«Тарихи µлкетану» курсыныњ ж±мыс баѓдарламасы


Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары және әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 1.02 Mb.
бет3/6
Дата13.09.2017
өлшемі1.02 Mb.
түріРеферат
1   2   3   4   5   6

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары және әдістемелік нұсқаулар.




1-тақырып. Тарихи өлкетанудың міндеті мен мақсаты(1 сағ)

Семинардың мақсаты: Жалпы студенттерге тарихи өлкетану сабағының мақсаты мен міндетімен таныстыру

Жоспары:

1.«Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері.

2.Тарихи өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері

3.Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында «өлкетану» түсінігіне анықтама беріп, оның зерттеу объектісі мен міндеттеріне тоқталу. Екінші сұрақта сабақтың ерекшеліктерін, деректерін, сонымен қатар әдістемелік негіздерін қарастыру. Үшінші сұрақта тарихи және мәдени ескерткіштер жүйесін ашып көрсету.

Әдебиеттер: Н-1,2,3,4
2-3 тақырып. Тарихи өлкетанудың қалыптасу және даму тарихы. Тарихи дерек ретінде. (2 сағ)

Семинардың мақсаты: тарихи өлкетанудың қалыптасу және даму тарихына тоқталып, оны тарихи дерек ретінде қарастыру

Жоспары:

1. Өлкетану ғылымдар жиынтығының кешені. Тарихи өлкетанудың ұйымдастыру формасы.

2. Өлкетану бойынша деректер (Геродот, Страбон, Ибн-Хордадбек, Максиди, Ибн Хаукаль, Ибн-Фадлан, Ал-Бируни, Джувайни, Елюй Чу-Цай, Чань-Чунь және т.б.)

3. Қазақстанды зерттеудегі Европа саяхатшылары мен елшілері. Иоанн де Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында өлкетанудың басқа пәндермен байланысын, ұйымдастыру формасын көрсету. Екінші сұрақта ғалымдардың (Геродот, Страбон, Ибн-Хордадбек, Максиди, Ибн Хаукаль, Ибн-Фадлан, Ал-Бируни, Джувайни, Елюй Чу-Цай, Чань-Чунь және т.б.) өлкетануға байланысты қалған деректерге тоқталу. Үшінші сұрақта Қазақстанды зерттеген Европа саяхатшылары мен елшілерінің еңбектеріне тоқталып, Иоанн де Плано Карпини мен Вильгельм де Рубрук еңбектерімен танысу.

Әдебиеттер: [Н-1,3, Қ-10,11]
4-тақырып. Көне түрік жазба ескерткіштерінің туған өлкені зерттеудегі рөлі (1сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақ халқының мәдениетіне байланысты көне және ортағасырлық деректермен студенттерді таныстыру

Жоспары:

1. Қазақстан халықтарының мәдени өміріндегі көне және ортағасырлық жазбалардың маңызы. (Әл-Фараби, Ұлықбек, Қадірғали, Баласағұни, Яссауи трактаттарының ерекшеліктері және оларды зерттеудегі қиыншылықтар).

2. Қазақ халықына қатысты көне жазбалар («Оғыз-Наме», Қорқыт туралы аңыз, Алпамыс поэмасы және т.б.)

Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында Әл-Фараби, Ұлықбек, Қадірғали, Баласағұни, Яссауи трактаттарының ерекшеліктеріне және оларды зерттеудегі қиыншылықтарын көрсетіп, ортағасырлық жазбалардың маңызына тоқталу. Екінші сұрақта көне жазбалармен («Оғыз-Наме», Қорқыт туралы аңыз, Алпамыс поэмасы және т.б.) танысу.

Әдебиеттер: [Н-8,9,10.Қ-24,25]
5-6 -тақырып. Қазақстанның археологиялық дерегі және оны өлкетануда пайдалану.(2 сағ)

Семинардың мақсаты: Археологияны өлкетану сабағында пайдалануды үйрену

Жоспары:

1. «Археология» түсінігі.

3. Археологиялық деректердің жүйелері мен зерттеулердің түрлері.

3. Археологиялық ескерткіш - өлкетанудың дерек көзі.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында «археология» түсінігіне анықтама беру. Екінші сұрақта археологиялық деректерге тоқталып, олардың жүйелері мен зерттеулерінің түрлеріне тоқталу. Үшінші сұрақта археологиялық ескерткішті - өлкетанудың дерек көзі ретінде қарастыру.

Әдебиеттер: [Н-8,9]
7 -тақырып. Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық деректер.(1 сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақстан тарихындағы этнографиялық деректердің орнын анықтау

Жоспары:

1. «Этнография» түсінігі. Этнологиялық материалдарды жинақтаудық әдістері.

2. Этнологиялық терминология, жергілікті жердің этнологиялық деректері.

3. Халық тұрмысы мен шығармашылығын зерттеу.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында этнология түсінігіне сипаттама беріп, этнологиялық материалдарды жинақтаудың әдістерін меңгеру. Екінші және үшінші сұрақта этнологиялық терминология мен жергілікті жердің этнологиялық деректерін, халық тұрмысы мен шығармашылығын зерттеу.

Әдебиеттер: [Н-8,9,10.Қ-11,26,28]
8 -тақырып. Сәулеткерлік және өнер ескерткіштері - туған өлкенің дерек көздері.(1 сағ)

Семинардың мақсаты: жалпы архитектура сөзінің шығу кезеңін, тарихын қарастыр

Жоспары:

1. «Архитектура» түсінігі. Архитектураның шығу кезеңі.

2. Қазақстан территориясындағы ірі архитектуралық ескерткіштер: Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Қарахан, Алаша хан және т.б.

3. Өнердің қалыптасуы.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында «архитектура» түсінігіне анықтама беріп, оның шығу кезеңдеріне тоқталу. Екінші сұрақта Қазақстан территориясындағы ірі архитектуралық Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Қарахан, Алаша хан және т.б. ескерткіштер туралы айтылады. Үшінші сұрақта жалпы өнердің қалыптасуы жайында ой қозғалады.

Әдебиеттер: [Н-8,9,10, Қ-20,26]

9 -тақырып. Туған өлкенің ауызша деректері(1 сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақстан территориясында қалыптасқан ауызша деректер: аңыз-әңгімелерге тоқталу

Жоспары:

1. Тарихи аңыздардың қалыптасуы.

2. Ономастика. Топонимика. Антропонимика.

3. Даланың ауызша тарихнамасы.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында тарихи аңыздардың қалыптасуы туралы айтылады. Екінші сұрақта ономастика, топонимика, антропонимика терминдеріне анықтама беру. Үшінші сұрақта даланың ауызша тарихнамасын қарастырамыз.

Әдебиеттер: [Н-7, Қ-7,13,14,17]
10-11 -тақырып. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы. ХІХ ғ. орыс зерттеушілерінің өлкетануға қосқан үлесі.(2 сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы мен дамуына тоқталу.

Жоспары:

1. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. ХІХ ғ. зерттеушілердің өлкетануға қосқан үлесі.

2. Өлкетанудың дерек көздерінің бастауы.

3. Жергілікті тарихты зерттеуге орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының үлесі.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші және үшінші сұрағында Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасу кеезеңдері мен оған ат салысқан орыс зерттеушілерінің еңбегімен танысу. Екінші сұрағында өлкетанудың дерек көздеріне тоқталамыз.

Әдебиеттер: [Н-8,9,10, Қ-20,26]
12-тақырып. Қазақстан Республикасы - өлкетану жұмыстарының орталығы.(1сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақстанның зерттеу қоғамымен, оның міндеті мен тапсырмасымен таныстыру

Жоспары:

1. Қазақстанды зерттеудің қоғамының құрылуы.

2. Қазақстанды зерттеуді қоғамның міндеті мен тапсырмасы.

3. Алғашқы өлкетану-ғылыми съезінің қорытындысы мен маңызы.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында Қазақстандағы зерттеу қоғамының құрылуына тоқталамыз. Екінші сұрақта зерттеу қоғамының міндеттері мен тапсырмасын талдау. Үшінші сұрақта алғашқы съездің қорытындысы мен маңызын ашып көрестеміз.

Әдебиеттер: [1,2,3,5; 10,17]
13-тақырып. Қазақстандық ғалымдардың, ағартушылардың өлкетану ісіндегі рөлі мен қызметі. (1 сағ)

Семинардың мақсаты: Қазақстандық ғалымдардың, ағартушылардың өлкетану ісіндегі рөлі мен қызметімен таныстыру

Жоспары:

1. Ш. Уәлиханов – шығыстанушы, этнограф, тарихшы және саяхатшы.

2. Абайдың қазақ мәдениеті мен тарихындағы рөлі.

3. Ы. Алтынсариннің қазақ топографиясы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі.



Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында Ш.Уәлихановтың еңбектеріне тоқталу. Екінші сұрақта Абай атамыздың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі жайында айтылады. Үшінші сұрақта Ы.Алтынсаринның қазақ топографиясы мен қазақ әдебиетіне қосқан еңбектерімен таныстыру.

Әдебиеттер: [Н-8,9,10]
14-тақырып. Өлкетану библиографиясы өлкетану дерек ретінде. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөз кітабы және олардың басылымдары.(1сағ)

Семинардың мақсаты: ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ баспасөз кітабы мен басылымдарымен танысу.

Жоспары:

1. Қазақ тілінде баспа кітаптардың пайда болуы.

2. Қазандағы Азиялық типография. Қазақстанда кітап басудың дамуы.

Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында қазақ тілінде пайда болған баспа кітаптар жайында айтылады. Екінші сұрақта Қазандағы Азиялық типография жұмысы мен Қазақстанда кітап басу ісінің дамуы қарастырылады.

Әдебиеттер: [1,2,3;5,4]
15-тақырып. Өлкетану мектебі. Өлкетану мектептің мақсаты(1 сағ)

Семинардың мақсаты: Өлкетану мектебі жайында түсінік алу.

Жоспары:

1. Өлкетану мектептегі тарих сабағында. Өлкетану сабақтарының негізгі түрлері.

2. Өлкетануға қатысты факультатив сабақтарының бағыттары. Өлкетану үйірмесін ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқау: Жоспардың бірінші сұрағында мектептегі тарих сабағындағы өлкетану мен оның түрлеріне тоқталамыз. Екінші сұрақта өлкетану үйірмесін ұйымдастыру, факультатив сабақтарының бағыттары жайында айтылады.

Әдебиеттер: [Н-1,2,3., Қ-7,8,9,11]

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Лекция материалдары

Қостанай , 2009 .



Лекция тезистері
Тақырып №1. Кіріспе

Мақсаты:Жалпы студенттерге тарихи өлкетану сабағының мақсаты мен міндетімен таныстыру

Жоспары:

1.«Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері.

2.Тарихи өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері

3.Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері.

Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік.

Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады.



Әдебиет:_['>Әдебиет: [Н-1,2,3,4.]
Тақырып №2. Тарихи өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. Өлкетану негіздері.

Мақсаты: тарихи өлкетанудың қалыптасу және даму тарихына тоқталып, оны тарихи дерек ретінде қарастыру

Жоспары:

1. Өлкетану ғылымдар жиынтығының кешені. Тарихи өлкетанудың ұйымдастыру формасы.

2. Өлкетану бойынша деректер (Геродот, Страбон, Ибн-Хордадбек, Максиди, Ибн Хаукаль, Ибн-Фадлан, Ал-Бируни, Джувайни, Елюй Чу-Цай, Чань-Чунь және т.б.)

3. Қазақстанды зерттеудегі Европа саяхатшылары мен елшілері. Иоанн де Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук.

Өлкетанудың негізгі анықтамасы - әр елдің өзіндік жеке тарихы болып табылады. А.С.Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша «Өлкетану бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы, әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, барлық жиынтығы өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады».

Ғылыми пән ретінде өлкетану өзінің зерттеу объектісі бар – табиғат, халық, экономика, тарих, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т.б.

Деректер әр түрліі материалдық, жазба, ауызша болып бөлінеді. Өлкетанушы-мұғалімнің міндеті: 1. не іздеу керек. 2. қалай іздеу керек. 3. қалай қағазға түсіру керек.

Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізінде қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқа. Олар өлкенің білгірлері болып табылады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты.

ХҮІІІ ғ. өлкеге Ресей тарапынан бірнеше академиялық экспедициялар ұйымдастыруға байланысты бірнеше мәрте әр түрлі деңгейлерде зерттеулер жүргізіле бастады. Орыс дерекетрімен қатар өлкенің тарихына қатысты шығыс деректері;Ғ парсы, араб тіліндегі тарихи жазбалардың мазмұны өте құнды. Өлкетану мәселесінде Ш.Уәлихановтың еңбегі зор.

Әдебиет:Н-1,3, Қ-10,11

Тақырып №3. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.

Мақсаты: Қазақ халқының мәдениетіне байланысты көне және ортағасырлық деректермен студенттерді таныстыру

Жоспары:

1. Қазақстан халықтарының мәдени өміріндегі көне және ортағасырлық жазбалардың маңызы. (Әл-Фараби, Ұлықбек, Қадірғали, Баласағұни, Яссауи трактаттарының ерекшеліктері және оларды зерттеудегі қиыншылықтар).

2. Қазақ халықына қатысты көне жазбалар («Оғыз-Наме», Қорқыт туралы аңыз, Алпамыс поэмасы және т.б.)

Орта Азия және Қазақстан халықтарының арасында жазба ертеден пайда болды. Бірнеше ғасырлық тарихында жазбаның бірнеше түрін басынан кешірді: көнетүріктік, хорезмдік, соғдылық, ұйғыр, араб, латын тілдері болды. Көне жазбалардың бірі бұл көнетүріктік жазба болды, оның негізіне Орта Азия, Поволжья, Кавказ және Қазақстан халықтарынң тілдері енді. Ол б.д. ҮІ-ҮІІ ғғ. Орта Азияда қалыптасты. Көнетүрік жазба ескерткіштері руникалық жазба ретінде Монғолияда (33, ескерткіш), Орхон мен Енисей (85 жазба), Шығыс Түркістанда, Таласта (12 жазба), Ферғанада, Шығыс Европада қалыптасқан. Есік қорғанындағы жазба толық ашылмаған (б.д. ҮІ-ІҮғғ.)

Руникалық жазбалар өзінің мазмұны жағынан алты топқа бөлуге болады: тарихи-биографиялық (Мөңке-хан, Куль-тегин...), эпитафиялық, с.с. қабірлердегі жазбалар, жартастағы жазбалар, құрылыстардағы, магиялық және ритуалды жазулар, заңды құжаттар, тұрмыстық заттағы белгілер. Бұл 38 әріптен тұратын ХІ-ІХ ғғ. дейін пайдаланып келген.

Араб жазбасы Орта Азия мен қазақстанда медресе, діни мектептерде қолданылады. Ол Х ғ-дан 1929 ж. дейін қолданып келді. Араб одан кейін парсы тілдері орта ғасырларда халықаралық тілдер қатарына жатқызылды. Осы тілде шығыстың ұлы ғұламалары: Әл-Фараби, Бируни, Фирдоуси, Хайям жазды. Өздерінің шығармашылығын түрік тілінде: Махмуд Қашғари, Алишер Навои, Әбілғазы-хан және Әл-Фараби, Ұлықбек, Қыдырали, Баласағұни, Яссауи трактаттары кеңінен таралды.

Көптеген қолжазбалар арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты жазбалар да болады: «Оғыз-наме» (Огуз-хан жайындағы эпос), Қорқыт ата жайындағы әңгімелер мен аңыздар, «Алпамыс» поэмасы, «Манас» жыры және т.б.

Көне және ортағасырлық жазбалар Орта Азия және Қазақстан халықтарынң мәдениетіндегі ықпалы өте зор болды.



Әдебиет [Н-8,9,10.Қ-24,25].
Тақырып № 4. Қазақстанның археологиялық деректері және оларды өлкетану жұмысында пайдалану.

Мақсаты: Археологияны өлкетану сабағында пайдалануды үйрену

Жоспары:

1. «Археология» түсінігі.

3. Археологиялық деректердің жүйелері мен зерттеулердің түрлері.

3. Археологиялық ескерткіш - өлкетанудың дерек көзі

Көне жазбалардың деңгейінде дерек көзі ретінде ескерткіш мағынасына «археологиялық дерек» және «археологиялық ескерткіш» мағынасы өте жақын. Бұл ұғымның мағынасы, тарих ғылымынан бұрын археология пайда болған. Тарихи түсініктің бірі – тарихи дерек ұғымы ертеден кірді. Кейінірек археология ғылымының дамуына байланысты тарихи деректерді екі топқа бөлді: жазба және заттық, яғни археологиялық. Егер ғылыми тұрғыдан «археологиялық ескерткіш», «археолгиялық дерек» сөздерін қарастыратын болсақ, олардың мағынасы бірдей. Археологиялық ескерткіш толық археологиялық дерек болып табылады, егер ол толық ғылыми сараптамадан өтсе, ғылыми зерттеу объектісі болған жағдайда.

Бірақ дәстүрлі түрде ескерткіштерді дерек ретінде, сондай-ақ заттық жеке заттар ретінде де оларды қарастыруға болады. Табылған заттар заттық дерек көзі ретінде танып білуге болады.

Археологиялық ескерткіштер әр кезеңге қатысты әр түрлі Қазақстан территориясында олардың негізгі түрлері ретінде: қоныстар, тұрақтар және бекініс қорғандар, жерлеу рәсімдері, қорғандар, мавзолейлер, қоймалар, петроглифтер, тастағы таңбалар, тау жыныстары, су каналдары және т.б.

Көне, ерте ортағасыр, жартылай ортағасыр кезеңдері үшін археологиялық материалдар негізгі дерек ретінде тарихта қайта қарауға негізгі дерек болып табылады. Археологиялық деректерді пайдалана отырып өлкетанушы өлкенің көне кезеңінен бастап, кейінгі кезеңіне дейін бір бағытта зерттеп шығуына болады.



Әдебиет: [Н-8,9. ].
Тақырып №5. Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық деректер.

Мақсаты: Қазақстан тарихындағы этнографиялық деректердің орнын анықтау

Жоспары:

1. «Этнография» түсінігі. Этнологиялық материалдарды жинақтаудық әдістері.

2. Этнологиялық терминология, жергілікті жердің этнологиялық деректері.

3. Халық тұрмысы мен шығармашылығын зерттеу


Этнография – тарихи ғылымның жеке бөлімі, халықтардың мәдениетін, тұрмысын және мәдениетін зерттейді. Этнография термині гр. «этнос» - халық, «графос» - жазамын, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі - әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін – антропология саласының бірі ретінде қарастырылады.

Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ., ортасында бөлініп шықты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен айналысты. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға айналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады.

Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріне тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескерілді. Қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінді.

Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылды.

Әдебиет: [Н-8,9,10, Қ-11,26,28].
Тақырып №6. Сәулеткерлік және өнер ескерткіштері туған өлкенің дерек көздері.

Мақсаты: жалпы архитектура сөзінің шығу кезеңін, тарихын қарастыру.

Жоспары:

1. «Архитектура» түсінігі. Архитектураның шығу кезеңі.

2. Қазақстан территориясындағы ірі архитектуралық ескерткіштер: Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Қарахан, Алаша хан және т.б.

3. Өнердің қалыптасуы.

Сәулеткерлік әр халықтың өмірінде оның материалдық-көркем мәдениетінің ең жоғарғы көріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі дәрежеде халықтың тарихын, әлеуметтік, экономикалық дамуын көрсетеді. Сондықтан да сәулет өнерінің даму тарихын зерттеу тарих ғылымының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Әр халық өзінің архитектуралық кешендерінде дәстүрлі ұлттық қолтаңбасын, тарихи таным-түсінігін және құрылыс өнерінің жергілікті тәсілдерін қолданады. Тарихи материалдық мұраны зертей отырып, бір қарағанда болымсыз болып көрінетін жекелеген ескерткіштердің өзінде үлкен мән бар.

Тарихи дамудың ерекшеліктері материалдық мәдениетінің өзегіне сан қырымен әсер етіп, бір жағынан оның байырғы түрлерінің эволюциялық бағытының өзгеруін қамтамасыз етсе, екінші жағынан соғыс әсерінен жойылып кетуіне де апарып соқты.

Көшпелілердің культтік-жерлеу ғимараттарының типологиялық классификация мәселесі өте күрделі және бір тақырыппен аяқталмайды. Әрине, оларды зерттеуде тек архитектуралық-кеңістік композициямен шектеліп қоймай, олардың құпиялылығымен қатар басқа да белгілері, сондай-ақ мәдени-салттық белгілері ескерілуі тиіс. Себебі, жерлеу ғұрпы ортақ болғанымен, әр аймақтың ескерткіш өзіндік салт-дәстүрлері болуы мүмкін.

Әдебиет: [Н-8,9,10, Қ-5,10,].


Тақырып №7. Туған өлкенің ауызша деректері.

Мақсаты:Ауызша деректердің түрлерін анықтап, олардың мазмұнын ашу.Анықтамаларға түсініктеме беру.

Жоспары:

1. Тарихи аңыздардың қалыптасуы.

2. Ономастика.

3. Топонимика.

4. Антропонимика.

5. Даланың ауызша тарихнамасы

Қазіргі кезеңде қоғамдық пікірде тарихи ес мәселесіне айрықша көңіл беріліп, жиі назар аударуда. Тарихи зерденің елеулі бір саласы ретінде танылған адамзат баласының тербеліп өскен төл бесігі – жер Ананың географиялық елді мекен атауларына дейін қоғамдық пікірде қайта ерекшеленіп, сын көзбен қаралып, жаңаша мән-мағына берілуде. Атамекен жеріміздегі топонимикалық атаулардың шығар көзі ғасырлар бойы фолбклор мен эпостық, тарихи жыр-дастандар арқылы тарих кешінде жиі алмасқан ұрпақтар сахнасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде тұрақтанып, қорланатын тарихи естің жиынтығы іспеттес. Түркі халқының тарих сахнасына шығып, мемлекет құрған кезеңі. Түркі қағанаты дәуіріндегі елді мекен, жер-су атаулары тікелей сол халықтың ана тілінде жаслаып, сап алатындай қоспасыз таза сақталған түрін тасқа мәңгілікке қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері талассыз айғақтап отыр емес пе?

Ал, кейбір халықтарда гидроним, ороним, ойконим, этноним саласында атауларды қою тәжірибесінде жеке кісі атына сәйкес қою жағы басым жататын ерекшелікті де аңғартады. Жеке тұлға (антропоним) демекші, бір халықтың құрамындағы адам есімдері мен фамилиясына қарап отырып, олардың мағынасы мән беретін мәніне қарай жіктеп-жүйелегенде, ол антропонимдік атауларының сан қырлы қатпарында сол халықтың басынан өткен әр түрлі тарихи және саяси-әлеуметтік өзгерістердің себептерін танып білуге септігін тигізетін тарихи іздер табы ұшырасады. Халықтық топонимиканың бір ерекшелігі – топонимикалық атаулар сол халықтың тікелей авторлығымен қойылуы себепті фольклор мен көркем әдебиет шығармаларында өз көрінісін бермей тұра алмайды. Отаршылдық топонимдер – халықтың елді мекен, жер-су атауларының антиподы ретінде пайда болатын өмірдегі саяси-әлеуметтік, басқыншылық пен зорлық-зомбылықтың көрінісі. Ұлан-байтақ қазақ жеріндегі елді мекен, жер атауларының қалыптасқан түрлі қабаттарында елді мекен, жер атауларының пайда болуы, қалыптасу және өзгерістерге ұшырау себептері тарихи шындығының бар болмысын ономастика ғылымы өз дәрежесінде ашып бере алмай келеді.



Әдебиет: [Н-7, Қ-7,13,14,17].


Тақырып №8. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы және дамуы. ХІХ ғ. Орыс зерттеушілерінің Қазақстан тарихын және өлкетанудағы үлесі.

Мақсаты: Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы мен дамуына тоқталу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет