Беларусь Мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қайрат Боранбаевтың бұрын McDonald 's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар желісін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еурорадиоға сілтеме жасап хабарлайды. 

10 қазанда Минск экономикалық соты шешім қабылдады. Кейінірек компания Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым беріп, ол 10 қаңтарда қаралатыны қабылданған. Деректерге сай мүлік құны шамамен 1,7 миллиард теңгеге таяйды. 

Бұл мейрамханалар 2022 жылдың қараша айына дейін McDonald ' s деген атпен жұмыс істеген. Компания Ресей нарығынан шыққаннан кейін Беларусь елінен де кетуі керек болған. Алайда ресейлік "Вкучно и точка" бренді McDonald 's орнына келетіні туралы ақпарат болды. Ол Ресейдегі McDonald' s-ті алмастырды. Бірақ Беларусь президенті Александр Лукашенко елде тек отандық өндірушілер жұмыс істеуін талап еткен. Сондықтан мейрамханалар 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін атаусыз жұмыс істеп, сәуірдің екінші жартысынан бастап Mak.by атаумен қызмет көрсеткен.

  • 2024 жылы жалпыға бірдей декларацияны кімдер және қалай тапсырады

  • Қайрат Сатыбалдының 120 миллион долларға бағаланатын активтері шетелден Қазақстанға қайтарылды

 Беларуссияда Mak.by мейрамхана желісін "KSB Виктория мейрамханалары" компаниясы бар, оның құрылтайшысы сингапурлық “KSB Victory Restaurants” басқарады. Оның акционерлері: 90% үлеспен Қайрат Боранбаевтың Rapid Food Holding PTE. LTD компаниясы мен 10% үлеспен Беларусь азаматы Виктория Даньконың Sengermen PTE. LTD. компаниясы. 

Боранбаев 2016 жылдан бастап Қазақстандағы бұрынғы McDonald ' s компаниясының иесі болды. 2023 жылдың қараша айының соңынан бастап бренд I am деген атаумен жұмыс істеді. Бұл кәсіпкердің мемлекетке қайтармаған активтердің бірі еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаевтан тәркіленген ақша мен мүліктердің тізімі жарияланған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.