Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды. Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр”, – делінген жұма күні тараған ақпаратта.

Ұлттық Құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган екенін айта кетейік. Ұлттық Құрылтайдың басты мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.