Астана прокуратурасы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

“Қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істер тергеуде. 7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген ақпаратта.

Іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен Мәскеу қаласының аумағында ұсталғаны айтылады.

  • Талдықорғанда екі тұрғын үй кешенін салу кезінде әкімдіктен 250 миллион теңгеден астам қаражат ұрлағандар сотталды
  • Жамбыл облысында жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған шенеуніктердің әрекеті әшкере болды

“Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдіктелуде. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды”, – деп қосты прокуратурада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.