Тараз қаласының МӘдени тарихы көшербаева А. Ж., Иманбекова Г. М



жүктеу 76.04 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі76.04 Kb.
түріБағдарламасы

ӘОЖ:821.512.122:82-342
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ ТАРИХЫ
Көшербаева А.Ж., Иманбекова Г.М.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнап, «Қазақстан - 2050» стратегиялық даму бағдарламасын ұсынды. Оның негізгі бағыты - мемлекетіміз экономикасы мен әлеуметтік жағдайы жоғары, білімі мен ғылымы дамыған озық 30 елдің қатарына қосылу. [1,3б.],Ортағасырлық кезеңде Ұлы Жібек сауда жолында түйіскен қасиетті, әулиелі, тарихы қазынаға толы Тараз қаласы – мыңжылдық өркениеттер мәдениетінің тоғысында орналасқан. Ежелгі Тараз қаласы көне археологиялық ескерткіштер мен ірі мәдени орталықтардың ошағы болған.

Сондықтан 2007 жылы «мәдени мұра» бағдарламасына сәйкесТараздағы ескі базардың маңында, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында, археологиялық ғылыми – зерттеу қазба жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «Көне Тараз» қалашығы тарихи кешенінің қазба жұмыстары ерекше қарқын алуда. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың басшылық назарында тұрған археологиялық жұмыстарды академик, археолог, ғалым Карл Байпақов жүргізіп жатыр. Қазіргі таңға дейін мұнда 33 мыңнан астам құнды жәдігер табылған. Қазба жұмыстарының алғашқы ірі олжасы ретінде ортағасырлық шығыс моншасының табылуын атап өтсек болады. Монша маңынан көне тиындар мен құмыра бұйымдар көп көлемде табылған. Көне заттарды табуға археолог ғалымдарға соңғы технологиямен жабдықталған арнайы құрал жабдықтар көп септігін тигізіп жатыр. Болашақта табылған жәдігерлер «ашық аспан астындағы мұражай» жобасын іске асыруға сеп болмақ. Ал, «Көне Тараз» қалашығының толықтай нұсқасын шығару үшін барлық қазба орындарын біріктіру көзделуде. Қазба орындарының жанында қоғамдық - мәдени орталықтар мен қонақ үйлер соғылып, қаламыз тарихи және туристік орталыққа айналатын болады. Дүниежүзілік көрмеге қатысатын қонақтарды Тараз қаласындағы «Көне Тараз» қалашығын тамашалауға, мұражайды көрсетуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстарының барысына шетелдік және отандық ғалымдар да қызығып жатыр. Өйткені табылып жатқан құнды көне бұйымдар мен заттар Тараз қаласының Ұлы Жібек сауда жолының бойында жатқандығын дәлелдейді. Ендігі мақсат: «Бұлардың барлығы – Тараз өңірінде мұсылман діні орнағаннан кейінгі кезеңнің жәдігерлері, ендігі жоспар-мұсылман дінін қабылдағанға дейінгі дәуірлердегі тарихты ашу» - дейді «Қазақстан археология орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор К.Байпақов.



Өйткені, ата-бабамыз жүріп өткен тарих бетін ашсақ, біздің байтақ даламыздың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше, сондықтан шежіреге толы бай өлкемізде мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділер мәдениеті, екіншісі жер өңдеп, егін еккен отырықшылар мәдениеті болған. Қала мәдениеті, сәулет құрылыс өнері, теңге шығару, қолөнер кәсібі, зергерлік бұйымдар жасау, ауыл шаруашылығы бұл өлкеде тез қарыштап дамыды. Осы тарихи мәдениеттердің материалдық, рухани куәсі - 2 мың жылдан астам тарихы бар Тараз өңірі киелі ордаға айналды Өткен тарихқа көз жіберсек, көне Тараз қаласының өсіп өркендеуіне Ұлы Жібек сауда жолының маңызы көп рөл атқарды. Ол Қытайдан Орта және Алдыңғы Азия арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Батыс елдеріне шыққан. Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен өскелең мәдениет түрік тайпаларының атымен байланысты. Мемлекет басында қай тайпаның өкілі отырса, мемлекет аты, сол тайпаның атымен аталады. Ата бабамыз тарихында көне мемлекеттер өмір сүрді: Үйсін, Қаңлы, Сақ, Ғұн, Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қазақ т.б. Түрік қағанатының тұсында (VI ғасыр) Тараз қаласы үлкен мәдени орталыққа айналды. Бұл байланыс көпірінің маңызы зор болды, көрші елдер арасы материалдық сауда-саттықпен ғана шектеліп қалмай, оның шеңберінен алысқа кетіп жатты. Ол түрлі мәдениеттер мен елдерді бір- бірімен байланыстырып, ерте заманнан бері идеялар алмасудың маңызды факторы ретінде рөл атқарады. 630-жылы (сол кезде қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь жүріп өткен) өз көлемі жағынан Самарқант пен Шашу (Ташкент) қалаларымен қатар келген, тіпті Исфад-жаб, Қасан және т.б. қалалардан асып түскен. Сюань-Цзянь жолжазбаларында: «Бұл жерде түрлі елдерден келген саудагерлер тоқтап, әртүрлі тауарлармен сауда жасайды...» деп жазады. .[2,35б.], Ежелгі Тараз ерте заманнан бастап-ақ, түрік тайпаларының сауда және мәдени орталығы болды. Қытайдан шыққан Жібек сауда керуендері Суяб, Невакет, Сары, Жол, Хорран-Жуан, Нұзкет қалаларын басып Аспараға келетін болған. Аспарадан Мерке, Құлан (қазіргі Луговой қаласы) арқылы Төменгі Барысханға соғып Таразға, Испиджаб, Отырарға барған. VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалаға айналды. Ұлы Жібек жолының бойында керуен-сарайлар, қалалар, ауылдар,қыстақтар салынған, су арналары жүргізілген. Қолөнер кәсібі тез дамыды ірі сауда орталықтарын жасап, зәулім сарайлар салған. Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа сауда керуендермен ілесіп жазушылар мен ақындар, ғалымдар мен ойшылдар, өнер адамдары, дін уағыздаушылар мен пір тұтушылар келген. Олар өз халықтарының дінін, салтын, мәдениетін, әдеп-ғұрпын жүрген жерлеріне уағыздап таратты. Сөйтіп, көрші елдер арасында заттай және рухани құндылықтар, мәдениет алмасып жатты.Тараз ертедегі өте сұлу қалалардың бірі болды. Оның көрген жұртты таң қалдырған атақты сәулет ғимараттары, тарихи ескерткіштері мен тұрғын үйлері сол замандағы ең үздік архитектураны көрсетеді. Айша бибі, Қарахан, Бабажа-қатын мавзолейлері, Тектұрмас әулие кесенесі -Орта Азия мен Қазақстандағы сәулет өнеріндегі ең көне тарихи жәдігерлер болып табылады.

Тараз өңірінде дәнді дақылдармен қатар бау-бақша шаруашылығы да гүлденіп дамыды. Тарихи деректерге қарасақ; Талас аңғарында VI-VIII ғасырларда бидай, арпа, күріш, бұршақ, тары, жүгері егілген. Сол сияқты көп жерлерге жүзім егіліп, жүзім шырынынан шарап ашытқан.Жүзім сабағын, анардың гүлі мен жемісін бейнелеу арқылы керамика ыдыстарды әшекейлегеніне қарағанда, бұл өлкеде бау-бақша мен жүзім шаруашылығы негізгі кәсіптің бірі болған. Мысал үшін айтсақ, қазіргі археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден жүзім шоқтары бейнеленген ыдыс-аяқтар, керамикалық құмыралар табылды.. Керамика өнерінің әсем үлгілері Отырар мен Тараздан (VII-VIII) көптеп табылған болатын. Сол сияқты мұндай керамикадан жасалған тамаша бұйымдар Құлан мен Мерке қалаларынан да табылды. «Тараздың үлкен сауда орталық болғанын әр заманда жұмыс істеген теңге сарайлары көрсетеді. Тараздан шыққан күміс теңгелер басқа да ескі қорғандарды қазғанда табылды. Мысал үшін айтсақ: VIII ғасырдың басында Түрік мемлекетінің Таразда шығартқан теңгелері осы күнге дейін бізге жеткен. Бұл теңгелердің бір жағында садаққа ұқсас таңба, ал екінші жағында «Түрік ханының теңгесі» деп жазылған белгілер табылған.Теңге сарайы XIII – XIV ғасырларда да жұмыс істеді. Тармашырынхан заманында (1326-34) Таразда күміс ақшалар басылып тұрған... Су қалаға Талас өзенінен жерасты құбырлары арқылы келіп тұрған. Осындай құбырлар арқылы су тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға да тартылған. Үйлерге әдетте қарапайым канализация құрылғылары – тас науалар орнатылды». .[3,33б.],



IX-X ғасырларда Тараз одан әрі гүлдене түсті. Оның дәл Ұлы Жібек сауда жолы бойында, егіншіілікке қолайлы бай өлкенің ортасында, Талас Алатауының күміс кеңдеріне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдесті. . Тараз қаласының орнын тұңғыш рет ірі ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромади, Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектеріне сүйене отырып, көне екенін дәлелдейді. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшісі Земархтың түркі қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейін, бір ғасырдан соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань «Цзянь- Июаньнан батысында (Долос) 0аласы орналасқан, қаланың аумағы 8-9ш/км, онда әр елдің саудагерлері мен соғырлар тұрады», - деп жазды. Осы уақыттан бастап қаланың аты көршілес халықтарға белгілі бола бастады. Тараз қаласының IX-X ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне негізінен ықпал еткен Талас аңғарындағы бай егіншілік алқап пен Талас Алатауының маңындағы күміс өндіретін кен орындарының дамуы болды.Тараз - Түркеш, Қарлық онан кейін Қараханид мемлекеттерінің орталығы болып, өзінің бақыр ақшаларын шығарды. Ортағасырлық қалаға жүргізілген археологиялық қазбадан табылған қыштан жасалған су құбырлары, сәулет өнерінің дамығандығын дәлелдейтін құрылыс орындарының қалдықтары, тас төселген көшелер мен тротуарлар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан көптеген бұйымдар, сөз жоқ, қаланың X-XII ғасырларда едәуір гүлдене өскендігінің куәсі. Қалада керуен сарайлары, ірі қоғамдық ғимараттар, қолөершілердің шеберханасы, көпестердің дүкендері мен көптеген қала тұрғындарының қажетін өтейтін кішігірім сауда орындары болған. Тарихқа көз салсақ, ертедегі Оңтүстік Қазақстан жерінде жер өңдеу мәдениеті қарыштап дамыды. Таразды қазғанда табылған археологиялық мәліметтер VI-X ғасырларда бұл өлкеде өрік, шие, алма, жүзім және қауын-қарбыз өсірілгенін көрсетеді. .Адамзат тарихындағы қоғамның дамуында сауданың орасан зор маңыз атқаруының нәтижесінде Қазақстанда ертедегі және орта ғасырдағы қалалар тез өркендеп дамыды . Жетісу өлкесіндегі қалалардың өркендеуіне Орта Азияның Шығыс мемлекеттерімен транзиттік сауда қатынасы үлкен роль атқарды. . Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтаймен, Сібірмен, Шығыс Түркістанмен және Қытаймен тығыз сауда байланысы болды. Шаштан (Ташкент), Отырардан шыққан керуен Испиджабқа келеді, одан бері Таразға келеді. Тараздан терістікке қимақ-қыпшақ мемлекетіне қарай бір жол кетеді. Үлкен Жібек жолы Тараздан Төменгі Барсханға, одан ары Қасрабасты, Жолшөп пен Көлшөпті басып Құланға, сонсоң Меркеге және Аспараға қарай тартады. Одан ары қарай көптеген қалалар үстімен (Нұзкент, Хорран-Жуан, Жол, Сарығ, Суяб, Жоғарғы Барсхан) Шығыс Түркістанға және Қытайға барады. Қытай саяхатшысы Чжан Цяньның айтуынша, б.з.б.ІІ ғасырдан бастау алатын Ұлы Жібек жолы б.з.б. І ғасырдың орта тұсынан бастап тұрақты дипломатиялық және сауда жұмыстарының күре тамырына айналды. Ертедегі ірі мәдениеттердің негізінен үлкен өзендердің аңғарларында дүниеге келгені белгілі. Міне, сол сияқты, іргетасы Жібек жолымен тұстас қаланған Тараз қаласының атауы да Талас өзенімен тікелей байланысты болса керек. Академик В.В.Бартольд Тараз қаласының ежелгі атауының Талас екенін, алайда арабтардың келуімен бірге оның өзгеріске ұшырап, Тараз атала бастағанын жазады. Өйткені, Тараз қаласының Талас өзенінің екі жағына орналасқанын Х ғасырда әйгілі жиһанкез әл- Мақсиди де айтып өткен. Ол өз жазбаларында Тараз туралы: «Тараз-үлкен, бекінісі бар қала. Адамдар тығыз орналасқан, бау-бақшаға толы, төрт қақпасы бар және рабадта тұрғындары көп. Қаланың қақпасының алдында үлкен өзен бар, оның үстіне көпір салынған, тұрғындар өзеннің екі жағына орналасқан. Орталық базарда күмбезді мешіт салынған» -деп жазды. Сондай-ақ, Махмұт Қашқари де «Диуани-и лұғат ат-түрік» деп аталатын әйгілі сөздігінде Талас қаласының «Тараз» деген атпен белгілі екенін айтады. .[4,107б.],

Ежелгі Тараз – Ұлы Жібек сауда жолын жалғап жататын тұрақты дипломатикалық және сауда-саттық қарым-қатынас жасалатың күре тамыры іспеттес.. Көне Тараз арқылы Орта Азиядан Қиыр Шығысқа бағытталған «Ұлы Жібек» жолының маңызды бөлігі өткендігін, осы қаламыз арқылы көшпенділер мен отырықшылардың сауда және мәдениетінің ірі орталығы болғаны соған дәлел. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі ретінде Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі мен тарихтан алар орны ерекше. Өйткені, тарихын тереңге тартқан Тараз қаласы тоғыз жолдың торабына орналасқандықтан, бір кездері Тынық мұхит пен Жерорта теңізін құрлық арқылы байланыстырып, Еуразия кеңістігінде Шығыс пен Батысты жалғап тұрған, тарихта Ұлы Жібек жолы арқылы халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекер болған.


Әдебиет


  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы, 2014 ж.

  2. Сюань-Цзянь жолжазбаларында:. .[2,33б.],

  3. М.Мырзахметұлы, И.Жеменей, А.Әбдуалиев Көне Тараз «Санат» 2002 215 б.

  4. Махмұт Қашқари де «Диуани-и лұғат ат-түрік»:

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2014
Dulaty2014 -> Ғалым а. ҚЫраубаева зерттеулеріндегі алтын орда кезеңі мен түркі тілді әдебиет
Dulaty2014 -> Қытай деректемелеріндегі қазақ тарихының Өзекті мәселелері шолпанқұлова Қ. А
Dulaty2014 -> Қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 930. 1: 929 М. Х. Дулатидің «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі тарихи танымдық деректер
Dulaty2014 -> Әож 821. 512. 122. 091 «тарихи-и рашиди» Қазақ тарихының этникалық дерегі
Dulaty2014 -> М. Х. Дулат шығармасындағы сопылық таным көріністері мырзахметұлы М
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 297 МҰхаммед хайдар дулати «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі ислам дініне деген сенімі
Dulaty2014 -> Әож 342. 22: 323 тараз аймағындағы архитектуралық ескерткіштер тарихы
Dulaty2014 -> Тараз мыңжылдық өркениеттер тарихының тоғысында
Dulaty2014 -> Ежелгі тараз тарихының жаңа беттері даурембеков Қ. К


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет