста жеңіл,

Do –it –yourself - өзің жаса.

Бұлар дәстүрлі моделдер. Бірақ, қазіргі кезде ағылшын тілінде сөзқұрудың жаңа моделдері пайда болды, бұлар олардың ішіндегі ең өнімділері:

Abbr+N->N, мысалы:

T-shirt – тениска,

V-ball_ баскетбол,

B-ball­- волейбол,

N+Numeral->N

Cats 22 – a directive that is impossible to obey violating somebody, or some other, egually important – 22 амал Дж.Хеллердің «Cats 22» – атты сатиралық романы шыққаннан кейін, тіл ғылымында пайда болған жаңақұрудыңкең қолданылуы.

Participle +N->A

Off-the-shelf- пайдалануға дайын

N+ Particle ->A

Hands –on-тәжірибелік

Бұданда да күржелі сөзжерді кездестіруге болады.

N+ Prepositional Phrase +N->N

Right-to-work law

Конверсияланған неологизмдер. Конверсияланған неологизмнің моделі N->V немесе V->N өзінің белсенділігін едәуір төмендетті. Бұл, ағылшын тілінде зат есім-етістіктен аффиксті жолымен жеңіл құрылатынымен байланысты. Бұл етістікке де тән, мысалы: a seeker – a person, who wants is going to a Christian, but doubts in some points of the religion- жан ашу, құдайға сенуші. [22-68б]

Конверсияланған неологизмге, аффикстік немесе сөзқұру жолымен жасалған неологизмге сияқты көпкомпонентті құрыым типі тенденциясы тән:

work-to-rule (Заботкина мысалы) жұмысшылардың еңбек келісім шартының барлық пунктерін сақтауын талап етіп шығуы.

Конверсияланған неологизмнің құрылуының негізгі моделінен бөлек N->V және V->N басқалары да бар, мысалы:

Prefix-> N or A

Huper – ашулы,

Maxi – үлкен размердегі бір нәрсе, немесе:

Abbr -> V, мысалы:

R.S.C.P. ( фр.тілінен Responder sil vojs plait ) – жауап беріңізші, өтінем (хатта).

Конверсияның мәнін түсіну үшін, талданған моделдерге қайта оралайық.

N(жансыз)->V. Сонымен, конверсия мәні неологизмнің құрылу тәсілі ретінде келтіруге болады: конверсияда ұғымның мазмұны баиды, жаңа сапалар қосылады.

Төртінші топқа морфологиялық неологизмнің қысқартылуы қатысты. Қысқартылу соңғы онжылда анағұрлым өнімді және морфологиялық неологизмнің құрылуының жүйелі амалы болып табылады. Бұл амал көрнекі өнеге болып, тіл күшін үнемдеуде, тілді ұтымды көрсету тенденциясы. Қысқартудың төрт түрі бар: неологизм –аббревиатура (баспада шартты қысқартылған сөздер). Аббревцияға көбінесе техникалық терминдер кіреді, және әдетте аббревиатура терминдерден гөрі жиі қолданылады: [22-91б]

Е.V.A. (extra vehicular activity)- ашық космостағы жұмыс,

R/E.M. (rapid eye movement)- тез ұйықтау фазасында көздің қимылы.

Абревиатуралар әрпімен айтылады.

Неологизмдер –аккронимдер:

WAY (world Assembly of Youth)- жастардың халықаралық ассамблеясы;

NORAD (North Amerigan Air Defence Commanol)- солтүстікамерикандық ВВС командованиесі.

Келте-неологизм ең үлкен топты құрайды (сөздің соңындағы бөлігінің акоп - келтесі).

Doc -> Doctor-дәрігер, қосылу дәрігері. Соңғы онжылда неологизмнің ішінде осы тип бірлігінің көбею тенденциясы байқалады. Олардың іщінде кейбір сөздер –кесектер басым келеді, бір сөздің келте эленменті мен келесі сөздің толық түрі қосылады:

Work+ alchoholic-> workajolic

Addi + Dasster->Adidas

Europe+television-> Eurovizion.

Кесек сөздердің негізгі массасы бұқаралық-ақпарат құралдарында және жарнамаларда қолданылады. Олар жаңалығымен өздеріне назар аудартады және оқырманға айқын әсер тигізеді.

Сонымен ағылшын тіліндегі неологизм құрылымының бірнеше негізгі амалдарын қарастырдық. [21-47б]

Лингвистер атап көрсеткендей, морфологиялық атап айтқанда жұрнақтық сөз жасау ортасында басты өнімді жұрнақ– er жұрнағы болып табылады.

Соңғы 15-20 жылда күрделі өнімділік моделі + er жұрнағы негізінде, едәуір мөлшерде ағылшын неологизмдеоі құрылды: baby – boomer, онжылдықтың соғыстан кейінгі демографиялық дүмпуі кезінде туылған нәресте (қазіргі кезде ұрпақ baby – boomers, yuppies немесе yupies-ке өсті, 70-ші жылдары me- generation (me- decade ) кезеңінен өтіп), өте қызықты кітап; all-nighter- yuppies түні бойына созылған таңқаларлықтай бірнәрсе, мысалы: сессия кезіндегі сабақ. Осы тенденциямен толық сәйкес түрінде, жұрнақтық моделдің өнімділігі өте жоғары.

Өнімді сөз жасау, қазіргі кездегі ағылшын тілінің өнімді сөз жасалуының жалпы тенденциясымен толық сәйкестік жағдайда. Көбінесе морфологиялық сөз жасау амалы қолданылады – айрықша және қайталанбайтын авторлық лексикалық бірлік құру үшін, транспозиция, жұрнақтық, сөзқосу, күрделі құрылымды модельдері қолданылады.

Ассоциативтік байланыс негізінде қайтадан құрылған тіл бірлігін, оқырманмен кейіптік түрде ұғыну үшін, ол жеңіл танылатын, түсінікті тіл моделінде құрылуы қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет