Технологическая карта урока



жүктеу 61.38 Kb.
Дата24.11.2017
өлшемі61.38 Kb.
түріСабақ


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ»

ГККП «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ЭНЕРГЕТИКИ

И ЭЛЕКТРОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»
Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта занятия



Пән/Дисциплина информатика

Мерзімі/Дата 22.10.2012 Топ/Группа МЭН-12

Сабақтың №/Урок № 2.2.

Тақырыбы/Тема занятия Жүйелік блогтың ішкі құрылғылары

Сабақтың мақсаты/Цель занятия

білімдік/образовательная Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.

дамытушылық /развивающая Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.

тәрбиелік/воспитательная Оқушыларды еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі/Тип занятия жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың қамтамасыздандырылуы/Обеспечение занятия

а) оқу-көрнекілік құралдар/учебно-наглядные пособия

презентация, электронды оқулық

б) үлестірмелі материалдар/раздаточный материал тапсырма жұмыстары тест жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар ___________________________________

в) ТОҚ /ТСО_________интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс/Межпредметная связь физика

Қолданатың әдебиет/Литература к занятию

Негізгі/Основная Е.Балапанов. Информатика-дан 30 сабақ. §2.2-2.3. 30-47 б.

Қосымша/Дополнительная Н.Т. Ермеков, Криворучка, Стифутина «Информатика» (практикум) 10 сынып, М.Қ. Бөрібаев «Информатика» 10 сынып

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа на занятии «Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары» презентация құру

Сабақтың өту барысы/Ход занятия
Ұйымдасытру кезеңі/Организационный момент Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Проверка знаний и умений обучающихся



М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырма беріледі.
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Содержание и последовательность изложения новой темы

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.

Компьютердің құрылғыларының блок-схемасы


Негізгі құрылғылары


  • Жүйелік қорап

  • Монитор

  • Пернетақта

  • Тінтуір

Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.

Жүйелік блок – Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары:



Аналық тақша

Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша – дербес компьютердің ең үлкен тақшасы. Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады.

Аналық тақшаның шинасы компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады.

Құрылғының атауы ағылшынша motherboard (mother – ана, board – тақта) деген сөзден бастау алады. Кейде қысқаша MB немесе mainboard – негізгі(жүйелік) тақша деп те аталады.
Процессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.


Орталық процессор

Орталық процессор (ОП) немесе орталық процесорлық құрылғы (ОПУ) (ағылш. central processing unit — CPU). Микропроцессор – дербес компьютердің негізгі микросхемасы. Барлық негізгі есептеулер осы микросхемада орындалады.

Чипсет

Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы
Оперативті жады
Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді уақытша сақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады.

Тұрғылықты диск

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.






СD және DVD диск жетектері

Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.




Сызбалық бейімдеуіш

Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар “Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады.

Бейнежады көлемі неғұрлым Үлкен болса, компьютер кескін дер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді.






Дыбыстық тақша

Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.


Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.


ТВ-тюнер

ТВ-тюнер (ағылш. TV tuner) – әр түрлі форматта таратылатын телевизиялық сигналдарды қабылдап, оларды компьютерде немесе бөлек орналасқан мониторда көру үшін қолданылатын құрылғы.



Енгізу-шығару порттары

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.

Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.



Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Закрепление нового материала, формирование умений и навыков



  1. Дербес компьютрердің құрылғыларын атаңыз?

  2. Жүйелік блогдың ішкі құрылғыларын атаңыз?

  3. Аналық тақша дегеніміз не және оның қызметін атаңыз?

  4. Ақпараттық кеңарна немесе шина дегеніміз не?

  5. Модем дегеніміз не?

  6. Пернетақта нешеге бөлінеді және оның қызметтерін атаңыз?

  7. Чипсети дегеніміз не?

Сабақтың қорытындысы/Подведение итогов занятия Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал

Рефлексия

Бағалау/Оценка Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен көрсеткен біліміне қарай бағалау

Үй тапсырмасы/Домашнее задание Е.Балапанов. Информатика-дан 30 сабақ. §2.2-2.3. 30-47 Оқытушының қолы/Подпись преподавателя ____________________________________________

Ф.24 КП-05 СМК. АГКЭиЭТ. Технологическая карта занятия. Издание 2


Каталог: uploads -> doc -> 01e4
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
01e4 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет