Сауда министрі жұмыртқа бағасына қатысты сауалға жауап беріп, Қазақстанда қоғамдық тамақтану қызметі мен азық-түлік өнімдері бағасы Еуропадағы бағаға жақындағанына күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Арман Шаққалиевтің сөзінше, бүкіл әлемде инфляция өсіп жатыр, осы кезеңде Қазақстан өзін лайық деңгейде ұстап қалды. 

"Біз қазір өңір немесе әлем бойынша да нашар деңгейде емеспіз. Бәрі сіздің талғамыңызға, қаржылық жағдайыңызға байланысты", – деп атап өтті ол. 

Сондай-ақ министр таяу немесе алыс шетелдегі азық-түлік бағасы қаншалықты өскеніне тоқталды. Оның сөзінше, Орталық Азиядағы көршілерде азық-түлік инфляциясы орташа есеппен 10% болса, Түркияда 70% жеткен. 

Шаққалиев жұмыртқа бағасына қатысты сауалға нақтырақ жауап берді. 

"Жұмыртқа бағасын бақылап отырмыз, 2,5 процентке өскенін жасырмаймыз. Оған қыста тұтынушылар саны артатыны себеп. Сондықтан бұл жағдайды маусымдық өсім деп айтуға болады", – деді министр. 

Кеше сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу жүйесінен бас тартуына не себеп екенін түсіндірді.

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев басқарушы элитаның 2023 жылғы рейтингінде жұмысы тиімсіз 10 министрдің қатарына кіргенін жазып, қос министр рейтинг тізімінде берілген бағаны қалай қабылдайтынын айтқан еді. 

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.