Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевт ҰҚК-нің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің сот ісі барысы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: antikor.com

Ол істің сотта екенін, ал Самат Әбіштің Қазақстанда екенін айтты. 

“Мен іс сотта екенін білемін, өзі қайда десеңіздер, ол Қазақстанда. Тергеу жүріп жатқан кезде Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылды. Істің мәртебесі қандай десек, оны мен де айта алмаймын. Бұл іс туралы ақпарат маған да қолжетімді емес. Оның соттағы статусы қандай болуы мүмкін, сотталушы болар бәлкім”, — деді Әсет Шыңдалиев.

2024 жылдың 15 қаңтарында Самат Әбіштің ісі сотқа жіберілгені белгілі болды. Бұған дейін БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Түркияға көшіп кеткені туралы ақпарат шыққан болатын. Ал сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары Алматыда екенін және активтерді Қазақстанға қайтару бойынша тергеуге "жәрдем көрсетіп жатқанына” сендіреді.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілгенін жазған болатынбыз.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.