Желіде отандық киноиндустрияның жұлдыздары Айдар Асқарбек пен Анара Батырханның видеосы қызу талқыға түсті. Тікелей эфирде Айдар Асқарбек әріптесіне ғашық болып қалғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: ашық дереккөз

Айдар Асқарбек “Сакура гүлдегенде…” фильмі арқылы қалың көпшілікке танылды. 

“Мен саған ғашық болып қалдым. Не болды? Күтпедің бе? Әлде бұл сөздердің басқа мағынасы бар ме еді?”, – деп айтты актер. 

Әріптесінің тосыннан білдірген сезіміне Анара таңданып қалды. 

“1400 адамның алдында айтпайтын шығарсың. Біз дос едік қой. Мына сөзіңді жеке отырғанда да айтсаң болады ғой”, – деп ренжіді актриса. 

Желі қолданушылары бірі Айдарды жақтап жатса, енді бірі Анараны тең емес деген пікірде. 

“Анараны қайтесің Жарқынайыңа қайта қосыл. “Анараға үйлену үшін айына 20 миллион табуың керек”, “Бұл қыз өте дөрекі, келін болатын қыз емес”, “Пранк сияқты”, “Жұптың иісі шығып тұрған жоқ”– деп жазып жатыр қос әртістің оқырмандары. 

@aaaiauly #айдарасқарбек #жарқынайханайым #анарабатырхан ♬ оригинальный звук — Аяулы


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.