Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті Геннадий Головкин өзінің бұл қызметке сайлануына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Головкин өзіне ҰОК-ты басқаруға ұсыныс түскенде бір шартпен ғана келісім бергенін айтты.

“Мен үшін елімізді жаңа деңгейде таныту – үлкен мәртебе. Маған Ұлттық олимпиада комитеті басшылығына ұсыныс түскенде қазақ спортының дамуына өз үлесімді қосуға рұқсат беру шартымен ғана келісім бердім. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланғанмын. Өз көзқарасым, көп жылғы халықаралық тәжірибем, командам бар екенін атап өткім келеді. Ең бастысы, осының барлығын туған елімде жүзеге асыруға деген ықылас бұрыннан бар еді”, – дейді боксшы.

Бұған дейін Геннадий Головкин ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болып сайланғаны белгілі болды. 

  • Генадий Головкиннің байлығы мен айлық табысы белгілі болды
  • "Өтірік жұдырықтасты": Головкиннің жеңілісінен кейін қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді

2015 жылдан бері бұл қызметті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев атқарып келген. Басшылықтағы ауыс-түйіс комитетке қатысты сыни пікірлерден кейін болды.

Оның кандидатурасына Ұлттық олимпиада комитеті кезектен тыс жалпы ассамблеясының отырысында дауыс берген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Ол – орта және екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар санатында олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионы (2003). Кәсіпқойлар арасында IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылғаны хабарланған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.