Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 45.29 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі45.29 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі

салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (560.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (560.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді есептеуге арналған тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін мемлекет тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.



2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

5. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

6. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Декларацияны жасау (560.00-нысан)

 

8. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

5) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі тапсырылған жағдайда толтырылады;

7) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

9. «Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанына уәкілетті мемлекеттік орган берген келісімшарттың тіркеу нөмірі мен жасасқан күні көрсетіледі;

3) С бағанында «Бюджетке төленуі тиіс тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем сомасы» Салық кодексінің 328-бабына сәйкес бюджетке төленуі тиіс тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем сомасы көрсетіледі;

10. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында.

Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



___________________________


Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2013 -> pravila kaz
pravila kaz -> Нысан Жалпы ережелер
pravila kaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
pravila kaz -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
pravila kaz -> Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін
pravila kaz -> Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет