Медициналық көмек, шығын көлемін және тариф саясатын жоспарлау қызметі денсаулық сақтау министрлігінің қайтарылады. Себебі медициналық көмек көлемі қалай айқындалатыны ашық емес. Ведомствоның алқа отырысында министрлік басшысы Ақмарал Әлназарова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Министр өзекті мәселелерді тізіп шықты: 

  • сақтандырылған тұлғалардың тегін медициналық көмекке қол жеткізе алмауы, мемлекеттік кепілдіктерін ақылы қызметтерге ауыстырып жіберу;
  • "қалта" шығындары үлесінің жоғары болуы;
  • медициналық қызметтердің сапасы лайық дәреже еместігі;
  • 6 миллионнан астам адамның жоспарлы медициналық көмек жүйесінен тыс болуы, ал оларды тарту шаралары қажетті нәтиже бермей отыр;
  • МӘМС жүйесінің ашықтығы, тиімділігінің төмен екені, медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақсыздығы.

Министр әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсеткен қызметтердің сапасын бақылау мен қамту 1%-дан аспайтынын атап өтті. 

"Қалыптасқан жағдайға тарифтер жүйесі жетілмегені, медициналық көмектің көлемін айқындау, оларды аумақтық бөлудің ашықтығы себеп болып отыр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен шұғыл әл-ауқат деңгейі бар адамдарды сақтандыру қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің қарауына медициналық көмек көлемін, шығыстар мен тарифтік саясатты жоспарлаудың мемлекеттік функциялары қайтарылады", — деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта босатылған қаражат басым бағыттарға қайта бөлініп, емдеу-диагностикалық процестер оңтайландырылады.

Сонымен қатар, медициналық көмектің бірыңғай пакетін әзірлеу үшін министрлік 1 сәуірге дейін медицина мен сарапшылар қауымдастығын тартады.

Қазір медициналық қызметтер көлемін және тариф саясатын жоспарлау, медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүктелген.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыстың жоғарғы шегін бес есе ұлғайтуды ұсынды. Қазақстандықтар заң жобасына қарсы шықты. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.