Қазақстанда әрбір мектеп жасындағы сегізінші бала кибербуллингке ұшырайды. Бұған HBSC ұйымының "Мектеп жасындағы балалардың денсаулық тәртібі" халықаралық зерттеуінің деректері дәлел. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: news.myseldon.com

Зерттеу нәтижелерін 27 наурызда Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы таратқан.

"Жасөспірімдердің шамамен 11%-ы (9-дан 1-і) басқа адамдардың қорқытуына ұшыраған. Ұлдар (14%) қыздарға (8%) қарағанда кибербуллингке көбірек ұшыраған. Қазақстандық жасөспірімдердің 13%-ы (шамамен 8-ден 1-і) киберқорқытуды бастан өткерген, қыздарға (12%) қарағанда ұлдардың көрсеткігі (15%) жоғарырақ", – делінген хабарламада.

  • "Түнде бұтына жіберетінді шығарды": Талғарда мектептегі буллингтен өзіне суицид жасамақ болған баланың анасы мектептің немқұрайлылық танытқанына наразы
  • “Нақұрыс, кеще, еркекқұмар” деп атайды: Өскемен тұрғыны 10 жастағы ұлы мектепте буллингке ұшырағанын мәлімдеді

Қазақстан бойынша негізгі деректер:

  • Мектептегі қорқыту – орта есеппен 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5%-ы мектепте қорқытуға тап болады. Бұл қыздарға (4%) қарағанда ұлдарда (6%) жиі кездеседі;
  • Мектептегі қорқытудың құрбандары – жасөспірімдердің шамамен 7%-ы мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ұлдар мен қыздар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ;
  • Әлеуметтік теңсіздік – аз қамтылған отбасылардағы жасөспірімдермен салыстырғанда, табысы жоғары отбасылардан шыққан жасөспірімдер өздерінің құрдастары тарапынан қорқытуға және киберқорлауға көбірек ұшырайды;
  • Физикалық төбелес – әрбір он үшінші жасөспірім физикалық соққы алған. Ұлдардың 12 пайызы, қыздардың 4 пайызы төбелеске қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кәмелетке толмаған балаға буллинг жасағаны үшін 110 мың теңгеге дейін айыппұл салу жоспарланып отырғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.