Ресейлік шенеуніктер ядролық қаруды қолдану туралы жария еткенімен, оны ұшыра қоюы екіталай. Financial Times газеті қару жөнінде ресейлік құпия құжаттардан алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: RUSSIAN DEFENCE MINISTRY VIA EPA

Мақалада 2008-2014 жылдар аралығында жасалған құпия 29 әскери файл туралы деректер айтылады. Әсіресе, әскери ойындардың сценарийлері және ядролық қаруды қолдану принциптері әскери-теңіз күштерінің офицерлеріне қатысты болады.

Егер Қытай шабуыл жасауға оқталса, онда Ресей (Солтүстік Федерация) олардың армиясына (Оңтүстік) ядролық қарумен соққы жасауға дайын. 

Әскери-теңіз күштерінің офицерлеріне арналған презентацияда ядролық қаруды қолданудың одан да көп критерийі көрсетілген. Олардың ішінде жаудың Ресейге қонуы, шекараны қорғауға жауапты құрамалардың жеңілуі немесе әдеттегі қару-жарақты қолдана отырып, жаудың жақын арада шабуыл жасауы туралы айтылды.

Слайдтарда ресейлік әскердің шығынға ұшырып, "олардың жаудың ауқымды агрессиясын тоқтата алмауына әкеп соғуы мүмкін” деп болжам жасалды.

Басқа ықтимал жағдайларға ресейлік баллистикалық зымыран сүңгуір қайықтарының 20%-ы, атом сүңгуір қайықтарының 30%-ы, үш немесе одан да көп крейсер, үш аэродром немесе негізгі және резервтік жағалаудағы командалық орталықтарға бір уақытта соққы беруге дайын отыр. 

Құжаттарға сүйенсек, Ресей әскери күштері тактикалық ядролық қаруды "мемлекеттерді агрессияны қолданудан немесе әскери қақтығыстардың өршуінен сақтау", "агрессияны тоқтату", ресейлік әскерлердің шайқастардан немесе территориялардан айырылуының алдын алу және Ресей флотының тиімділігін арттыру сияқты көптеген мақсаттарда қолдана алады.

Британ королі қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының (RUSI) аға ғылыми қызметкері Джек Уотлингтің айтуынша, журналистер алған материалдар ресейлік бөлімшелерді ел ядролық қаруды қолдана алатын жағдайларға дайындауға және оны қолдануға арналған ережелер жинағын жасамауға арналған. Оның айтуынша, ядролық қаруды қолдану үшін саяси шешім қажет болады.
Financial Times журналистерінің қолына түскен құжаттарда, әдетте, жарияланбайтын құпия деректер бар.

Құжаттарда қызықты әрі маңызды деректер айтылған. Себебі онда олар Ресейдің ядролық қаруды қолданудың нақты сценарийін көрсетеді. Сонымен қатар оларда тактикалық ядролық қаруды қай кезде қолдануға болатынын жазғанмен, оны қолдану критерийлері туралы ашып көрсетпеген.

Батыс барлау қызметтерінде егжей-тегжейлі сценарийлердің болуы Ресей мемлекетінің қауіпсіздігіне зиян тигізеді. Ядролық қаруды қолдануды реттейтін ресейлік доктриналық құжаттарда өте кең түсіндіруге мүмкіндік беретін екіұдай тұжырымдар бар.

Ресейліктер қарсыластарына болжамды шабуылды толық жария етпеу үшін ішіндегісін бүгіп қалды. Қарсыластың тегеуріні мықты болғанына қарамастан, олар ядролық қарудың қашан және қалай қолданатынын толық айтпады.
Жарияланып кеткен құпия деректерде Ресей қорғанысы бойынша нақты жоспарларын ашып көрсетеді. Дегенмен Кремьде бұл туралы ешқандай ақпарат берілмеді.

Доктриналар

Ресей стратегиялық ядролық қаруды қандай жағдайда қолдана алатындығы туралы деректер жарияланған әскери доктринада жиі айтылады. Сонымен қатар қолдану шарттары көпшілікке белгісіз тағы басқа доктриналық құжаттар да пайда болуы мүмкін.
Әскери доктринада Ресей ядролық қаруды оған және (немесе) оның одақтастарына қарсы ядролық қаруды қолданатынын жасырмады. Бұдан бөлек, Ресей ел қауіпсіздігін қорғау кезінде түрлі шабуылдарға баратынын да ашық жеткізді.
2020 жылы Ресей "ядролық тежеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері" атты құжатты жариялады, оны көпшілік Ресейдің ядролық доктринасы деп атайды.

Шын мәнінде, бұл құжат ресми доктриналық құжат емес. Ресейдің ядролық қаруға қатысты ерікті декларациясы болғандықтан, оның басты міндеті – жабық тұсын басқа елдерге түсіндіру болып отыр.

Фото: RUSSIAN DEFENCE MINISTRY VIA EPA

Декларацияда Ресей ядролық зымырандарды кімге және не үшін атуға дайын?

Декларацияда ядролық қаруды келесі жағдайларда қолдануға болатыны жөнінде айтылған:

•    Ресейге шабуыл жасайтын баллистикалық зымырандардың ұшырылуы туралы сенімді ақпарат алған кезде;
•    Ресейге қарсы ядролық қаруды және басқа да жаппай қырып-жою қаруын қолдану;
•    Ядролық күштердің жауабынан кейін объектілердің істен шығуна әрекет жасау;
•    Ресей мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген кезде қарапайым қаруды қолдану арқылы қарсы агрессия беру;
•    Financial Times газетінде алынған құжаттар "ядролық саясат негіздері" жарияланғаннан ертерек кезеңге жататынын айта кеткен жөн.

Жоғарыда айтылғандай журналистер 29 файлды зерттеген. Себебі ядролық қаруды қолданудың нақты критерийлерідің өзі халықаралық жағдайға байланысты өзгереп кетуі әбден мүмкін.

Сондықтан Ресейдің қазір қандай жағдайда ядролық қаруды қолдана алатынын анықтау қиын. Оның айналасындағы халықаралық жағдай 2014 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Шындығында, Мәскеу кейінгі жылдары ядролық қаруды қолдану доктринасын өзгерту туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл ретте газеттен алынған файлдарда қамтылған ядролық қаруды қолдану критерийлері жарияланған "негіздерде" көрсетілген деректерге толық сәйкес келеді.

Газет жазған қарулы күштердің шығындары, нәтижесінде мемлекетке қауіп төнеді, Ресейдің "ядролық доктринасының" төртінші тармағына сәйкес келеді.

Кеңес дәуірінде оны құрлық сахнасындағы жалпы әскери операциялар кезінде, ірі кеме топтарын және теңіздегі жекелеген стратегиялық маңызды кемелерді жеңу үшін, жаппай зымыран-ядролық соққыны тойтару үшін және басқа жағдайларда қолдану жоспарланған еді.

Тактикалық ядролық қарудың өзі өте алуан түрлі. Әр жылдары ядролық баллистикалық және қанатты зымырандар мен әуе бомбалары ғана емес, сонымен қатар снарядтар, торпедалар, жоғары жарылғыш заттар, зымырандар және тағы басқалары жасалды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.