Енді көлігін дұрыс емес жерде ұзақ уақыт қыздырып тұратын жүргізушілерге айыппұл салынады. Тіпті тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан көп қыздыруға болмайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жамап хабарлайды. 

Фото: Rally36

Мамандар қандай жағдайларда көліктерді ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынатынын және жаңа көліктерге қанша уақыт қажет екенін түсіндірді.

Ерболат Тұрсынбай 2003 жылғы Huindai көлігін жүргізеді. Ол нөлден төмен температурада көлігін жылыту үшін қозғалтқышты 15-20 минут қосу керек екенін, әйтпесе суықта көліктің жүруі қиындағанын айтады.

“Мен көлікті кем дегенде 15 минут қыздырамын. Бұл майдың қызуы үшін қажет, әйтпесе көлік бұзылып, онв жүргізу қиынға соғады”, – деді жүргізуші Ерболат Тұрсынбай. 

Көлікті енді тек белгіленген жерлерде ұзақ қыздыруға болады. Мамандар жол ережесі бойынша көлікті жол жиегінде жылытуға болатынын, тек көлік ешкімге кедергі келтірмесе болғаны дейді. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұру айыппұлға әкеледі. Жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Олар "Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу" бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.

“Тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп тұрғын ауданда немесе автотұрақ көлікті 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Көбінесе тұрғындар өтініш білдіріп, көлік бригадасы  келген сәтте, әдетте, жүргізуші болмайды”, – деді жол-көлік оқиғасының маманы Михаил Будианский.

Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автомобильдер үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Көлікті ұзақ қыздыру тек отын шығынын және зиянды заттардың шығарындыларын арттырады. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек, содан кейін көлікті басқаруға болады. Рас, бұл кем дегенде 15 минут оталып тұруы қажет дизельді автокөліктерге қатысты емес.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.