Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна астық сақталған элеватордағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шыққан.

“Кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар. 
Өрттің алдын ала ауданы 250 ш.м. Жедел түрде ауданның күштері мен құралдары өрт орнына жөнелтілді”, – делінген ақпаратта.

  • Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екі күннен бері қамыс өртеніп жатыр
  • “Терезесі скотчпен жабыстырылған”: Көкшетау тұрғыны аурухананың адам шошырлық суреттерін жариялады

ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника және Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылғанын атап өтеді.

Өрт орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шыққан.

Бұған дейін Маңғыстауда қоқыста жатқан 50-ге жуық иттің өлексесіне тұрғындар шағымданғаны туралы жазылған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.