Тексерілді



Дата07.03.2018
өлшемі29.15 Kb.
#20300
түріСабақ




Пәні

Технология 10-сынып

Өтетін күні:

19.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Ағашты көркемдеп өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже

Ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен танысып, ойлау, танымдылық қабілеттері дамып, икемділік дағдылары қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.

Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұны мен таныстыру.

Сілтеме

Суреттер, құрал – саймандар.

Оқыту әдістері

Жеке жұмыс

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Технология кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері.

ІІІ.Жаңа сабақ

Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу,бағалай білу біздердің,кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.

Қасиетті қазақ даласында талай ұста,зергер, құсбегі, сал-сері, тігінші, өрімші, балгер-бақсы өтті.

Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, ұлытаудағы Алашахан, Аягөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ.

Өрнек дегеніміз-кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.

Ал ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері:

1.Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп мұқият тексеру (верстактың қысқыш қораптары т.б.)

2.Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.

3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

4.Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды, материалыңды

кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.


ІV.Сергіту сәті

Жұмбақтар шешу.

1.Азулы хайуан- темір ер,

Әндетіп сүйек кемірер.

(Ағаш кескіш ара)

2.Бір қыры- балта,

Бір қыры –балға.

Ағашты шапқан,

Шегені қаққан.

(Шаппа шот)

3. Қолға алсаң қызмет етер,

Бүтінді бөлшектеуге шебер.

( Пышақ)


4.Кедір-бұдыр тақтайды,

Тегістейді тілімен.

Жеген асын таппайды,

Шығар желке түбінен.

(Сүргі)

5. Болат түкті

Көсеу мықты

Тозаңдатып темірді үкті.

(Егеу)

6. Қалпақты жымырады,



Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрады.

(Балға)



V. Қорытынды

Материалдарды бекіту, сұрақтар.

1.Жазықтық ою дегеніміз не?

2.Мүсіндік ою дегеніміз не?

3.Жазықтық ою дегеніміз қалай түсінесің?



4.Ағаш өнерінің түрлерін ата.

VІ.Үй тапсырмасы

Ағаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәдесыйлық бұйымдар.

Каталог: uploads -> doc -> 0c2c
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c2c -> Сабақтың тақырыбы Аласа таулы өлкелер Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет