«Таза мінсіз, асыл сөз » облыстық жыршылар байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 24 сәуірінде іс- шаралар жоспарына сәйкес «Таза мінсіз асыл сөз »



жүктеу 12.34 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі12.34 Kb.

«Таза мінсіз, асыл сөз...» облыстық жыршылар байқауы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 24 сәуірінде іс- шаралар жоспарына сәйкес «Таза мінсіз асыл сөз...» атты облыстық жыршылар байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының сан ғасырлық бай рухани мәдениетінің бастауы - жыршылар өнерін кеңінен насихаттау, қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақты Отансүйгіштікке, туған елін қорғауға баулуға, тілі, діні, рухани құндылықтары ортақ халықтардың бауырластығына жаңа жол ашу, жыршылар өнерін дәріптей отырып, жас ұрпақтың рухани жан-дүниесін байытуға, ата дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарауға дағдыландыру болды.

Байқаудың шарты бойынша байқауға 15 жастан асқан үміткерлер қатысты. Байқауға қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі орындаушылық өнеріне сай, ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармасынан, батырлар жыры және лиро-эпостық жырлардан үзінді орындады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау барысында олардың сахналық киім мәдениетіне, жырлау шеберлігіне, көрермендерді өз өнерімен тәнті ету тәсіліне аса мән беріп, дайын фонограммалар қолдануға тыйым салды.



Ақтық сында І орынды - Осакаров ауданынан қатысқан Ғ.Нұрсолтан (орындаған шығармалары - Мақан ақынның «Кәрілер», «Қыз Жібек» жырынан үзінді) иемденді. ІІ орынды – Жаңаарқа ауданынан қатысқан Ж.Көпбосынов (орындаған шығармалары - Ақтамберді жырау толғауы, «Ер Тарғын» жырынан үзінді) пен Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Ғ.Қабденов (орындаған шығармалары Шал ақынның толғауы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан үзінді) бөлісті. Ал, ІІІ орынды - Жезқазған қаласынан келген Е.Көшенов (орындаған шығармалары Қайып Айнабековтың «Толғауы», Иман Жүсіптің әні) иемденді.
Каталог: files upravlenie -> upravleniya -> uprrazyaz
uprrazyaz -> Болашағымыз – мемлекеттік тілде
uprrazyaz -> «Тарихыңды тану – еліңді тану» ток-шоуы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 20 мамырында іс—шара жоспарына сәйкес «Қазақстан Қарағанды»
files upravlenie -> 2005 жылғы «15» қарашадағы №22/20 қаулысына
uprrazyaz -> «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» облыстық дәстүрлі байқауы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2009 жылдың 30 сәуірінде «О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық дәстүрлі байқауын»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет