Тассуат орта мектебініњ



Дата23.03.2018
өлшемі54.85 Kb.
#21667

Рухани жанғыру- болашақтың алтын көпірі.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған бағдарламалық мақаласы туралы өте көп пікірлер айтылған.Расымен,осы уақытқа дейін Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқымызға жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап, халықтың келешегіне бағыттап. Жол нұсқап отырды. Ал осы мақаласы- сол жоспарлы жолдаулармен біте қайнасқан, тамыры бір өзектес асыл идея. Көзі қарақты азаматтарға осынау кең құлашты мақала туралы пікірлер мен үндеулердің бәрі таныс. Белгілі мемлекет және қоғам қайреткерлері де, жазушыларымыз да , ақыдарымыз да, қарапайым азаматтарымыз да өз ойларын ортаға салып, көзқарастарын білдіріп үлгерді.Туған жер! Бұл- кез келген қазақ баласының жүрегіне жылы тиер сөз емес пе!Туған жер дегеніміз –кіндік қанымыз тамған алтын бесік. Баяғы қадым замандарда көшпелі жұртымыз дүниеге сәби келсе,оның кіндігін кесіп, жолдас етін(кіндік түйіншегі) алты қырдан асырып, адам баласының аяғы баспас жерге көміп кеткен екен. Міне. Сол жолдас етің- туған жеріңе тартып тұратын магнит іспетті бір құдрет екен. «Туған жерге байлап қойған кіндігін» аталы сөз осыдан шыққан десе. Туған ел-бауырың, ағайын- жұрт,қаймана қазағыңның дәл өзі. Өскен ортаң.қалыптасқан жерің.Тал бесіктен жер бесікке дейін қай қазақ болмасын.өзінің туған жерін аялап.туған елін саялап өтеді.Туған елінен мейрім көріп,туған жерінен шапағат тапқан қазақ баласы қиын-қыстау заманда өзге этнос өкілдеріне қамқорлық жасап.олардың да жанын аман алып қалды.Бүгінгі Қазақстан қаншама ұлт өкілдерінің қадірлі мекен, бақ ордасына айланды.Бүгінгі мамыржай тірлік, мызғымас бірлік осы туған жер мен туған елді сүюден басталған қасиеттің өзінен нәр алған. Елбасымыз айтқандай, « тілегі-бір, тілеуі-бір» достығы жарасқан ел емеспіз бе! Ұлы Дала баласының бақытты атақонысы болар.сірә!Атажұрт!Бұл—осынау Ұлы Даланың сұлу жерлері. «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе « Қазақстанның киелі географиясы» жобасы- қазақ сахарасының сұлу да көрікті жерлерін әлемге танытуға бағытталып отыр.Бұл жоба- әлемнің көрікті жерлері сияқты туристер мен шетелдіктерді қызықтыра да тамсанта алатын жерлерді дамытуға, өркендетуге жол ашады.Қазақтың- Алтын Орда мен Ақ Орданың Ұлытауы. Ұлы екі дүние есігіндей Түркістан, қойнауы құт-өр Алтай,сайын дала- Сарыарқа,жыр елі- Сырдария сағасы,киелі Қазғұрт,жер жаннаты- Жетісу,Сарайшық.Бөкей Ордасы,Жампиты,Баянтау,Бурабай,

Марқакөл т.б.

Әркімге өзінің туған жері ыстық.Біздің Жарқайың ауданында бүгінгі күнде 26 тарихи ескерткіштер бар.Қорғандар және қорымдар саны-19. Қыстаулар -3. Діни ғимараттар-2.Тарих және монументальды өнер ескерткіштері-1. Кеңес Одағының батыры Н.Ф. Гастелло ескерткіші.Біздің ауданда көптеген зерттеулер жұмыстары жүргізілді.Соңғы15 жылдағы зерттеу жүргізгендер Қ.А Акишев. М.К. Хабдулина.Д.А.Талеев. А.Н.Свиридов т.б. Мысалы, 2006 жылы М.К. Хабдулина отряд тобы зерттеген , Тассуат «Мұртты» обасын алсақ ауылдың батыс жағында 5,4 км. Тассуат- Державинск тас жолынан 2 км қашықта орналасқан.Мұрттары созылған 78м және 77м .Диаметрі 4м.Осыған сәйкес қорғандар бар : Қарасуда-3,Львовскийде-1,Любицкийде-1.Нахимовода-1.Тасөткелде-1,Шалғай, Гастелло,Баранкөл, Отрадное және Үшқарасуда қорымдар бар.Ахмет кесенесі де біздің ауылдың оңтүстік-батысында 7 км қашықтықта, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.Кесенің жалпы биіктігі 7м15см,төртқырлығының жоспардағы мөлшері 6,3х6,7м кесененің порталды-күмбезді типін сипаттайды.Алғашқы рет 1955жылы К.А.Ақышев, 1980ж

«Қазқайта жаңғырту» мекемесінің экспедициясымен Ж.Шайкенов,2006ж Г.М. Камалова және А.Н.Свиридов, Д.А.Талеев т.б. зерттеген. Біздің ауданда қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.Мүмкін қазба жұмыстары жүргізілсе көп заттар табылуға мүмкін. Біздің мектебімізде өлкетану- тарихи мұражайы бар. Мұражайда 300 дей экспонат бар . Ол заттар Тассуат ауылы маңайында табылған : қылыш,шоқпар,дермен,крест, қазан,қайшы, білезік,пышақтар, қармақ, ыдыс сынықтары үзеңгілер т.б. Соғыс ардагерлеріне арналған стенд бар ,олардың өмірбаяндары және ерлік үшін марапатталған медальдары , мақтау қағаздары, құжаттары , киімдері ,фотосуреттері көрсетілген. Біз мұражайда Мұражай сабақтарын , саяхат өткіземіз .Мұражай арқылы оқушылардың патриоттық тәрбиесін , патриоттық сезімін дамытамыз .Қысқаша айтқанда, осындай мұражайлар әр мектепте болу қажет. Осынау Ұлы Даланың батысы да.шығысы да,орталығы да,солтүстігі де,оңтүстүгі де - күллі қазақ баласының панасы айналған атамекені. Елбасымыз айтқан «Туған жеріңе туынды тік!»деген қағида- әрбір қазақстан азаматына қаратылып айтылған сөз. Жай ғана сөз емес,ұтымды әрі намысыңды қайрайтын сөз. Мәселен. тасын өрге домалап тұрса. ауылыңның игілігі үшін мәдени ошақтар және мектеп,балабақша салып. я болмаса жол мәселесін шешіп берсе, қарттардың алғысын алып. жастарға үлгі болар еді.Елбасы осы идеясын айтқаннан бері кең қозғалып. қазақтың қалталы азаматтары ауыл-аймақтары үшін бірқатар нысандарды салып,халықтың игілігіне ұсынады. Енді осындай азаматтарды «100 жаңа есім» жобасына ұсынып,насихаттауымыз керек. Қазақтың азаттық жолына түсіп,тәуелсіздігін жариялағанына,міне 26 жылдың жүзі болды. Осы, 26 жыл ішінде еліміздің рухани-мәдени,қоғамдық-саяси өміріне өзінің үлесін қосып. Еліміздің атын түрлі спорттық додаларда шығарған спортшылар,өнер һәм шығармашылық адамдары зиялы қауым өкілдері,саясаткер,кәсіпкер, инженер сынды мамандардың да мерейін –өсіруге халыққа танытуға арналған жоба осы «100 жаңа есім». Бұл «100 жаңа есім»- тәуелсіздік тудырған.Елбасының сарабдал саясаты танытқан мерейі үстем жоба. Бұл «100 жаңа есім» жас өскіннің бет бұрып,бой түзер, бағыт айнасына айналады.

«Мың өліп, мың тірілген» халқымыз басынан небір зұлматты жылдарды, қиын кезендерді өткерді. Нәубеттің зардабын тартып, азабын шеккен еліміздің қилы тарихында бірнеше рет әліпби ауыстырған екенбіз. Қолдан жасалған солақай саясаттың салдарынан қайта-кайта әліпби ауыстыру арқылы қазақ өзінің ұлттық құндылығынан айырылып қала жаздады.Бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе- латын әрпіне көшу. Ал, латын әрпіне көшу дегеніміз-киіз туырлықты қазақтың біраз уақыттан арман-тілегі еді. Латын әріпі- мұқым түркі халықтарының рухани жақындауына мүмкіндік тудырады. Ендігі кезек-Елбасымыз белгілеп көрсеткендей латын әрпінің қазақшаланған таңбасын даярлап, қолданысқа енгізу. Латын әрпіне жылдам көшсек. Жаһандануға да қарсы тұратын едік.

Жаһандау процессі- кез келген ұлтты өзінің ұлттық құндылығы мен залалы көп күш. Осыған қарсы құратын заманауи жаңашыл тәсіл- «Цифралы Қазақстан» жобасы. Яғни, электронды кітапхана қорына сан ғасырлық тарихы бар әдеби жәдігерлер мен тарихи шығармаларды құйып, оларды латын әрпінде басып, үш тұғырлы тіл саясаты негізінде ресімдеу. Сонда әлемнің кез келген нүктесінен осы жүйені пайдаланып, қазақтың рухани өмірімен, әдеби жауһарларымен танысуға ешқандай кедергі болмайды.Елбасының осынау кең құлашты мақаласы- еліміздің болашағы үшін жасалып отырған сәтті қадам .Болашақтың кірпіші болып қаланар жастардың ертеңгі алаңсыз өмірлері үшін ешкім де ешқашан қателеспеуі керек.

Сондықтан Елбасымыз- Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауларына қолдау танытып, қазақтың көшін алға сүйреуіміз қажет.

Казақстанның бұл жолы- жарқын болашаққа қадам басқан нұрлы жол! Меніңше, қоғамдық зор резонанс тудырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы- қазақ елінің сатылы дамуына септігін тигізер,күннен-күнге жаңарған нано технологиялардың дәуірінде, жаһандау процесі жүрген XXI ғасырда қазақ баласының ұлттық рухын сақтап, ұлттық кодын жете тануына мұрсат берген, рухани кедейленудің алдын алуға бағытталған құнды дүние. Сайып келгенде рухани жаңғыру дегеніміз-болашақтың алтын көпірі!

+

Ақмола облысы



Жарқайың ауданы

«Тассуат негізгі мектебі» КММ



Баяндама

«Рухани жаңғыру- болашақтың алтын көпірі»


Дайындаған: Тассуат НМ тарих пәнінің мұғалімі Гафаров Д.М.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет