Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банк бірлесе жұмыс істеуі керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

“Экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек нарық талаптарына сай қолдану керек. Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған. Бұл іске тиісті сараптама жасай алатын және қажет инфрақұрылымы бар екінші деңгейдегі банктерді белсенді түрде тарту керек”, – дейді президент.

Ол банктерді экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру қажет екенін еске салды.

“Үкімет пен Ұлттық банк өзара тығыз ынтымақтасып, бұл жұмысты бірлесе жүргізуге тиіс. Жалпы, Ұлттық банк инфляция үдерісі мен экономиканың өсімін бақылап отыруды көздейтін тиімді жалпымемлекеттік саясатты ұстануы керек", – деді Тоқаев.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.