Абай облысында боранда мал іздеймін деп шығып жоғалып кеткен Мерей аман-есен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бала Аягөз қаласының шегінен табылған.

“ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтты”, – делінген хабарламада. 

Полиция Мерейдің отбасымен түскен фотосын таратты. Сондай-ақ оған медициналық көмек қажет болмаған. 

Еске сала кетсек, 8 жасар Мерей бүгін таңертең атпен мал іздеуге шығып кеткен. Баланың кешке үйге келмегеніне алаңдаған ата-анасы өз беттерінше іздеу жүргізген, бірақ таба алмаған соң полицияға жүгінген. 

Полиция баланы іздеу жұмыстарын дереу бастаған.15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы іздеуге шыққан. Полицейлерден басқа іздестіру жұмыстарына еріктілер, ауыл және аудан тұрғындары белсенді қатысты. 

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың тапсырмасы бойынша іздеу жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы қосылатыны айтылған. Сондай-ақ қорғаныс министрлігімен келісе отырып, 10810 әскери бөлімінің күштері іздеуге тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖД қосымша күштері жіберілді.

 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.