Тауарлардың сапалық көрсеткіштері және тауарлардың кемшіліктерін анықтау. Тауар сапасы түсінігі



Дата02.10.2022
өлшемі25.7 Kb.
#176007
Байланысты:
Тауарлардың сапалық көрсеткіштері және тауарлардың кемшіліктерін анықтау




Тауарлардың сапалық көрсеткіштері және тауарлардың кемшіліктерін анықтау.

  1. Тауар сапасы түсінігі.

  2. Азық-түлік тауарларының ақаулары.




  1. Тауар сапасы түсінігі.



Тауарлардың сапасы-дүниежүзілік МСО стандарты бойынша,ол тауардың қасиеттерінің белгілі қажеттіліктерді өтеуге арналған жиынтығы.Тауардың қасиеттеріоны пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінеді.
Тауарларды пайдалану-пайдалану кезінде тауарлардың ресурстарын жоғалту процессі.
Тұтыну-бұл тауарларды толық пайдалану.Кез келген тауарларды оны сапасы,сапалық көрсеткіштері бойынша анықтауға болады.Тауардың қасиеттері оны белгілі қажеттіліктерді өзінің тағайындалған орны бойынша өтеу.
Тауардың қасиеттері-жай және күрделі қасиеттер болып бөлінеді.
Тауардың сапасы-қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтеуі және өндірістік тиімділігі бойынша анықталады.
Тауардың пайдалы қасиеттері болуы, бірақ сапасы жоғары болмауы мүмкін, егер қажеттілікті өтеу қасиеті төмен болса.
Мөлшерлік формада тауардың сапасы сапа көрсеткіштері арқылы белгіленеді. Бірлік көрсеткіш-тауарладың қоғамның көрсеткіштерін өтеуге жарамдылығын көрсетеді.Сапалық көрсеткіштер:бірлік және комплекстік болып бөлінеді. Бірлік көрсеткіш-тауардың бір ғана қасиетін көрсетеді.
Комплекстік көрсеткіш-тауардың сапасын көрсететін бірнеше қасиеттерінің жиынтығы.Комплекстік көрсеткіштің бір түріне интегралдық көрсеткіш жатады.Бұл көрсеткіш тауардың тұтыну бағасының бағаға ара қатынасы бойынша мына формула есептелінеді:
A=Ko /Z
А-интегралдық сапа көрсеткіші
К0-комплекстік көрсеткіш,тауардың тұтыну қасиеттері бойынша
Тауарлардың сапалық көрсеткіштерін анықтағанда негізгі тауарлардың көрсеткіштері эталон ретінде қолданылады.Бұл жағдайда негізгі көрсеткіштер ретінде ең жақсы шетелдік тауардың немесе жобадағы тауарлардың тәжірибелік көрсеткіштері алынады.Бірақ сапаның өзі анықталмайды.Тауардың сапалық деңгейі-дегеніміз тауардың сапалық көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы табылады:
Yk=G/Gв
G және Gв-анықталатын тауардың сапалық көрсеткіштерінің сандық мәндері.Тауарлардың сапалық деңгейін анықтағанда мынандай тәсілдер қолданылады:
1)Диференциалдық
2)Комплекстік
3)Аралас
Диференциалдық тәсіл-тауардың бірлік көрсеткіштерін негізгі эталондық көрсеткіштермен салыстырамыз:
(1) Gi=Pi/Piв
Pi-анықталатын тауардың көрсеткіші
Piв-негізгі тауардың көрсеткіші
G=Pi/Piв
Бірінші формула-дәмдік,иістік көрсеткіштерді анықтауда қолданылады.Бұл көрсеткіш бірге жақын,не одан жоғары болады.
Екінші формула-тағамдардағы ауыр металлдар тұздарының қоспасын анықтауда қолданылады.Бұл жағдайда тауардың сапалық қасиеттері осы санның кемігеніне байланысты.Көрсеткіштің сандық мәні кем болса,онда тауардың сапасы жоғары болады.
Комплекстік көрсеткіш-бірнеше қасиеттермен кескінделеді.Ол заттың комплекстік көрсеткіштерін негізгі көрсеткіштермен салыстыруға негізделген.Бірақ әртүрлі көрсеткіштердің ара салмағы бірдей болмайды.Сондықтан комплекстік көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі.
К=å MiGi
Mi-i көрсеткішінің салмақтық коэфиценті
Gi-салыстырмалы сапа көрсеткіші(баллмен берілген)
N-көрсеткіштердің саны
Комплекстік көрсеткіш көбіне тамақ өнімдерінің сапасын көрсетуде қолданылады,мұнда сапа оргоналептикалық тәсілмен анықталады.
Аралас тәсіл тауардың сапасын дифференциалдық және комплекстік тәсілдердің жиынтығы ретінде анықтайды.Маңызды қасиеттерін дифференциалдық тәсілмен,ал басқа қасиеттері топтарға біріктіліп комплекстік тәсілмен табылады.
Әдетте бұл тәсіл өнімді аттестациялауда қолданылады.

  1. Азық-түлік тауарларының ақаулары.

Тауарларды бағалау процессінде өнімнің әртүрлі талаптарға сәйкестігі тексеріледі.Егер өнім талаптарға сәйкес келмесе ол ақаулы өнім деп аталынады,ал әрбір талапқа сәйкес келмеуі ақау деп аталады.Ақаулардың мынадай түрлері болады:
1)Анық
2)Жасырын
3)Аумалы ақау
4)Едәуір ақау
5)Шамалы
6)Түзетілетін
7)Түзелмейтін
Анық ақау-көзге көрініп тұрған ақаулар.
Жасырын ақау- бұл көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құжатта көрсетілмеген.Көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады.
Аумалы ақау- бұл ақау көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құжаттарда көрсетілмеген,көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады
Едәуір ақау- тауарды қолдануға және сақталуына едәуір кері әсер етеді,бірақ аумалы ақаудан кем болады
Шамалы ақау- бұл ақау өнімді пайдалануға және оның сақталуына көп әсер етпейді(түсі,сыры,ұсақ сызықтар т,б).
Түзелетін ақау-бұл ақау техникалық жағынан түзетуге болатын,ал экономикалық жағынан тиімді болады.
Түзелмейтін ақау-бұл жарамсыз өнім.Жарамсыз өнімдер қайта түзелетін немесе қайта түзелмейтін болып бөлінеді.

Үйге тапсырма: Азық-түлік тауарларының тұтыну қасиеттері.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет