Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі



жүктеу 94.2 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі94.2 Kb.


Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Әріптестер!
Өздеріңізге мәлім, еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы және өкілетті органдарының ең негізгі жұмыс бағыты – мемлекеттің, халықтың мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. Осыған орай, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен етене қарым – қатынаста жұмыс істеуі, олардың сұраныстарын қанағаттандыратын іс бағаттарын айқындау, жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамызындағы № 615 Жарлығына сәйкес, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай – ақ кенттер мен ауыл әкімдері тұрғындары алдында есеп беру кездесулерін өткізуге міндеттелген.

Біз бүгін, 2015 жылы жасалған жұмыстардың нәтижелері төңірегінде қорытынды баға беріп, жұмыс ауқымын айқындау, жобалау мақсатында халықтың тілегі мен сұранысын, талабын тыңдап, алдымыздағы қысқа мерзімді кезеңге арналған міндеттерді белгілегелі отырмыз.


2015 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсақ:
Ауыл тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суын субсидиялау.
Аталған мәселе өз уақтытында шешімін тауып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары ауыз суды субсидия бойынша пайдалануда. Судың тарифі 98 теңге болса, ауыл тұрғындары 1 текше метрге 30 теңгеден төлейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша көлемі 352,010 мың текше метр суға 23,528388,50 млн.теңге қаражат субсидияланды (абонент саны 2376).
Ауылдың жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру

Бұрынғы жеке кәсіпкер мен қала әкімдігі арасындағы келісім шарт бұзылып, басқа жеке кәсіпкермен уақытша келісім шарт жасалды (Мемлекеттік сатып алу өткізілгенге дейін). Қазіргі таңда №3 маршрут дұрыс жолға қойылып, тұрақты кідіріссіз жүруде.



Теңге ауылын санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру, жұмыстары.
Санитарлық тазалық жағдайындағы ең күрделі мәселелердің бірі ауылдық мекен – жайлардың аумақтарының тазалығы. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, өткен жылы ауыл бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында ауыл толықтай тұрмыстық қоқыстардан тазаланды. Теңге ауылын санитарлық тазартуға 2015 жылы жергілікті бюджеттен 27,942880 млн. теңге қаралды. Бұл жұмыстарға аймақтағы Тазалық МКК –на қарасты Теңге ауылында № 8 цехы, одан бөлек ауылдың азаматтары техникамен көмектесіп ауылдың санитарлық тазалығына ат салысуда.

Ағымдағы жылы Теңге ауылын көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 11,947040 млн.теңге қаралды, ағаш отырғызу және талдарды суару әктеу, қиып ретке келтіру жұмыстары жасалды.



Теңге ауылында иесіз иттерді жою.

2015 жылдың қорытындысы ауыл аймақтарында жүрген иесіз 247 ит Жаңаөзен қалалық ауылшаруашылық және ветеринария бөліміне сұраныс беру арқылы жойылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан әр бір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілді.



Кәсіпкерлікті дамыту.

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, насихаттау жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен тығыз байланыста болу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орынымен бірлесе отырып, несие алып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға қолдау көрсетілуде. Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлер палатасы және «Даму», сонымен қатар «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ бірлестікте ауыл тұрғындары, ауыл кәсіпкерлерімен жиналыс өткізілді. Бұл түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Ауылдың азық – түлік дүкендерінде негізгі азық – түлік тауарларының түрлеріне бағаның өсуін тежеу мақсатында бағаларға мониторинг жүргізіліп отырады және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін төмендетілген бағамен ұсынып, негізгі азық – түлік тауарларына жәрмеңке ұйымдастырылды.
Халықты жұмыспен қамту.
2015жылы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөліміне 491 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның:



  1. Тұрақты жұмысқа – 146 адам;

  2. Қоғамдық жұмысқа – 161 адам;

  3. Жастар практикасына – 27 адам;

  4. Әлеуметтік жұмысқа – 33 адам;

  5. Қайта даярлауға – 1 адам.

Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын және «Өрлеу» жобасын халыққа түсіндіру мақсатында «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі » ұйымдастырылды.



Ауыл жастарының ішіндегі аз қамтылған отбасы балаларының жазғы демалыстарын тиімді өткізу мен материалдық тұрғыда қолдау мақсатында маусым – тамыз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ауылымызда ауыл жастары жұмыс жасады. Ауылымыздың жас буындары ауыл ішінде көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар.
Теңге ауылының С. Бегендікұлы және Тобанияз көшелерінің, М. Бегенов көшесінің, М.Жырау және Ө.Ноятұлы көшелерінің аралығы, Д.Тажиев және А.Оңғарбекұлы көшелерінің, Балуанияз көшесінің, А.Керейұлы көшесінің жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, ауылдың жұмыссыз 8 (сегіз) тұрғыны уақытша мезгілдік жұмыспен қамтылды. Жұмыстар аяқталды.

Теңге ауылындағы Достық Даңғылы, Нұрғиса Тілендиев, Рақымжан Қошқарбаев көшелеріне балалар ойнайтын алаң 3 комплект қондыруға бюджеттен 9,542 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде, ауылдың жұмыссыз 4 (төрт) тұрғыны уақытша мезгілдік жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Д.Даңғылы көшесіне балалар ойнайтын бір футбол алаңшасы орнатылды. Жұмыстар аяқталып нысан пайдалануға берілді.


Ауылдағы автомобиль жолдарының жағдайы, байланыс, электроэнергиямен, газбен қамтамасыз ету мәселелері.

Теңге ауылында 60 көше бар, халық саны – 16542.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 55,95 шақырым, оның ішінде асфальттанғаны 18,595 шақырымды құрайды.

2015жылы Теңге ауылы Қазақстан көшесіне асфальт төселді. Жалпы ұзындығы – 1,1 шақырым. Жергілікті бюджеттен 60 млн теңге қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталды.

Ауылда 2 телефон станциясы бар. Ауылдың батыс аумағынан сыйымдылығы 480 нөмерлі және орталық аумағынан 960 нөмерлі телефон станциясы жұмыс жасап тұр.

Бүгінге ауыл бойынша 1094 - жеке тұлға, 17 – заңды тұлға телефонмен қамтылып, бұл жалпы тұрғын үй санының 45 пайызын құрап отыр. Ғаламтор желісі - 19 тұрғын үйге және WiMax (сымсыз ғаламтор) желісіне 920 тұрғын қосылған. Ауылдың басқада телефон желісі жетпей қалған жерлерге, яғни қамтылмаған 55 пайызына, телефон желісін тарту жөнінде «Жастар Плюс» ЖШС жобалау, сызу, есептеу жұмыстарын аяқтады. Бюджеттен қаражат қарастырылса, ауыл толықтай телефонмен қамтамасыз етілетін болады. Ауылға «АЛТЕЛ» АҚ мекемесінің 4G жоғары жылдамдықтағы интернет антеналарының 3 данасын орнатылған, «ПЕТРОЛ – СЕРВИС» ЖШС-ның ғимаратының және "Ата мұра" мәдениет үйінің шатырларына орнатылды. Ауылдың батыс бөлігінде жер қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Теңге ауылының көшелеріне электр жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 49 көше қамтылып, 81,6% қамтылды.

Теңге ауылын электр энергиямен «МРЭК» АҚ және «ӨзенЭнергоСервис» МКК мекемелері қамтамасыз етеді.

«МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен ауыл бойынша 26 көшесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр желілерінің жалпы ұзындығы – 34,3 шақырымды құрайды. 2014 жылы № 3, № 6, № 7, № 9, №10 КТП жаңа КТПН-ға ауыстырылды. Сонымен қатар Ж.Мыңбаев көшесі және Сәттіғұл көшелеріне жаңа трансформатор қойылды. Ауыл ішіндегі электр энергиямен қамтамасыз етуші 2 дана КТПН күрделі жөндеуден және 5 дана КТПН ағымдағы жөндеуден өткізілсе, 2015жылы ескі ағаш бетон бағаналары 39 дана жаңа темір бетон бағаналармен ауыстырылды. «МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен Теңге ауылының 801 жеке тұрғын үйлердің электр есептегіші (АСКУЭ) және қосылу сымдары, 3,5шақырым АС-35 провод ауыстырылды.

«ӨзенЭнергоСервис» МКК ауылдың 34-көшесін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр желілерінің жалпы ұзындығы - 72 шақырымды құрайды.

Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы аясында ауыл аумағында электр энергия үйлестіруші пункті салынды және бағаналарды қою, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. Бюджеттен 78,353 млн.теңге қаражат бөлінді.

Бүгінде ауыл тұрғындары сумен, газбен және тоқпен толықтай қамтылып

отыр.
Қоғамдық тәртіп.

Тұрғындардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп және заңдылықты күшейту бойынша шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. Әртүрлі дәрежедегі құқық бұзушылықтарға хаттамалар толтырылып, айыппұлдар өндірілді.Теңге ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда.

Теңге ауылы Д. Даңғылы көшесіне бейне бақылау камерасы орнатылды.

Ауылда 3 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен қамтылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша есепте тұрғандар:



  1. Қылмыстық атқару инспекциясында – 16 адам тіркелген,

  2. Психикалық тұрғыдан сырқаттанған – 2 адам

  3. Профилактикалық есепте 76 адам тұр, оның ішінде:

    • Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар – 4 адам.

    • ішімдікке құмар адамдар – 42 адам

    • есірткі пайдаланатын – 13 адам

    • соттылығы жойылмағандар – 4 адам

    • әкімшілік қадағалауда – 1 адам

  1. Бұрын сотталғандар: 9 – адам

2015 жылдың 9 айы бойынша 34- құқық бұзушылық болып, оның ішінде:

    1. Ұрлық – 19,

    2. Бұзақылық жасағандар – 11.

    3. Қоғамдық орындарда – 14;

    4. Отбасы тыныштығын бұзғандар саны – 106


Мәдениет саласы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Нұржаубай Тәженов өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, «Ата мұра» МҮ мерекелік концертпен жалғасты. 2015 жылы мәдени шараға 1,435 млн. теңге қаржы бөлінді.

Білім беру саласы.
Білім бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, бұл ең алдымен интеллектуалдық әлеуметті дамыту.

Бүгінгі күні ауылда білім беру қызметін сыйымдылығы 856 орындық №14 орта мектепте – 784, сыйымдылығы 624 орындық №17 орта мектепте – 1089, сыйымдылығы 900 орындық №11 орта мектепте – 977 оқушы білім алуда.

Теңге ауылы бойынша 2014-2015 оқу жылында 9-11 сынып аралығында үздік оқыған оқушылар саны – 18. «Үздік аттестат» иегері – 1. «Үздік куәлік» иегері – 13.

«Мектепке жол – 2015» қайырымдылық акциясы аясында № 11, №14, № 17 орта мектептерде жағдайы жоқ, тұрмысы төмен (тұлдыр және жартылай жетім) 45 оқушыға көмек көрсетілді.



Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру бойынша сыйымдылығы 280 орындық №11 «Балдырған», 320 орындық №21 «Назерке» балабақшаларында барлығы 600 бала тәрбиеленіп отыр.

Алдағы кезеңге жоспарланған іс – шаралар туралы:


  1. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру;

  2. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

  3. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;

  4. Теңге ауылындағы М.Өскінбаев көшесінің жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу;

  5. Теңге ауылындағы М. Өскінбаев көшесі № 1үймен Қазақстан көшесінің аралығының жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  6. Теңге ауылындағы А. Оңғарбекұлы көшесі № 61 үймен Қазақстан көшесінің №55үй аралығының жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  7. Теңге ауылындағы Қ.Қорабайұлы көшесімен М.Бегенов көшесі №74 үй аралығының жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  8. Теңге ауылындағы Жангелді көшесінің жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  9. Теңге ауылындағы № 14 орта мектептің алдындағы алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  10. Ауылдың аяқталмаған жер учаскелері бойынша иженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

  11. Ауылдың көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттарын дайындау;



Құрметті ауыл тұрғындары!
Мен Сіздердің алдарыңызда өткен жылда атқарылған жұмыстарға есеп беріп, биылғы жылы алдымызда тұрған міндеттермен таныстырдым, бұл есеп беру ғана емес, сонымен бірге, өздеріңізбен пікір алысу. Сондықтан, сіздердің айтқан пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз біздің жұмыс жоспарымызда белгіленіп, алдағы уақытта жұмыс сапасын күшейте түседі деген ойдамыз.
Назарларыңызға рахмет!!!


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет