Америкалық Apple технологиялық компаниясы он жылдық дамудан кейін электромобиль жобасынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Аppletidings

Apple компаниясының электромобильді әзірлеу бөлімінің қызметкерлері мәлімдемені таратты. Онда жобаның тоқтатылатыны және көптеген жұмысшылардың жасанды интеллект (AI) бөліміне ауысатыны айтылған.

Сауданың жабылуына орай Нью-Йоркте Apple-дің бір акциясы – 182,6 доллар.

  • Смартфон суға түсіп кетсе не істеу керек: Apple мамандары кеңес берді
  • "Көз тамыры жарылып кетті": Қолданушылар Apple Vision Pro көзілдірігін жаппай қайтарып жатыр

Apple 2014 жылы Project Titan аясында электромобиль жасауды бастады. Көлікке дауыстық навигация орнатылып, көліктің салоны лимузинге ұқсас болады деп жоспарланған еді.

Басқару мен стратегияның бірнеше рет өзгеруіне байланысты машинаны құру процесі қиындықтарға тап болды. Электромобильді шығару бірнеше жылға созылатындықтан, жобадан бас тарту шешімі қабылданды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.