Алматыда алты жасар бала ағаларымен бірге ойын-сауық кешенінде батутта көңіл көтеріп, жасырынбақ ойнап жүріп, шахтаға құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Әбдірахманның ата-анасы сегіз жыл күткен ұлынан айырылып қала жаздады. 30 қазанда бала “Аватария” ойын-сауық кешенінде шахтаға құлап, жарақат алған. Жақындары кінәлілердің жазалануын талап етеді.

"Оның екі аяғының саусақтарын сынды. Миы шайқалып, қолтық астындағы бұлшықеттеріне зақым келді. Ол бір ай бойы жүре алмай, мүгедектер арбасында отырды. Біз соттың әділ болғанын қалаймыз. Біріншіден, тергеу біткенше “Аватарияның” қызметі тоқтатылуы керек”, – деді жәбірленушінің тәтесі Аделя Бөкетова. 

Бала бірнеше қабатқа ұшып, медициналық орталықтың шатырына құлапты. Оған алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетілген.

Шахтаға құлаған алты жасар бала шынтағына сүйеніп, ішке құлап, алты метрге ұшып кетті. Осы жағдайдан кейін ғана бұл жер тақтамен және суретпен жабылған. Ата-анасының айтуынша, баласы құлап қалғанына бір күн өтсе де бұл орын әлі ашық болған.
Ойын-сауық орталығының өкілдері барлық шығынды, соның ішінде өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқанымен, жәбірленушілер тым көп ақша сұраған көрінеді.

"Әрине, біз ата-аналардан кешірім сұраймыз, бірақ бұл іс әлі жалғасуда. Иә, бұл техникалық бөлме. Яғни, біз аздап қадағаламадық", – деді компания өкілі Елена Ким. 

Іс бойынша полиция жұмыс істеп жатыр.

“Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетудің негізінде Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс тергеп, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар полицейлер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тексеру жүргізу туралы өтініш жолдады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.