Тарихи тұрғыдан философиялық әдістеменің ең алғашқы формасы позитивизм болды



Дата08.11.2022
өлшемі34.5 Kb.
#178294
Байланысты:
гылыми


Тарихи тұрғыдан философиялық әдістеменің ең алғашқы формасы – позитивизм болды.
Позитивизмнің дамуы барысында 3 маңызды толқыны ерекше орын алды.
1. Огюст Конттың, Герберт Спенсер, Фалес Милетский позитивизмі
2. Физикалық позитивизм немесе махизм, энргетизм
3. Логикалық позитивизм
Позитивизмнің орталық мәселесі демаркация мәселесі ретінде тұжырымдалған: ғылымды рухани қызметтің басқа түрлерінен: философиядан, діннен, өнерден және т.б. қалай ажыратуға болады. 
Бұл мәселе алғаш рет 12 ғасырда батыс араб философы Ибн Рушд пен бастау алды. (жақсы Аверроес деген атпен белгілі). Ол ақиқаттың екі жақты екенін, атап айтқанда: ақылдың ақиқаты (бұл ғылымның ақиқаты) және діннің ақиқаты бар деп жариялады. 
1. Бірінші позитивизм білім эмпирикалық жолмен алынған болса, оны позитивті деп санайды. Метафизикалық білімнен айырмашылығы, ғылыми білім сезімдік берілгеннің сипаттамасы болып табылады;

2. Физикалық позитивизм тек сезімдік берілген шындықты ғана емес, сонымен бірге өзара байланыстардың шындығын (реальность взаимосвязей) ғылыми тануға болады деп санайды. А.Эйнштейннің салыстырмалылық концепциясының дамуына әсер еткен физик және ойшыл Эрнст Мах (1838-1916) ғылыми танымның міндетін (задача научного познания) «ойдың фактілерге бейімделуі және ойлардың бір-біріне бейімделуі» деп тұжырымдаған. Бұл теорияны құру мотиві, Махтың пікірінше, құбылыстардың артындағы шындық туралы білім алу үміті емес, тек осы құбылыстарды қарапайым және талғампаз (элегантной взаимосвязи) қарым-қатынаста көрсете білу.


Бұл жүйені Эрснт Мах «Ойдың үнемділігі принципі» (Принцип экономии мышления) деп атады. Және ол өзінің жүйесінде :
Физикалық позитивизмнің пайда болуы физиканың материалдық шындықты зерттеуден «эксперименттік/тәжірбиелі шындыққа» (опытная реальность) , өрістік физикаға жол ашқан қарым-қатынастар шындығына қайта бағдарлануымен байланысты. 
«Осы нақты объектілер арасындағы шынайы қатынас біз қол жеткізе алатын жалғыз шындықты білдіреді» деп айтып кеткен.
3. Логикалық позитивизм
Ғылыми дүниетаным мен ғылымилық концепциясына ең үлкен әсер еткен ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында қалыптасқан логикалық позитивизм болды. Оның өкілдері Рудольф Карнап, Готлоб Фреге, Бертран Рассел, Людвиг Джозеф Иоганн Витгенштейн, Альфред Тарски, Карл Поппер. Логикалық позитивистер демаркациялық критерий ретінде тексерілу мүмкіндігін таңдады: ұсыныс тексерілетін болса ғана, яғни оның ақиқаттығын бақылау арқылы анықтауға болатын болса ғана ғылыми болып табылады. 
Егер мәлімдеме (высказывание) расталмайтын болса, онда ол ғылыми емес. Зерттеудің негізгі бағыты – ғылым тілі мен ғылыми білім құрылымын талдау. Эмпирикалық негіз бен теорияның байланысы талқыланады, оны ұйымдастырудың эмпирикалық және теориялық деңгейлеріндегі ғылыми танымның әдістері мен формалары сипатталады, ғылыми факт пен ғылыми теорияның құрылымы, ғылыми тұжырымдаманың ерекшелігі сипатталады.
Логикалық позитивизм ғылыми теориялар құрылымының идеалын, ғылымилықтың әмбебап (универсальный) стандартын белгілеуге, ғылымилықтың қатаң және нақты критерийлерін әзірлеуге тырысты. Логикалық позитивизм тұжырымдамасы ғылым философиясында көп жылдар бойы басым болды. Оның ғылыми дүниетанымына, ғалымдардың, жалпы білімді адамдардың санасына тигізген ықпалын бағалау қиын. Ол ғылымның бейнесін менталитет деңгейіне қойды, соның арқасында ғылымилықтың «позитивистік мифі» туралы айтуға мүмкіндік берілді. Логикалық позитивистер ғылыми білім мен ғылыми емес арасындағы нақты шекараны сызуға тырысты, бірақ бұл шекара тарихи өзгермелі және шартты болып шықты. Бұл шекараны белгілеу - демаркация мәселесін талқылаудың негізгі нәтижесі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет