Қаржылық мониториг агенттігі жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операциялар, яғни сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысу, Р2Р арқылы операциялар жүргізгенін байқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Bybit

Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыс жасау кезінде қолданылады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында:

  • қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.)
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу)
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер) тыйым салынғанын еске саламыз.

Осы тыйымның тек "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметіне қатысы болмайды.

Көкейде сұрақтарыңыз болса қаржылық мониторинг агенттігінің 14-58 Call-орталығына хабарласыңыз.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.