Телефон аппараттары


Спикерфонды телефон аппараттарына қосымша талаптар



жүктеу 0.9 Mb.
бет7/11
Дата19.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Спикерфонды телефон аппараттарына қосымша талаптар


  1. Микротелефон тұтұқасын алмай сөйлеу режіміндегі ТА-ның дауыс жіберу көрсеткіші (ДКжіб) 3-кестенің 1.1-п. көрсетілгендей 5 дБ жоғары болуы керек.

  2. Автоматты күшейту реттегішпен қамтылмаған ТА-ның микротелефон тұтқасын алмай сөйлеу режімінде дауыс қабылдау көрсеткішінің (ДКқаб) мәнін 3-кестенің 2-пунктісінде көрсеткен мәннен 10дБ кем мәнге дейін алатындай қолмен реттеу диапозоны болуы керек.

  3. Жіберуде сезгіштіктің жиіліктік сипаты ЖСжіб Б-қосымшасының Б.7-суретіне сәйкес келуі керек.

  4. Қабылдауда сезгіштіктің жиіліктік сипаты ЖСқаб Б-қосымшасының Б.8-суретіне сәйкес келуі керек.

  5. Жіберуде гормоникалық коэффициент 6 % аспауы керек.

  6. Қабылдауда гормоникалық коэффициент 12 % аспауы керек.

  7. Жиілік диапазоны 300 ден 3400 Гц дейінгі микротелефон тұтқасын алмай сөйлесу режіміндегі кіріс электрлік кедергінің модулі 450 ден 800 Ом аралығында болуы керек. Кедергі сипаты айтылмайды.



  1. Электрқорегіне қосымша талаптар





      1. Күрделілігі нөлінші және бірінші топтағы ТА-на бір фазалық электр желісінен орнатылған немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы қосымша қорек рұқсат етіледі.

      2. Айнымалы тоқтың кернеу параметрлері келесі мәндерге сәйкес келуі керек:

      1. номиналды кернеу 220 В;

      2. кернеудің өзгеру шектері 187 В ден 242 В дейін;

      3. кернеу жиілігі 50 Гц;

      4. жиіліктің өзгеру шектері 47,5 Гц тен 52,5 Гц дейін.

      1. ТА қосымша қорегі жоғалғанда кіріс шақыруларды қабылдау, шығыс шақырысында нөмірді теру және абонентпен сөйлесу режімі сақталып қалуы керек.

      2. АТС нан келетін ТА қорегінің кернеуінің полярлығы еркін болу керек және 6 тарауда орнатылған ережелер қорек кернеуінің кез-келген полярығында орындалады.
  1. Тұрақтылық талаптары

  1. Индустриалды радиобөгеуілдерге тұрақтылық талаптары





      1. Кернеуі 220 В жиілігі 50Гц айнымалы токты электрлік желісіне орнатылған немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы ТА қосатын қысқыштарындағы симметриялық емес радиобөгеуілдердегі кернеуі ГОСТ 30428 орнатқан В топтағы аппараттарға арналған мағынадан аспауы керек.

      2. АЖ қосылу үшін ТА шығатын сызықтық қысқыштардағы радиобөгеуілдегі жалпы симметриялық емес кернеу ГОСТ 30428 орнатқан В топтағы аппараттарға арналған мағынадан аспауы керек.

      3. Радиобөгеуілдер өрісінің кернеулігі В топтағы жабдықтар үшін СТ РК 2.17 орнатқан мәннен аспауы керек.



  1. Электромагниттік бөгеуілдерге тұрақтылық талаптары





  1. Электромагниттік бөгеуілдерге тұрақтылық сынақтарына мыналар жатады:

  1. сертификациялық сынақтарындағы сериялық шығарылатын және импортталатын ТА ;

  2. қабылдау сынақтарындағы жасалынған және өңделген ТА.

  1. ТА параметрлері 11-кестеде көрсетілген АЖ-да көрші электр желісінің индукциясы салдарынан пайда болған қысқа мерзімді айнымалы тоқтың кернеуіне [3] шыдауы керек.

  2. ТА параметрлері 11-кестеде көрсетілген АЖ электр желісімен тікелей жанасқаны салдарынан пайда болған айнымалы тоқтың кернеуіне [3] шыдауы керек.

  3. ТА сынақтың қатаңдық дәрежелерінде «сым-жер» сұлбасы бойынша көп энергиялы ҚР СТ ГОСТ Р 51317 4.5 сәйкес микросекундтық импульстық кедергі ықпалына шыдау керек:

  1. АЖ тізбегінде (симметриялық желілер) импульстың алғышебінің ұзақтығы 1мкс және импульстың ұзақтығы 50 мкс болғанда 1;

  2. АЖ тізбегінде (симметриялық желілер) импульстың алғышебінің ұзақтығы 6,5мкс және импульстың ұзақтығы 700 мкс болғанда 2;

  3. құрамдас немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін электрқорегінің тізбегінде импульстың алғышебінің ұзақтығы 1мкс және импульстың ұзақтығы 50мкс болғанда 2.

В - ТА жұмыс істеу сапасының критериі.

  1. ТА қатаң дәрежелі сынақтарда ҚР ГОСТ Р 51317.4.2-2008 бойынша электростатикалық айырылымдар әсер етуіне шыдауы керек:

  1. контактілі айырылымға 2;

  2. ауа айырылымына 3.

В – ТА жұмыс істеу сапасының критериі.

  1. Құрамдас немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА қатаң дәрежелі сынақтарда ҚР СТ ГОСТ Р 51317.4.11-2008 бойынша электр желісіндегі кернеудің динамикалық өзгерістерінің ықпал етуіне шыдауы керек:

  1. кернеу құлауына 2;

  2. кернеу үзіліміне 1;

  3. керне лақтырысына 2.

А – ТА жұмыс істеу сапасының критериі.
11 - кесте Айнымалы тоқ кернеуінің ықпалы


Әсер ету түрі

7.2.2-ке сай

7.2.3-ке сай

50 Гц жиілікте әсер ететін кернеу ОКМ-і, В

600 ± 10 %

230 ± 10 %

Кедергіні тудыратын (RВ) шығыс кедергісі, Ом

600 ± 10 %

10 ± 20 %

160 ± 10 %

600 ± 10 %


Әсер ету көлемі

5

әрбір RВ мәніне 1

Әсер ету ұзақтығы

0,2 c ± 5 %

15 мин ± 10 %

Әсер етудің қайталану периоды, с

60 ± 10 %



ТА жұмыс істеуінің сапа

B

D

Сынау схемасы

"сым – жер" және "сым – сым"

1 ЕСКЕРТПЕ Айнымалы токтың кернеу беруінің ұсынылған түрі А.10 көрсетілген.

2 ЕСКЕРТПЕ B критериі. Жұмыс істеу сапасының уақытша нашарлауы немесе кейін дұрыс жұмыс істеуінің қалпына келуі оператордың көмегінсіз жүзеге асқан орнатылған функцияның орындалуының тоқталуы.

3 ЕСКЕРТПЕ D критериі. ТА компоненттерінің зақымдануынан жұмыс істеу сапасының нашарлауы немесе орнатылған функцияның орындалуының тоқтауы. Қосымша ТА-ының жанып кету қауіпі болмау керек.

4 ЕСКЕРТПЕ ТА шақыруды күту режімінде және сөйлесу режімінде сыналуы керек.



  1. Каталог: images -> stories
    stories -> Конверттерді ашу хаттамасы
    stories -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
    stories -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
    stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
    stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
    stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
    stories -> Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті
    stories -> Ұсыныс беруге шақыру


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет