Тараз қ. Окж филиалдарының «Жамбыл облысының өлкетану мұралары» жобасы аясындағы қызметі



Дата30.04.2019
өлшемі31.5 Kb.
#126529

Тараз қ. ОКЖ филиалдарының «Жамбыл облысының өлкетану мұралары» жобасы аясындағы қызметі

Тараз қ. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Оңтүстік Қазақстандағы баспалық өнімдер және басқа да тасымалдаушылар ақпараттарын жинақтауға ие бірден-бір аймақтағы ірі ақпараттық орталық. Жамбыл облысының және Тараз қ. мәдени жетістіктерін сақтау жауапкершілігін түсіне отырып, қалалық кітапханалар жүйесі қорларды сақтау және консервациялау бойынша қызметті – өзінің бірден-бір кәсіби бағыты санайды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осыдан 7 жыл бұрын бұл бағыттағы алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Олар кітапхана қорындағы неғұрлым құнды және қызықты баспалық құжаттарды сақтау және оқырмандардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз етуден туындаған болатын.

Бүгінгі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорының 900-ден астам құжаты сандықталды, олар негізінен газет-журналдар мақалалары. Электронды көшірмелері кітапхана серверінде сақталады, барлық пайдаланушылар кітапхана сайтынан олармен еркін таныса алады.

Электронды кітапхананы құрудың алғашқы кезеңі мерзімдік басылымдардағы өлкетану материалдарын сандықтау мен «Оңтүстік меридиан» толық мәтінді ДҚ ұйымдастырудан тұрды. Барлық толық мәтінді қор «оңтүстік меридиан» ЭДҚ-да көрініс тапқан және кез-келген оқырманның компьютерден оқуға, шығарып алуға немесе дискетке жазып алуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда ол Word, JPEG, html, PDF нұсқадағы 700-ден астам құжатты сидырып отыр.

Бұл бағыттағы келесі кезең «Құнды өлкетану құжаттарын сандықтау» электронды жобасын жасау және жұмыс практикасына енгізу болып табылады. Жобаның мақсаты Қазақстан мәдени мұраларының бөлігі ретінде – Тараз қ. және Жамбыл облысының құжаттық мұраларын сақтау және Интернет желісі арқылы оларға бірмезгілде кем көлемде қолжетімділікті ұсына отырып, сирек өлкетану қорларын сақтауды қамтамасыз ету.

Осы жоба аясында ОКЖ кітапханалары ұзақ мерзімге есептелген өздерінің электронды жобаларын жасады. Мәселен, №6 электронды кітапхана «Үлкен химияның қадамдары» (Жамбыл облысының химия өнеркәсібінің даму тарихы туралы) тақырыбы бойынша өлкетану материалдарын жинақтауды қолға алды. Әуезов атындағы «Тараздың әсемдік құпиялары» тақырыбы бойынша ЭДҚ жасауда, ол Тараздың ескерткіштері, көшелері, айтулы орындары туралы материалдардан тұратын болады. Мұратбаев атындағы филиал «Жамбыл облысының Ұлы Отан соғысының ардагерлері» электронды жобасы бойынша жұмысты бастап кетті. Онда ҰОС ардагерлерінің өмірбаяндық мәліметтерінің электронды картотекасы жасалынады, 2000 жылдан бастап, екі тілдегі жергілікті мерзімдік басылымдардың тақырып бойынша материалдары іріктеледі және т.б. №5 филиал «Тараз қаласының жергілікті жазушылары және ақындары» жобасын жасауда. Бұл тақырып тектен-тек алынып отырған жоқ. Міне бірнеше жылдан бері осы кітапхананың негізінде «Дарын» әдеби бірлестігі жемісті еңбек етіп келеді. Оған Болашақ колледжінің білімгерлері қатысады. Шолохов атындағы филиалдың «Жамбыл облысына жер аударған халықтар» электронды жобасы да пайдаланушылардың қызығушылығын тудырары сөзсіз. Кітапхана қызметкерлері бұл жобаны қолға алмас бұрын алдын-ала үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізді. Қазір жер аударылған кәрістер, немістер, закавказияның саны аз халқының тарихы бойынша электронды дерек қорлар жасау жұмысы басталып та кетті.

Жоба аясында белгілі Жамбыл болысының белгілі өлкетанушысы Т. Ш. Тостанбаевпен шығармашылық әріптестік туралы келісім жасалды. Ол жамбыл облысының тарихы бойынша өз жұмыстарын сандықтау үшін ұсынып отыр. Мұндай ұсыныс пен кітапхана қызметкерлері сондай-ақ облыстық тарихи, өлкетану мұражайына және облыстық мұрағаттық құжаттау басқармасына да қайырылды. Аталған мекемелер қызметкерлері кітапханашылар бастамасын мүдделікпен қабылдап, өз қорларын сандықтау мәселесімен айналысып та кетті. Бұл ретте облыстық мемлекеттік мұражай директоры Ж. Әбдікәрімова мен қордың бас сақтаушысы Э. Р. Дильдебаеваға айтар алғысымыз көп. Қазірдің өзінде қала кітапханаларын пайдаланушылардың мұражайдағы 20-шы ғасырдың 20-40 жылдар фотомұрағаттарымен танысу мүмкіндігі туды. Неғұрлым қызықты фотосуреттер WEB-сайтқа орналастырды.



Тараз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бұл бағыттағы жұмысын бастап та кетті. Біз алдағы уақытта Жамбыл облысы және Тараз қ. тарихи - мәдени мұраларын болашақ ұрпақтарға сақтауда жақтастарымыздың, патриоттардың, мүдделілердің бұдан да көп болатынына сенімдіміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет