Технологическая карта урока



Дата03.05.2019
өлшемі62.48 Kb.
#130420
түріСабақ


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ»

ГККП «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ЭНЕРГЕТИКИ

И ЭЛЕКТРОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»
Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта занятия



Пән/Дисциплина информатика

Мерзімі/Дата 24.09.2012 Топ/Группа МЭН-12

Сабақтың №/Урок № 1.2.

Тақырыбы/Тема занятия Қоғамдағы ақпарттық үрдістер

Сабақтың мақсаты/Цель занятия

білімдік/образовательная Қоғамдағы ақпараттық үрдістірмен таныстыру. Ақпараттың қасиеттерін түрлерін үйрету. Ақпараттың қасиеттері және оны беру формаларын оқып үйрену. Санау жүйелері туралы түсінікті қалыптастыру.

дамытушылық /развивающая Оқушылардың логикалық ой өрісін дамыту

тәрбиелік/воспитательная Оқушылардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі/Тип занятия аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы/Обеспечение занятия

а) оқу-көрнекілік құралдар/учебно-наглядные пособия

презентация

б) үлестірмелі материалдар/раздаточный материал тапсырма жұмыстары тест жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар ___________________________________

в) ТОҚ /ТСО_________интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс/Межпредметная связь тарих

Қолданатың әдебиет/Литература к занятию

Негізгі/Основная Е.Балапанов. Информатика-дан 30 сабақ. §1.1-1.4. 17б

Қосымша/Дополнительная Н.Т. Ермеков, Криворучка, Стифутина «Информатика» (практикум) 10 сынып, М.Қ. Бөрібаев «Информатика» 10 сынып

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа на занятии «Ақпарттың өлшем бірлігін» есептеу

Сабақтың өту барысы/Ход занятия
Ұйымдасытру кезеңі/Организационный момент Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Проверка знаний и умений обучающихся



М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырма беріледі.
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Содержание и последовательность изложения новой темы



"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан,  мағынасында  мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы тірі организмдер мен ақпараттық жүйелер қабылдай алатын жаңалықтар.

Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды: көру (90%) есту, тілдесу, сезіну және иіс сезу.

  • Ақпараттың қасиеттері: сенімді;

  • толық;

  • құнды;

  • деркезінде орындалуы;

  • түсінікті;

  • қол жетімді;

  • қысқа;

Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады.

группа 6


Сигнал ақпарат көзінен қабылдаушыға берілетін ақпаратты материалды тасымалдаушы болып табылады.

Сигнал екі түрде болуы мүмкін дискретті және үздіксіз (аналогты).




Ақпараттың аналогты және дискретті формада берілуі:

Ақпараттың анологты және дискретті берілу формаларына мысал келтірейік.

X және У координатындағы жазық тегіс бетте және баспалдақ тәрізді бетте орналасқан дененің қозғалысын қарастырайық.

Дене жазық бетпен қозғалған жағдайда оның координат мәндері анықталған диапазонда үздіксіз өзгеріп отырады, ал баспалдақпен қозғалғанда тек анықталған мәндерге ие.

Аналогты ақпаратқа мысал ретінде түсі үздіксіз өзгеріп отыратын суретші шығармасы картинаны қарастыруға болады, ал сиябүріккіш (струйный) принтерімен басып шығарған жеке нүктелі бояулардан тұратын сурет дискретті ақпарат болып табылады.

Аналогты ақпаратты дискретті ақпаратқа түрлендіру процессі дискретизация деп аталады.

Яғни, дискретизация дегеніміз үздіксіз сигналды код түріндегі дискретті сигналға түрлендіру.
Ақпаратты тасымалдаушы кітап, журнал, ауа түйіршіктері, радиотолқын, қағаз, ағаш, метал, тас, кассета, дискета, фотосурет, слайд, ген және т.б. болуы мүмкін.

Ақпаратты беру формалары:

Мәтіндік - жазылған немесе басылған құжаттардағы ақпараттар.

Графикалық - картиналар, суреттер, фотосуреттер, графиктер, сызбалар, компьютер немесе теледидар экранындағы видеобейнелер.

Дыбыстық - сөз, музыка, дыбыстық эффектілер.

Сандық - санмен берілген мәліметтер.

Басқару - бұйрықтар мен инструкциялар.

Мультимедиялық - құрамында бірнеше түрлі ақпарат бар (кино)

Ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты пайдалану, сақтау, өңдеу, беру, іздеу процестері.



Ақпараттың өлшем бірлігі

Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір  бит    (ағыл. bit - binary digit - екілік сан) алуды ұсынды.

Есептеу техникасында бит дегеніміз мәліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті, компьютер жадының ең аз "бөлігі".

1 байт = 8 бит

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт,

1 Эксабайт (Эбайт) = 1024 Пбайт = 260 байт,

1 Зеттабайт (Збайт) = 1024 Эбайт = 270 байт,

1 Йоттабайт (Йбайт) = 1024 Збайт = 280 байт.

Ақпаратты кодтау

Ақпаратты бір формадан басқаға өзгерту процесінде кодтау жүзеге асырылады. Кодтау құралы ретінде екі түрлі белгілер жүйелеріндегі белгілер мен белгілер топтары үшін бірыңғай сәйкестендірілген кесте пайдаланылады.

Компьютер өңдейтін барлық ақпарат 0 және 1 екілік кодтау сандары көмегімен берілуі тиіс. Бұл екі символды екілік цифрлер немесе бит деп атау қабылданған.

Кодтау – кіріс ақпаратты компьютер қабылдайтын формаға түрлендіру, яғни екілік кодқа.

Декодтау – мәліметтерді екілік код түрінен адамға түсінікті формаға түрлендіру.

Кодтау кестесі

Компьютер альфавитіндегі барлық символға сәйкесінше реттік коды қойылған кесте, Кодтау кестесі деп аталады.

ЭЕМ типіне байланысты, әртүрлі кодтау пайдаланылады. IBM PC дамып, таралуына байланысты ASCII кодтау кестесі халықаралық стандарт болып қабылданды. ASCII (American Standart Code for Information Interchange) – ақпарат алмасуға арналған америкалық стандарт коды.




ASCII кодтау кестесі



Санау жүйесі

Объекттер саны туралы ақпаратты жазу үшін сандар қолданылады. Сандар арнайы символдар тобы көмегімен жазылады.



Санау жүйесі — цифр деп аталатын арнайы символдар көмегімен сандарды жазу әдісі.

Санау жүйелері түрлері

группа 1

Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты

Позициялық емес санау жүйесінде цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты емес.

Позициялық емес санау жүйесі

Позициялық емес санау жүйесіне мысал ретінде римдік санау жүйесін қарастыруға болады, бұл жүйеде цифрлердің орнына латын әріптері қолданылады:

1 саны I әрпімен өрнектеледі, V - 5, X - 10, L - 50, C - 100, D - 500, M -1000.

Басқа сандар осы цифрлердің қайталануымен жазылады.

Мысалы, II = 1 + 1 = 2, I тұрған орнына байланыссыз 1 санын білдіреді.

Мысалы: 1988 саны. Бір мың M, тоғыз жүз CM, сексен LXXX, сегіз VIII. Оларды бірге жазсақ: MCMLXXXVIII.

MCMLXXXVIII = 1000+(1000-100)+(50+10+10+10)+5+1+1+1 = 1988
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Закрепление нового материала, формирование умений и навыков



  1. Сандарды ондық санау жүйесінде жазыңыздар:

  • 110101012=

  • 111110102=

  • 5478=

  • 3648=

  • 14A16=

  • 1F6E16=

  1. Ақпарат дегеніміз не және оның өлшем бірліктері?

  2. Санау жүйесі дегеніміз не?

  3. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз?


Сабақтың қорытындысы/Подведение итогов занятия Кім ақпаратқа ие, сол адам бүкіл әлемге ие! Натан Ротшильд дегендей Ақпарат дегеніміз – белгілі бір нәрсе(адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Рефлексия

Бағалау/Оценка Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен көрсеткен біліміне қарай бағалау

Үй тапсырмасы/Домашнее задание Е.Балапанов. Информатика-дан 30 сабақ. §1.1-1.4. 17б. Оқу.

Санау жүйесіне есептер шығару.

Оқытушының қолы/Подпись преподавателя ____________________________________________

Ф.24 КП-05 СМК. АГКЭиЭТ. Технологическая карта занятия. Издание 2


Каталог: uploads -> doc -> 01d0
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет