Атырау облысы прокуратурасы "Joint Technologies" ЖШС үкіметтік емес ұйымына 2 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған компания "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-мен жасалған шарттарды бұзған. 

"Joint Technologies" ЖШС-не "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нің 50% акциясын сатып алу кезінде ерекше шарттарды бұзғаны үшін айыппұл салынды”, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін сот қаулысымен "Парк" әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 3-1-бөлігі (Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi) бойынша 324 миллион теңге айыппұл салынды. 

  • "Қалтасын толтыруды ойлаған ол спортты қайтсін": Депутат Олимпиададағы төмен нәтижелерді ҰОК басшылығына Құлыбаевтың келуімен байланыстырады
  • Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең бай адамдар атанды

Еске сала кетейік, прокурорлық тексерудің қорытындысы бойынша 50 пайыздық үлес түріндегі жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылған болатын.

Joint Technologies әлі күнге дейін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нің қатысу үлесіне ие. Компанияның негізгі құрылтайшылары "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС және "КӨКСЕҢГІР" ЖШС.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Құлыбаев пен жұбайы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева ең бай қазақстандықтар тізімінде көш бастаған еді. 

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.