Атышулы блогер, кәсіпкер Айжан Байзақова күйеуін ел алдында жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Блогер оқырмандарымен жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, әңгіме өрбітті. Сұрақтардың дені – блогердің отбасы мен өткен өмірі. Ол күйеуінің жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, тұрмыс құрмаған қыздарға күйеуіндей жігіт жолығуын тіледі.

“Алла тағала әрбір әйелге осындай отағасыны нәсіп етсін. Не болса да мені оятпайды, бала қарауға қатты көмектеседі, түрім онша емес болған кезде де менің сұлулығыма тәнті болады. Әрине, мінсіз адам жоқ. Нұрбек – нағыз ер азамат. Бірақ уақыт өте келе мен оған үйренісіп кеттім. Кезінде оның асқан ер мінезділігіне ашуланатын едім. Бірінші жылы мен табиғатқа қарсы келіп, оны бағындырғым келді. Ал енді бұл ер азаматты құшақтап, еркелетіп жіберу керегін түсіндім. Соның арқасында ұрысымыз азайды", – деп жазды Байзақова.

  • "Келін болса сендей-ақ болсын": Айнұр Тұрсынбаева енесінің көзінше қар күреп, көпшілікті сүйсінтті

  • "Бұл қыз бақытыма жеткізді": Алтынай Жорабаева аналық арманының орындалғанын айтып, жан сырын ақтарды

Одан кейін, оқырманның бірі блогерден өткен өмірі туралы сұрады. Алайда Айжан бұрынғы өміріне оралғысы келмейтінін айтты. 

“Бұрынғы Байзақованы қатты сыйлаймын, жақсы көремін. Бірақ оны мүлдем сағынбаймын. Өткен өмірім агрессияға, ессіз қылыққа толы болды. Тіпті өміріме қауіп төнген кездер де болды. Мен желіде көп нәрсе көрсетпейтін едім. Бірақ басымнан көптеген қауіпті жағдай өтті. Кезінде қорқыныш деген мүлдем болмапты. Менімен келіспейтіндерді бірден балағаттап тастайтынмын. Алла мені құтқарып қалды. Аланды дүниеге әкелдім, өзгере бастадым. Қазір мен тыныш өмір сүргім келеді. Бұрынғыдай шулы ортада жүргім келмейді. Сол себепті өткен өміріме сағынышым жоқ", – деп жауап берді блогер. 

 Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Еске салайық, Айжан Байзақова інісінің әйелді ұру туралы пікіріне араша түскенін жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.