Тәжірбелік жұмыстарды орындағанда төменгі ережелерді ұстану қажет



Дата09.07.2018
өлшемі60.84 Kb.
#35840
түріБағдарламасы

Алғы сөз.

Ұсынылған әдістемелік жинақ физика пәнінің бағдарламасы бойынша оқытылатын тарауларға құрастырылды. Атқарылған жұмыстарда қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсіндіруге назар аударылды. Физика пәнін оқу барысында студент теориялық және тәжірибелік білімін ұштастыруға мүмкіндік беріледі. Осы өзара байланысты сезінуі арқылы студенттер табиғатта және қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды өздігінен түсіндіре білуіне жағдай жасалады. Бұл студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Тәжірибелік зерттеулік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін дәлелдеуге дағдыланумен қатар логикалық ой өрісі дамып,құбылыстарды зерттеуге деген қызығушылығы пайда болады. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында студенттің өздігінен ізденісі,оқуға деген құлшынысы артады.

Физика пәнінің күрделі заңдарын қарапайым қолжетімді құралдар арқылы тәжірибе жасау арқылы меңгеріп, ғылыми көзқарасы қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау нәтижесінде: құбылыстарды бақылау, тәжірибені жоспарлау, нәтижесін қорытындылау, шамалардың өзара байланысын көру,қортынды шығару т.б дағдылары қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін қайталап, жаңа құбылыстармен танысады.. Табиғат құбылыстарын зерттеп, түсіндіріп, қорытынды шығаруды үйренеді. Тәжірибелерді жасау арқылы студенттердің ғылымға деген көзқарасы артып, ізденісі,шығармашылығы қалыптасады. Өз жұмысын қорғау үшін презентациялар құрастырып, өз ойын толық жеткізуді үйренеді.

Сонымен қатар жұмыстарды қарапайым үй жағдайында орындауға толық мүмкіндіктері бар.

Тәжірибелік жұмыс тапсырмасы сыпайылылыққа назар аударту, сенімділікті қалыптастыруды көздеп «сіз» деп жазылды.

Тәжірбелік жұмыстарды орындағанда төменгі ережелерді ұстану қажет.

1.Тәжірибелік жұмысардың тақырыптарын өздігіен таңдау

2.Жұмыстың мақсатын өздігінен қалыптастыру. Мақсаты нақты,іздеген сұрақтың жауабына бағытталуы қажет.

3. Қолданылатын құрал жабдықтар тізімі

4. Жұмыстың орындалу барысы нақты көрсетілу.Зерттеу нәтижелерін белгілейтін кесте .


Іс-әрекет

бақылау

Сурет










Кейбір жұмыстың нәтижелері график түрінде де көрсетіледі.

5. Есептеу нәтижесіне байланысты әдіс-тәсілдер қолданылады.

6. Қорытынды: Мысалы:Тәжірибе барысында анықталғандай төмендегідей қорытынды шығарылады.(Қайдай нәтижелердің негізінде қорытынды шығарылғандығын тізіп жазу)

Қорытындыны студенттің қалауынша жазбаша, шығарма түрінде, кластер, тақпақ,сурет, сызба т.б түрінде шығаруға мүмкіндік беріледі.





МАЗМҰНЫ


  1. Алғы сөз. 1-3

  2. Тәжірибелік жұмыстар:

Молекула-кинетикалық теория негіздері.

Температура. Молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы

Термодинамика негіздері

Электродинамика

Электростатика

Магнит өрісі

Электромагниттік индукция

Тербелістер мен толқындар

Механикалық тербелістер

Оптика


3.Қолданылған әдебиеттер.



Тәжірибелік жұмыс №1 .

Беттік керілу коэффициентін анықтау.

Құрал жабдықтар: Салқын және ыстық су құйылған екі шыны ыдыс.(стақан), дәргерлік тамызғыш, бір кесек саз балшық,сымнан жасалған диметрі 3-4 см шығырық,сабын көпіршігі ,кішкене сабын, ұнтақ (тальк), аздаған тұз және қант,жіп.



Жұмысты орындау барысы:

1.Сазбалшықты шармен

а)Сазбалшықтан 2-3мм диаметрлі домалақ шар жасау.Сымнан жасалған шығырықтың көмегімен судың бетіне жасалған шарды абайлап салып, шардың айналасындағы су пішінін сызу қажет. Шардың айналасында болып жатқан құбылысты бақылап,су пішінін сызыңыз. Судың бетінде орналасқан шарға қандай күш әсер етеді? Шар неге судың бетіне ұсталып тұрады.

ә)Шарды ақырын суға батыру. Батырғанда қандай құбылыс байқадыңыз? Не себепті шар суға батады?

б)Шығырықтың көмегімен шарды судың бетіне орналастырып,дәргерлік тамызгышпен сабын көбігін тамызып, құбылысты мұқият бақылап, шардың батып кету себебін анықтап, қандай құбылысқа негізделгенін жазыңыз. Шар неге батып кетті?



2.Сымнан жасалған шығырық.

а)Сабын көбігі бар стаканға сымнан жасалған шығырықты салып, шығырықта сабын көбігі тұратындай етіп абайлап судан шығару.

ә)Шығырықтың жарты бөлігіне жіппен бөліңіз.. Құбылысты бақылап,қорытынды жазыңыз.

3. Тамызғышпен бақылау

а) Тамызғышқа су толтырыңыз. Оны стақанның үстіне ұстап, тамызғыштың резеңкесіне қысып, тамшы тамызыңыз.

ә)Тамшы қалай пайда болатынын бақылаңыз. Бұл құбылысты бақылап,суретін салыңыз. Тамшының бөлініп, құлап түсуіне неге уақыт қажет?


4. Сұйықтың беттік керілу күшінің сұйықтың температурасына және түріне тәуелділігін анықтау

1.Ермексаздан диаметрі 2-3см болатын шарды дайындаңыз. Сымнан жасалған шығырықтың көмегімен шарды суық суға, сосын ыстық суға салыңыз.

Тәжірибе нәтижесін салыстырып, түсіндіріңіз.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Судың беттік керілу коэффициенті температураға тәуелді ме? Қандай белгісіне қарап дәлелдей аласыз.

2. Стақандағы суық судың бетіне ұнтақты себіңіз.Ол үшін сүзгі мен жауып, су үстіне себу керек.

3. Судың бетіне сабынды тигізіп, қантты, содан соң тұз себіңіз Бұл құбылыстан нені бақыладыңыз.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабынмен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді?

2.Қантпен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді

3. Тұзбен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді



Қорытынды шығарып және мысал келтіріңіз._______________________________________________________________________
Тәжірибелік жұмыс №2.

Қажетті құралдар: суы бар стақан, су сорғыш қағаз,мата қиындысы,сызғыш, «Сұйықтың беттік керілу коэффициентін» кестесі.

Жұмысты орындау барысы:

  1. Сорғыш қағаз бен матаға бір-бірінен 0,5-1 см аралықта белгі қою. Бірдей уақытта белгі қойған жерге дейін суға батырып, екеуіндегі судің көтерілуін бақылаңыз?

  2. Судың көтерілуі тоқтаған кезде қай заттағы судың диаметрі үлкен екенін анықтаңыз.

  3. Қажетті мәліметтерді кестеге толтырып,екі заттағы сұйықтың ортаға жайылу диаметрін есептеңіз.

Сұйықтың жайылу диаметрін есептейтін формула:

  • -беттік керілу коэффициенті

  • -су тығыздығы

  • -Еркін түсу үдеуі

  • -Сұйықтың көтерілу биіктігі

4.Өлшеу нәтижесін кестеге толтырыңыз

Затттар

Белгіленген жерден төменгі көтерілу биіктігі

Сұйықтың диаметрі (мм)

Сорғыш қағаз







Мата







Бақылау сұрақтары:

1.Судың бетіне тамызылған май тамшысы неге дөңгеленіп тұрады?

2.Майлы қағазға неге қалам жазылмайды?

3.Сулы көйлек неге денге жабысып тұрады?

4. Орамал қолдану қандай физикалық құбылысқа негізделген?

5.0,5 мм радиусты түтікте спирт қандай биіктікке көтеріледі?



Кейбір заттардың беттік керілу коэффициенттері.(200С тепмературада)

Заттар

Беттік керілу коэффициенті

10-3Н/м



Азот қышқылы 70%

59,4

Анилин

42,9

Ацетон

23,7

Бензол

29,0

Су

72,8

Глицирин

59,4

Мұнай

26

Сынап

465

Күкірт қышқылы

57,4

Этил спирті

22,8

Сірке қышқылы

27,8

Эфир спирті

16,9

Судағы сабын көпіршігі

40

Қортынды шығарыңыз:_____________________
Жалғасы бар
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет