Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиниятпен кездескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

“Ажар Ғиният екеуіміз кездестік. Біз әріптеспіз және көп жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Әр кезеңде ведомство басшысына белгілі бір тапсырмалар жүктеледі. Ажар Ғиният басшылыққа короновирус кезінде келіп, оның қызметі жедел басқаруға бағытталды. Байқағанымызда, вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялар бар. 2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге жұмыс істедік. Сол себепті біз міндетті түрде оның тәжірибесіне жүгінеміз. Ол денсаулық сақтау жүйесінде қалады деп ойлаймын”, – дейді Ақмарал Әлназарова. 

“Ажар Ғиният сізге қандай да бір кеңес берді ме?” деген журналистер сауалына ол: “Нақты кеңестер болғанда … аппараттағы жағдайды жұмыс барысында көрерсіздер. Қандай да бір сауалдарыңыз болса мен кез келген уақытта жауап беруге дайынмын. Барлық ұсыныс ескеріледі. Ажар Ғиният өзіне жүктелген міндетерді лайықты атқарып шықты”, – деп жауап берді денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.