«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 0.78 Mb.
бет3/6
Дата21.04.2019
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6

Дәріс №12

Тақырыбы: XX ғас. костюмі.(жалғасы)

Дәріс мазмұны:

1.XX ғ. өнер тарихында мынандай кезеңдерге атап көрсетеді: 1901 – 1914 ж, 1919 – 1930 ж, 1931 – 1945 ж, 1946 – 1966 ж, 1967 – 1973 ж киімі, 1980 – 90 жылдар киімі.

2.Стильдердің пайда болуы.

ОЖСӨЖ мазмұны: Стильдер бойынша стильдердің түрлерін альбомға суретін салу.

СӨЖ мазмұны: Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002


13 апта

Кредит сағат №2

Семинар №13

Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімі.

Семинар сұрақтары:

1.XIX ғас. қазақ ұлттық киімдерінің бөліктеріне бөлуі.

2.Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер деп төртке бөлуінуі.

3.Ерлер мен әйелдер киімі.



ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ халқының ұлттық киімінің ерлер мен әйелдер костюмдерін альбомға суреттерін салу.

СӨЖ мазмұны : Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002


14 апта

Кредит сағат №1

Дәріс №14

Тақырыбы: XX ғас. костюмі.(жалғасы)

Дәріс мазмұны:

1.Стильдердің дамуы.

2. Стильдердің түрлері.

ОЖСӨЖ мазмұны: Стильдер бойынша стильдердің альбомға суретін салу.

СӨЖ мазмұны: Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002



14 апта

Кредит сағат №2

Семинар №14

Тақырыбы: Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдері.

Семинар сұрақтары:

1.Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдерінің бірнеше түрге бөлінуі.

2. Сәукеле, желек, кимешек, бөрік және т.б. қазақ әйелдерінің бас киімдері.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдерінің суреттерін альбомға салу.

СӨЖ мазмұны : Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002


15 апта

Кредит сағат №1

Дәріс №15

Тақырыбы: Жоғарғы мода.

Дәріс мазмұны:

1.«Жоғарғы мода» орталығы – Париж.

2.Ең көрнекті әлем бойынша модельерлер: Поль Пуаре, Эльза Скипарелли, Кристабаль Баленсиага, Кристиан Диор, Ив Сен – Лоран, Юбер де Живанши, Пьер Карден, Пако Рабанн, Вячеслав Зайцев,Людмила Надточи.

ОЖСӨЖ мазмұны: Жоғарғы мода модельерлерінің киім үлгілерін суретін альбомға салу.

СӨЖ мазмұны: Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002


15 апта

Кредит сағат №2

Семинар №15

Тақырыбы: Қазақстандағы танымал модельерлер шығармашылығы.

Семинар сұрақтары:

1.«Сымбат» сән академиясының шығармашылығы.

2.Көрнекті модельерлер.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстандағы танымал модельерлер шығармашылық жұмыстарының үзінділерінің суреттерін альбомға суреттерін салу.

СӨЖ мазмұны : Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, кинолардан, картиналардан оқып танысу.

Әдебиеттер:

1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001

2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000

3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006

4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002


Әдебиеттер тізімі:
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

СОӨЖ тапсырмаларын орындау

Альбомға берілген тапсырмалар бойынша киімдердің суретін салу, студентке костюм тарихы бойынша өзгерістерді бақылату.

1.4 бөлімін қар.
1 – 15 апта


1 – 15 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Альбомға өткен тақырып бойынша киім үлгілерін салу.

2

Глоссарий

Костюм тарихы бойынша кездесетін кейбір атаулардың беретін түсінігін меңгеру.

7 апта

7 апта

5 %

Атаулардың түсінігін айту.

3

СӨЖ бойынша есеп және тапсырманы орындау

Өздігінен жұмыстануды, ізденісті қалыптастыру қабілеттерін дамыту

СОӨЖ тақырыбына қатысты, өзіндік шығармашылық ізденіс

0,5

0, 5 %

Жазба және ауызша жұмысын тексеру



Емтихан

Тәжірибе түріндестуденттің курс бойына жинақтаған білімін тексеру










Ауызша емтихан

4.Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра «Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» тьютор Сүндетқалиева Ә.А

(аты-жөні)


Пән «Костюм тарихы»

(пән атауы)

Кредит саны 2







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту





кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., ИздатМаркет, 2006

3




30 %







2

Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

3




30%







5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



Тақырыбы: Кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Пәннің мақсаты: студенттерді түрлі елдердің киім тарихымен таныстыру, киімнің сәндік бөліктері мен пішіндері, өзіндік ерекшеліктері мен құнды әрі кемшілік тұстары жөнінде білім беріп, әсемдікке баулу, эстетикалық талғамын дамыту. Ежелгі өркениеттер мәдениеті. Ежелгі дәуір қоғамында киім дайындауда түрлі материалдарды пайдаланды. Қай кезеңде болмасын, киім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішімде, құрылымда, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейді тігілді. Киімнің матасына, салт – дәстүрге байланысты оны денеге түрліше орап жамылға етті, яғни: денені шаршаулап орау, денені айналдыра орау, мойын ойындысын ою арқылы орау. Дегенмен, Ежелгі дүние костюмінің пішімін мынадай үш түрге жіктеуге болады: 1. тігілмеген (пішілмеген) киім – тұтас матаны денеге орау арқылы дайындалған Ежелгі Грек, Рим, египеттіктердің шаршаулы киім үлгілері; 2. Мойын ойындысы қиылған тұтас матадан дайындалған Вавилон мен ассириялықтардың киім үлгілері; 3. Пішілген әрі тігілген киім үлгілері (екіге бүктелген матаның мойын ойындысынын ойып, қолтық ойындысын тікпей тек бүйір тұстарын біріктіріп тіккен туника секілді тұтас киім үлгілері. Бұл киімнің негізін салушылар ассириялықтардың – канди көйлегі, Ежелгі Египетте жаңа патшалық тұсындағы калазирис, Ежелгі Римдегі туника киімдері.

Ежелгі Шығыс халықтары өте жұқа әрі әдемі маталар шығаруды меңгерді. Әсіресе Ежелгі египеттіктердің кенеп талшығынан дайындаған маталары өте сапалы тоқылып, жоғары сұанысқа ие болды. Зығырдың дүмбіл піспеген талшықтары, иілгіш әрі жылтыр, ұзын иіруге икемді келді. Сондықтан олардан жіңішке әрі мықты жіптер алып,мата тоқыды. Ірі шаруашылықтардың барлығында «храмда, перғауынның немесе ірі байдың шаруашылығында) міндетті түрде тоқыма шеберханалары жұмыс істеді.

Байырғы Шығыс елі адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған ұлы мәдениеттің отаны болып саналды. Шығыстың алғашқы қауымдастығын артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан, жоғарғы деңгейдегі тәртіптіліктің жалғасы деп біледі.

Ал батыста жеке тұлғалардың дараланып шығуы, олардың билік пен жеке меншікке құштарлығы салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғаға үстемдік жасайтын өкметтің қажет екендігі айқындала бастады.

Шумер мәдениеті.

Шумерлер мен аккадтықтардың мәдениеті байырғы месопатиямадағы өркениет ошағы, әлемдік мәдениеттердің бірі болып саналады. Атап айтқанда, дәл осы IV МЫҢЖЫЛДЫҚТА ҚАЛАЛЫҚ ТИПТЕГІ Шумер б.д.д. жазба мәдениеті алғашқы қауым мәдениетін тұрақты түрде ығыстыра бастады.

Өнер саласында көркемдік әсерге қол жеткізу үшін қағидаға айналған үлгілердің түріне аз ғана өзгеріс енгізуге ұмтылып отырды. Месопотомияда практикалық қажеттіліктің нәтижесінде математика мен астрономия сияқты бүгін көне саналатын ғылымдар дүниеге келді.

Көне Месопотомияда білім саласындағы деңгейі осындай жетістіктер болды. Дегнмен, осы бір ғылымдағы алғашқы бастамалар мен қадамдардың өзі оңды мәдени факторлар бола отырып, бертін келе антикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасады.

Египет мәдениеті.

Египет елі әлі күнге іргелес жатқан мәдениетті елдерді аса қызықтырумен келеді. Египет халқының мәдени жетістігінің шыңы болып саналатын көне заманда пайда болған суретке ұқсаған ироглифтік (қасиетті жазба) жазу.

Египет бізне Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Біздің дәуірімізге дейінгі IY ғасырда Египет Эллин мәдениетінің ықпалына енді. Аталмыш даму сатысы тек Египетке ғана тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениетінің қалыптасуына тән міндетті саты болды.



Тақырыбы: Ежелгі дәуір костюмі.

Дәрістің мазмұны:

Ежелгі Египет тарихы негізінен 4 кезеңге бөлінеді: Ежелгі пашалық (б.э.д. 3000 – 2400жж); Орта патшалық (б.э.д. 2400 – 1710 жж); Жаңа патшалық (б.э.д. 1580 – 1090жж); Соңғы кезең (б.э.д. 1090 – 332жж).

Ежелгі Египет мүсіндері мен фрескаларының релбефіне қарай адамдардың көркемдікке ұмтылысы мен олардың киім үлгілерінің негізгі түрлерін байқаймыз.Ежелгі Египеттіктер әсемдікке құштар болған. Египет кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Ніл өзені арнасында осы талшықты өсімдікті өсіру аса қолайлы болды. Тоқыма өнерінде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді.

Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты ( схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген.

Әйелдер денесін орап тұратын, көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды. Бұл киім үлгісі «калазирис» деп аталды. Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылды.

Орта патшалық тұсында египеттіктердің киім формасы күрделеніп, көлемі ұлғая түседі, бір киім үстінен бірнеше киім киюді дәстүрге айналдырды. Киім силуэті етегіне қарай кеңейе түседі де пирамида бейнесіне ұқсайды. Қатпарларды да көбірек пайдаланатын болды.

Жаңа патшалық тұсында ақсүйектер тегі өз киімдерінде түрлі түсті маталар мен жұқа қымбат материалдарды, алтын және эмальды тағыншақтармен әшекейленген, қатпарлармен сәнделген киім үлгілерін пайдаланды. Ежелгі Египетпатшалығы тұсында киімге қосымша сән беретін, адам өңіне әр беретін әр түрлі құпия мағынасы бар тағыншықтар, тұмарлар пайда болды.Күн пішінді алтын алқаны египеттіктер әлемді және барша тіршілікті жаратушы Атон құдайының бейнесі деп санады. Перғауындардың бас киімі екі қабатты «атев тәжі» болды, онда урей – жыланы мен «лашын» символы үстемділік белгісі ретінде саналады, сонымен қатар перғауындар бас киім ретінде көбіне «клафт» жолақты мата пайдаланды.Египеттіктер аяқтарына пальма жапырағы мен папирустан жасалған сандал киді.

Тақырыбы: Ежелгі Рим костюмі.

Дәрістің мазмұны:

Көне Рим костюмі грек костюміне ұқсайды. Егер гректер дене бітіміндегі әдемілікті көрсетуге тырысса, римдықтар керісінше салқын климаттық жағдайға байланысты жылы және жабық киімдер киген. Костюмдері ашық түсті болды: ақ, қоныр, сары және т.б.

Ерлер астынғы жағына киетін киімді «туника» деген, ол хитонға ұқсайды. Мысалы: шешен Гортензий сахнаға халықтың алдына шықпастан бұрын айнаның алдында тогамен әзірлік жасап 4 сағат уақытың өткізген. Тогадан басқа плащ – «лацерна». «Лацерна» - қысқа, тар, қымбат матадан тігілген плащ ( алтын әлде күміс).

Лацерна плащын кигенде оны екі иықтан, арқаның артына жайып жіберіп киеді. Уақыт өткен сайын лацерна плащы жәй қарапайым матадан тігілген плащқа айналған. ( оны ақ, ашық түсті тоганын сыртынан киген). Ал Рим императорлары мен жоғары қызметтегі адамдар киген плащ – «полудаментум». Полудаментум ол да лацерна сияқты арқаның артына жіберіп киелетін плащ, бірақ сол жақ иықты да жауып тұрады. Оң жақ иықты ашық қалдырып, екі шетін оң жақ иық жағынан (пряжкамен) ұстатқан.

Әскери адамдардың плащы – «сагум». Ол жүн матадан тігілген. Ал кедей және ауыл адамдары (қалың) жүн матадан тігілген плащ – «пенула» плащын киген. Пенула – домалақ мата, ортасынан домалақ бас шығаратын тесігі бар киім. Пенулаға капюшон қондыруға болады.

Римдықтар шалбар кимеген, тек б.э.д III ғ. римдықтардың гардеробында шалбар бола бастады.

Римдықтардың аяқ киімі – сандалии, әлде қысқа қонышты етік.

Тақырыбы: Орта ғасырдағы Батыс Европа костюмі.

Дәрістің мазмұны:

Еуропадағы орта ғасыр өнерін үш кезеңге бөлуге болады.

А) роман стиліне дейінгі кезең (VI – X ғ.ғ )

Б) роман стилі ( XI – XII ғ.ғ )

В) готика кезеңі (XIV – XVғ.ғ )

Бірінші кезең – феодализмнің құрылу кезеңі.

Екінші кезең – оның өрлеу, шарықтау кезеңі.

Үшінші кезең – орта ғасыр қамалдарының даму кезеңі.

Материалдық мәдениеттің өсуі, ғылым мен техниканың дамуы, жаңа қоғамдық қажеттіліктер және эстетикалық идеалдың жоғарылау деңгейі нәтижесінде киімнің конструкциялау мен модельдеудің дамуына әсер етті, ертеден келе жатқан жамылғы және қаусырмалы киімдерді Еуропада IX – XI ғасырға дейін киді. Дегенмен ерлер мен әйелдердің сұлулыққа табынуы түрлі көзқарастар нәтижесінде олардың киімдерінің пішімі бір – бірінен ерекшелене түсті. XII ғ. киім пішуде бүйір және жота бөліктерінде үш тігіс түсірілді.

Алғашқы орта ғасыр кезеңі ( IX – XII). Бұл кезеңде қалалардың өсуіне орай алғаш кішігірім тоқыма цехтары пайда болды. Онда бір түсті көк, жасыл, қызғылт және қарапайым халық үшін сұр, қоныр түсті маталар шығарыла бастады. Арнайы заң бойынша сары түсті киім киюге рұқсат етілмеді. Себебі бұл түс сатқындар мен жауызда киетін түс деп есептеледі. Ерлер екі бөліктен тұратын шалбар, бірінің үстінен бірін киетін ұзын туникаларды киді.

Әйгілі бай кісілердің сұлулығы ұзын әрі еңді етіп жасалып, оң иық тұсына түйреледі. Мұндай костюмді X ғ. Оттон II императорының бейнесінен көруге болады.

XI ғасырдан бастап ерлер костюміне жауынгерлер сауыты әсер етіп, ыңғайсыз, ұзын және енді киімдерді қысқа әрі қынамалы киімдерге ауыстырылады.Мысалы «блио» костюмі.

Үстүнгі туника «котта» деп аталады. Күннің салқын кездері жилет секілді – рок – сулығын киді. Алғашында ол сұлулық Римдік полудалментумының пішіміне құсаса, XI ғ. оның етегінің ұзындығы жерге дейін түсірілді. Бұл сулықты оң иық тұсына түйреп ( фибула түйреуішімен ) қояды.

Гректер мен Рим еркектерінен айырмашылығы, олар бұттаына шалбар киіп жүрді.

әйелдер костюмі ерлер киімі сияқты екі туникадан тұрды. Олардың ұзындығы тізеге дейін жетті. Астыңғы туниканың ішінен «камиза» көйлегін киді. Әйелдер туникасын «котта» және «сюрко» деп атады. Бұл киімдердің силуэті трапеция тұрпатта болды: ол иық тұсында енсіз, ал етегіне қарай кеңейе түсті. Көйлектің кеуде тұсы және жағасы жабық әрі тұйық етіп тігілді. Бел тұсы жоғары көтерілді, яғни жүкті әйелге ұқсас формада киім кию модаға айналды. Әйелдер аяқтарына түрлі теріден жасалған өкшесіз жұмсақ жабық туфлилер киді. Қыздар ұзын шаштарын өріп, бастарына дөңгелек сақина тақты. Ал, әйелдер шаштарын орамал астына жасырып қоятын болды. Олар ойығы бар дөңгелек орамалды пайдаланды. Бұл орамал әйелдің басын, иығын тұтасымен жауып тұрды. Бұл кезеңдегі мода ағымында киімге әшекей ретінде түрлі тағыншықтар: фибула, сақина, белдік, басқа тағатын сақина кеңінен пайдаланды.

Тақырыбы: ( X –XII ғас) Ежелгі орыс костюмі.

Дәрістің мазмұны: Көне орыс елінің әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, өнері, шаруашылығы. Мата түрлері. Ерлер мен әйелдер костюмдері.

Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің костюмі.

Дәрістің мазмұны:

XV – XVI ғасырлар аралығындағы кезең интеллектуалдық (рухани әрі ғылыми) гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл Леонардо да Винчи мен итальяндық қайта өрлеу дәуірі болды. Феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды. Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болып есептелді. Мұнда – Генуе, Милан, Флоренция, Венеция қалаларында жібек пен өрнек басылған маталар кеңінен шығарылды.

XV ғ. мода орталығы Флоренция, ал XVI ғ. – Венеция саналды. XV ғ. флоренциялықтар киімінде әлі готика стилінің басымдылығын байқауға болады. Дегенмен Италияда оның ішінде Флоренцияда киім үлгілерін дайындауда жаңа бағытқа бет бұрды.

Флоренциялық киім үлгісі пішімі мен формасы қарапайым әрі табиғи адам тұлғасының пропорциясын өзгертпей, аса көп әшекейлерден, үлкен көлемді формалардан бас тартты.

Ерлердің негізгі киімі: түрлі түсті гүлді матадан тігілген қынамалы көйлек, шамалы тік жағасы бар қынамалы желетка, Қысқа тар шалбары мен шұлық – шалбары ол жилетке бау арқылы байланды. Сырт киім ретінде кең қонырау секілді жеңі бар – догалине сырт киімін киді, оның етегімен жең ұшы жиектерін үлпекпен әшекейлейді.

XV ғ. флоренциялық әйел костюмі табиғи пропорцияны айқындап, киім тұлғаға қынамалы түрде тігілді. Италияндық әйелдер іш киім ретінде «котт» және сырт киім ретінде «симару» киді.

XVI ғ. Венеция әйелдері костюмінің композициялық шешімінде ауытқу байқалды. Көйлектің төменгі бөлігіндегі қалың қатпарлардың әсерінен киімнің жоғарғы бөлігін жеңілдетіп көрсетеді. Киім силуэті төртбұрышты.

Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің Франция елінің костюмі. Ерлер мен әйелдер костюмдері.

Дәрістің мазмұны:

XV – XVI ғ. француз костюмі Италия және Испан костюмдеріне еліктеді. XV ғ. Король Франциско I – дің қарамағында Леонардо да Винчи, Бенвенуто, Челлини және т.б. итальяндық атақты суретшілер қызмет етті. Француз ерлерінің киімі ақ полпотналық көйлек пен жібек, барқыт немесе паршадан тігілген «пурпуан» киді. Оның жеке бөліктерін кестелер, тоғалар, түйме және қиықтармен әшекейледі. Әрі бұл киімге қосымша ретінде шұлықтар киді. Костюм өзінің түстік үйлесімділігімен, мата бетінің фактурасымен ерекшеленді.

Испан киіміне ұқсас болғанымен Франция киімінде француздардың мінезі мен көзқарасын білдіріп тұратын ерекшеліктері болды. Француз киімі еш уақытта тұйық болмаған, қайта одан жеңілдік жұмсақтық байқалып тұрды. Француз костюмі дене қозғалысын еркін және әсем етіп көрсетті. Ол ашық және көтерінкі көңілді елестетті. Себебі бұл кезде көбіне модада ауыр маталар қолданылды. Мысалы: барқыт, жібек, парша, сукно және с.с. Әр адамда этикет бойынша ол кезде 30 костюм болуы керек екен. Айдың әр күніне байланысты осы 30 костюмді ауыстырып киген. Модада ақ көйлектер, камзол, трико және қысқа дөңгелек панталондар – «бричес» - пайда болды, жұмсақтау келді. Сыртқы киім ретінде – «кафтан» пайдаланылды, оның алды ашық және белі қынамалы етіп тігілді. Ғасырдың ортасына қарай сұлықтар, қайырма кішкене жағалы сұлықтар енді. Аяқ киімдерінің бас жағы домалақ етіп тігілді оны «аю табан» деп атады.

XVI ғасырдың ортасына қарай француз костюмдері испандікіне ұқсас болды. Бұған мысал болатын испандық қара костюм киетін Францияның жаңа королі Генрих II еді.

Камзолдары алынатын қысқа жеңдері бар костюмдерге айналды. Манжеттері кеңейе түсті. Сулық ретінде олар теріден жасалған қысқа, тік жағалы сұлықтарды пайдаланды.

Жүзжылдықтың үшінші бөлігінде франциялық мода испан үлгісінен бірдолата бөлініп шығып, өзінің ерекше пішімін қалыптастырды. Ерлер костюмі әйелдердікіне ұқсас келді. Кең қабылған жеңі мен манжеті бар шалбар болды. Триконың сыртынан тар килюта – шалбар, оның үстіне буфон киді. Ер кісілер шаштарын бояды және кішкентай сақал – мұрттары болды. Ерлер құлақтарына сырға тағып, бастарына құстың қауырсыны тағылған «ток» бас киімін киді. Осы кездерде Францияда маскалар пайда болды, онымен көшеге шыққанда бетін жауып жүруді дәстүрге айналдырды.

XVI ғ. соңы мен XVII ғ. басында король Генрих IV – шінің нұсқауы бойынша Француздар киіміндегі түсті азайтып, қаралау бірақ қымбат бағалы киімдер қию қажет деп санады.

XVI ғ. екінші жартысында қаралы күндері киетін киімдер қалыптасты. Ол киімдер қара түсті матадан тігілді.

Ерлер костюміне қарағанда әйел костюмі испаниялық үлгіні аз қабылдады. Ауыр және қолайсыз киімдерді француз әйелдері өзіне ұнағандай етіп өзгертуге тырысты. XVI ғ- дың бас кезінде ең әдемі әрі сәнді силуэт конус пішінді киім болды. Сыртқы және ішкі киімдері қынамалы болып, көйлек етегі алдына жырық түсірілді. Кейбірде жырықты жауып жүрді.

XVI ғ. – дың соныңда әйел костюмінің пішімі өзгерді. Әсіресе , өзгеріске юбкалар түсті, олар алғашқыда кең болса, кейінірек дөңгелек пішінді болып, оның астынан теміркаркастар пайдаланды. Жағалары да өзгерді. Тік жағалар пайда болды.

Франция әйелдерінің шаштары екі типті пішімде сәнделді. Шаштарын толқын сияқты жайып қойып, артқа қарай тарап жүрді. Кей кезде шаштарын биік етіп көтеріп, оны темірмен бекітіп түйді. Ал, бет маскалар тәртіптілікті білдірді. Модада сәндік үшін қолғаптар, моншақтар, биік өкшелі аяқ киімдер, айналар, жинамалы желпеуштер мен ілмелі сағаттар қолданды.

XVI ғасырға дейін ақшыл түсті қара киімдер басымырақ пайдаланылса, XVI ғасырдан бастап қара түс орын алды қара киімге қосымша ретінде бастарына ақ түсті орамал, жаулық киді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет