Британдық полиция виртуалды әлемде қызды топ болып зорлағандарға байланысты алғашқы оқиғаны тергеп жатыр. Деректерге сай 16 жасқа толмаған қыз арнайы көзілдірікпен қараған кезде бірнеше ер адам виртуалды әлемде жабылып зорлық әрекеттерін көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Қыздың аватарын бірнеше виртуалды ер адамдар зорлаған кезде онда арнайы көзілдірік болған. Полицияның пайымдауынша, бала көрген зорлық-зомбылықтан психологиялық соққы алған болуы мүмкін.

"Жәбірленушіде физикалық жарақат болмаса да ұзақ мерзімді эмоционалды және психологиялық соққы алған", — деп келтіреді Daily Mail ақпарат көзі.

Билік тиісті заңның жоқтығынан кінәлілерді жауапқа тарту мүмкін емес деп қауіптенеді.

Тергеу резонансқа айналды. Себебі қоғамның бір бөлігі полицияның виртуалды желіде жасалған қылмысқа уақыт құртпауы керек деген пікірді ұстанған.

Ал Ұлыбританияның ішкі істер министрі Джеймс Клеверли виртуалды балаға ауыр әсер ететіндіктен жеңіл қарауға болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол баланың аватарын виртуалды өмірде зорлағысы келетіндер нақты өмірде де қатыгез қылмыскерлер болуы мүмкін екенін қоса кетті. 

Еске салсақ, алаяқтардың жасанды интеллектті айласын іске асыру үшін қалай қолданатынын хабарлаған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.