Педагог мектеп басшылығын буллинг жасады деп айыптап отыр. Гимназиядағы мұғалім мен директор арасындағы жанжал сотқа дейін жетті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро 31 арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Алтынай Мәкенова Әулиекөл ауылындағы мектеп-гимназияда биология пәнінен сабақ береді. Мұғалімнің айтуынша, мектеп директорымен болған жанжалдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оның бұл сөзіне білегіндегі матамен таңылған жаралары дәлел. 

Дауға директордың мектепте болып жатқан тәртіпсіздікке немқұрайлы қарауы себеп болған. Оқытушы мектепте оқитын сіңлісін сабап тастағанын, кейін бәз біреулер қыздың фотошоппен жасалған ұятсыз суреттерін мектепте таратқанын айтады. Барлығын көре тұра мектеп директоры ешқандай шара қолданбаған. 

“Менің сөзім жоқ. Бізді ешкім қорғамады. Соққыға жығылған баланы кешірім сұрауға мәжбүрледі. Оны барлығының алдында жер қылды. Сіңлім бір апта бойы мектепке бармай қойды. Мектеп директоры сіңлімнің гимназияда әділетсіздік барын атйпы, Instagram-ға жазбасынан кейін бізді сотқа берді”, – дейді Алтынай Мәкенова.

Директор ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап арыз жазып, өзі туралы жағымсыз пікір айтып, әрекетсіздік танытты деп айыптаған мұғалім мен оның анасынан 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірмек. 

Сондай-ақ мектеп директоры мұғалімнің өзі мән-жайды анықтап, сөйлесуден бас тартып отырғанын айтады.

“Сот ісі бойынша менің адвокатыма хабарласыңыздар. Қазір менде бірқатар тексерулер жүріп жатыр. Білім басқармасы комиссияның мән-жайды білмек болып аудан орталығына барғанын және екі тараппен кездсесіп, сөйлеспек болғанын мәлімдеді. Алайда мұғалімнің өзі байланысқа шықпай, сөйлесуден бас тартып отыр”, – дейді мектеп-гимназияның директоры Салтанат Максютова.

“Білім басқармасы мектеп директорына кез келген жанжалды шешімін табу керегін айтып, ұсыныстар жіберді. Қазір кез келген жағдайды шешудің түрлі тәсілі бар. Олар көзі ашық, сауатты адамдар. Түсініседі деп ойлаймын. Алайда мұғалімдер жанжалдасып жатқанда балалар шетте қалып қояды. Салдарынан неге мектептегі буллинг ешкімді алаңдатпайды,неге бала әділдікті әлеуметтік желі арқылы әділдік іздеуге мәжбүр болды деген сұрақтар туындайды”, – дейді Қостанай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.